Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

AMANAT партиясы мен Кәсіподақтар федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

AMANAT партиясы мен Кәсіподақтар федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әлеуметтік әріптестікті дамыту, азаматтардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, еңбек саласындағы сындарлы диалогты нығайту – бұл нормалар бүгін «AMANAT» партиясы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумда бекітілген негізгі қағидаттар. Құжат ұжымдық-шарттық қатынастарды дамыту, қызметкерлерге құқықтық қолдау көрсету, еңбек және әлеуметтік заңнамаларын жетілдіру бағыттарында ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл қағидаларын айқындайды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қол қою рәсіміне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатысты.

Іс-шара барысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жұмысшы мамандықтарын қолдау – партия негізгі басымдықтарының бірі екенін, оның практикалық қызметте де, заң шығару жұмысында да көрініс табатынын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл ел дамуы жолындағы еңбек адамының стратегиялық рөлін, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудағы маңызын, сондай-ақ қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажеттілігін айқындайды. Бүгінгі меморандум тараптардың сындарлы диалогқа негізделген жүйелі әрі кәсіби бірлескен практикалық жұмысқа дайын екенін және осы бағыттағы ортақ түсінігін көрсетеді», – деді ол.

Ол еңбек адамына қолдау көрсету және әлеуметтік әріптестіктің орнықты тетіктерін дамыту «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасында және 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында бекітілгенін еске салды. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында партия еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, жұмысшы жастар форумдары және басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар биыл Үкіметпен бірлесіп, жұмысшы жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге және олардың кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған «Жұмысшы жастар аманаты» атты ауқымды жобасы іске қосылды.

Атқарушы хатшы Кәсіподақтар федерациясы еңбек ұжымдарының мүддесін қорғай отырып, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқығын қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік жүйесінің жетекші институты ретіндегі шешуші рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бұл меморандум сенім, лайықты еңбек және әлеуметтік әділеттілік сияқты ортақ құндылықтарға негізделіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясымен ынтымақтастық бүгінде нақты нәтиже беріп, еңбек адамының құқығын қорғау мәселесінде партиялық және кәсіподақтық күн тәртібінің үйлесетінін көрсетіп отыр.

«AMANAT» партиясы әрдайым халықпен бірге, халық үшін еңбек етіп келеді. Бүгінгі ынтымақтастық үш қағидатқа негізделеді: сенім, лайықты еңбек және әлеуметтік әділеттілік. Лайықты еңбек – сенімнен басталады және ашық диалог, ұжымдық шарттар, салалық және өңірлік келісімдер, кеңестер мен цифрлық бақылау құралдары арқылы жүзеге асады. Жалпы еңбек лайықты  бағалануға тиіс және бұл сөзбен емес, нақты істерден көрініс табуы қажет: еңбекақының лайықты деңгейі, қауіпсіз еңбек жағдайы, адам құқықығының қорғалуы және мүмкіндігінің кеңейтілуі. «AMANAT» партиясымен меморандумға қол қою – сенім қалыптастыруға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және еңбек адамының игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Сондай-ақ ол бүгінде барлық деңгейдегі мәслихатта кәсіподақтық платформа бойынша 247 депутат еңбек адамдарының мүддесін қорғап отырғанын, олардың 93 пайызы «AMANAT» партиясының мүшелері екенін айтты. Федерация төрағасының пікірінше, бұл партияның халықпен бірге екенін айқын дәлелдейді. 

Тараптар қол жеткізілген келісімдер әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және еңбек адамдарының мүддесін қорғауға ықпал ететініне сенім білдірді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 16:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары