Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Американдық азамат Қазақстанда оны нағыз мәдени шок күткенін мойындады

Американдық азамат Қазақстанда оны нағыз мәдени шок күткенін мойындады

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Америкалық саяхатшы Лейн Гнейтинг әлемнің 57 елінде болған, бірақ Қазақстандағыдай қонақжайлылық деңгейін еш жерде кездестірмегенін айтады. Велосаяхат кезінде бейтаныс адамдар оған көмектесу үшін тоқтап отырған: тамақ беріп, киімін тігіп, үйіне шақырып, дәм татқызып, сыйлықсыз жібермеген. Ол Tengri Travel тілшісіне өз әсерлерін бөлісті.

20 күнде - Өзбекстаннан Түркістанға дейін

Аризонадан келген 57 жастағы велосипедші сәуірде Өзбекстан мен Қазақстанды жалғыз шарлап шықты. 20 күн ішінде ол Үргеніштен Түркістанға дейінгі маршрутты еңсерді.

Видеоларының бірінде ол Сарыағаш тұрғындарының шекарадан өткен бойда көмек ұсынғаны туралы айтты. Дәл сол сәтте ол газдалған сусын сатып алғысы келіп тұрған екен. Бірақ ештеңе сатып алудың қажеті болмай шықты.

"Мен: "Сәлем, сәлем, Қазақстанға қош келдің!" деген дауысты естідім. Олар маған сусын, су және үш самса берді. Біз суретке түсіп, біраз сөйлестік те, мен ары қарай жол тарттым", - дейді ол видеода.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Layne Gneiting - eol (@exciting.gneiting)

Фотоны материал кейіпкері ұсынды

Киімін тегін тігіп беріп, жолда тамақтандырған

Тосынсый мұнымен бітпеді.

Шымкентте қонақүй қызметкері саяхатшының велошорты жыртылып қалғанын байқап, сұрамаса да, тігіп берген.

"Шымкентте қонақүйге тоқтадым, кір жуумен айналысатын әйел менің велошортымның бір жері сөгіліп кеткенін көріп қалыпты. Ешқандай ақы дәметпестен, оны жөндеп берді. Қазір жап-жаңа сияқты! Ол мұны ешкім айтпаса да, өз бастамасымен, тек ізеттілігінен істеді. Бұл қызметі үшін ақша ұсынғанымда, ол бас тартты", - деп бөлісті саяхатшы.

Кейін қала шетіндегі шағын дүкен иесі америкалықты қонаққа шақырып, балмұздақ, шоколад және тамақ берген. Сондай-ақ оның күн астында қорғанышсыз келе жатқанын көріп, бас киім сыйлаған.

"Шымкент әуежайына жақын жердегі саябаққа суретке түсіп, ойларымды күнделікке жазу үшін тоқтадым. Көшенің арғы бетіндегі дүкен иесі мені шақырып алып, балмұздақ, шоколад, тамақ беріп, бас киім сыйлады. Ол менің басымда ештеңе жоқ екенін байқап, бас киімді сыйға алуымды өтінді", - деді Лейн.

Тағы бір жағдай Шымкент пен Арыс арасында болған. Лейн автобус аялдамасында демалып отырғанда, жергілікті тұрғын оны базардағы әпкесіне ертіп апарған.

"Бір ер адам жолдың арғы бетіндегі әпкесінің базарына баруымды өтінді. Ол жерде маған тамақ пен сусын берді, ал бір топ бала сәлемдесуге және бірге суретке түсуге жүгіріп келді", - деді велосипедші.

Дастарқан, сарқыт және отбасылық таңғы ас

Қазығұрт маңында бір жүргізуші тоқтап, саяхатшыға көмектеспек болып, оны жергілікті қонақүйлердің біріне апарған.

Ол жерде Лейнді дастарқанға отырғызып, тамақтандырып, жолға шығар алдында бір пакет сарқыт беріп жіберген.

"Мен ондаған адам түстеніп жатқан үлкен қонақүйге бардым. Мені ішке кіргізіп, дастарқанға отырғызды, алдыма үлкен табақпен тамақ тартылды, соңынан дәмге толы сөмкемен шығарып салды", - деді саяхатшы.

Америкалық тағы бір түнді шағын ауылда өткізді, онда оған футбол алаңына шатыр тігуге рұқсат берілген.

Таңертең жергілікті тұрғындардың бірі қонақты оятып, үйіне таңғы асқа шақырды.

"Мен оның отбасымен, қызымен және немерелерімен таныстым. Дәмді таңғы ас ішіп қана қоймай, осы керемет балалардың жылы лебізі мен құшағына бөлендім", - деп бөлісті Лейн.

Фотоны материал кейіпкері ұсынды

"Мұндайды еш жерде көрмегенмін"

Қазақстандағы саяхаты кезінде алған әсерін Лейн әлі күнге дейін сөзбен айтып жеткізе алмайды. Оның айтуынша, мәселе тамақ немесе жолдағы көмекте ғана емес, адамдардың қарым-қатынасында болған. Бейтаныс адамдар тоқтап, оның бағытын сұрап, тамақ, су, қонатын жер ұсынып немесе жай ғана жағдайының жақсы екеніне көз жеткізгісі келген.

"Мен бүкіл әлемді шарладым. Адамдардың мейірімділігі мені таңғалдырмайды - мен оны көптеген елде кездестірдім. Бірақ Қазақстандағыдай жаппай қонақжайлылық пен жомарттықты еш жерде сезінген емеспін", - деді Лейн.

Саяхатшы мұндай кездесулер Грекия, Үндістан, Өзбекстан, Марокко және Түркияда да болғанын айтады. Алайда, Қазақстанда адамдардың көмекке жиі тоқтағаны соншалық, бұл бүкіл сапардың ең басты әсеріне айналды.

Саяхатшының айтуынша, дәл осы жерде ол адам баласының мейірімділігі елге немесе мәдениетке байланысты емес екеніне тағы бір мәрте көз жеткізген.

"Дүниежүзі бойынша маған тамақ, су немесе түнейтін жер ұсынған кездер болған. Бірақ Қазақстанда мұның бәрі бұрын-соңды байқалмаған ауқымда болды", - деп түйіндеді ол.

Сонымен қатар Лейн жолай кездестірген жандардың барлығына алғыс айтты. Ол адамдардың ешқандай алғыс күтпестен немесе жақсы көріну үшін емес, мұны қалыпты жағдай санап, жанқиярлықпен көмектескені өзіне қатты әсер еткенін жеткізді.

Қазір Лейн АҚШ-тағы үйіне оралды. Дегенмен, оның айтуынша, ол Қазақстан бойынша саяхатын жалғастырғысы келеді. Видео жарияланғаннан кейін оған еліміздің түрлі өңірінен көптеген шақырту түскен - адамдар оны қонаққа шақырып, бірге кешкі ас ішуді немесе келесі сапарында өз үйлеріне тоқтауды ұсынып жатыр.

Бұған дейін канадалық саяхатшы Серена Қазақстанда он күн болып, қалаларды автостоппен аралаған еді. Сапардан кейін ол жол, жергілікті тұрғындар мен қауіпсіздік туралы алған әсерлерін бөлісіп, не нәрсе ерекше таңғалдырғанын айтты.

Тағы оқыңыз: “Әлемдік даңққа лайық“. Белгілі фотограф Маңғыстау несімен таңғалдырғанын айтты

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 16:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары