Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Биыл Әміре Қашаубаевтың Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысқанына 101 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде оның Франция сапарына қатысты көптеген зерттеулер жарық көргенімен, шетел мұрағаттарынан жаңа деректер әлі де табылып келеді. Бүгін біз оқырман назарына сондай материалдардың бір тобын ұсынып отырмыз. Әрине, мұны бұрын мүлде белгісіз болған сенсациялық жаңалық деу дұрыс болмас. Себебі бұл француз баспасөзіндегі жарияланымдар туралы мәліметтерді Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінде қызмет атқарған дипломат Әсет Әбдірахманов осыдан бірнеше жыл бұрын «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған болатын.

Біздің жариялап отырған материалдың ерекшелігі – сол мақалаларға сілтеме жасау емес, француз газеттерінің түпнұсқа беттерін көрсетуінде. Яғни оқырман алғаш рет 1925 жылы жарық көрген басылымдардың өзінен «Әміре Қашаубаев» деген жазуды, концерт бағдарламасын және француз музыка сыншыларының пікірлерін сол күйінде көре алады.

Осы уақытқа дейін қазақ тіліндегі еңбектерде бұл жарияланымдардың мазмұны аталғанымен, француз басылымдарының түпнұсқа беттері ғылыми айналымға да, көпшілік оқырманға да толық ұсыныла қойған жоқ. Сондықтан төменде беріліп отырған материалдар Әміре Қашаубаевтың Париждегі өнерін сол кезеңдегі француз баспасөзі қалай қабылдағанын түпнұсқа деректер негізінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Концертке дейін. Әміре Қашаубаевтың Париждегі концерттеріне қатысты алғашқы жарияланған деректердің бірі La Semaine à Paris апталық журналында кездеседі. Басылым өзін Journal illustré hebdomadaire («иллюстрациялық апталық журнал») ретінде таныстырып, Парижде өтетін мәдени іс-шаралардың афишалары мен бағдарламаларын тұрақты түрде жариялап отырған. Қарастырылып отырған сан – №164, 1925 жылғы 17–24 шілде аралығына арналған.

Журналдың 40-бетінде Париждегі Comœdia театрында өтетін «Semaine d’Art ethnographique russe» («Орыс этнографиялық өнер апталығы») аясындағы концерттердің бағдарламасы берілген. Концерттердің өтетін уақыты нақты көрсетілген: 17 шілде (жұма) сағат 21:00-де және 18 шілде (сенбі) сағат 15:00-де.

Бағдарламада кеңестік делегация құрамындағы әр орындаушының репертуары жеке-жеке берілген. Онда Иван Грозный туралы баллада, татар, белорус, башқұрт, украин, өзбек және кавказ халықтарының әндері мен билері көрсетілген.

Әміре Қашаубаев бағдарламада «M. Amré Kaschalbaeff» деп жазылып, мынадай сипаттамамен енгізілген:

Chansons Kirghiz (M. Amré Kaschalbaeff), s'accompagnant avec l'instrument national Doumbra.

Яғни:

«Қырғыз әндері – Әміре Қашаубаевтың орындауында. Ол өзін ұлттық домбыра аспабымен сүйемелдейді.»

Бұл дерек бірнеше маңызды ақпарат береді. Біріншіден, Әміренің тегі француз тілінде Kaschalbaeff түрінде транскрипцияланған. Екіншіден, ол сол кезеңдегі халықаралық тәжірибеге сәйкес «Kirghiz» (қырғыз) атауымен көрсетілген. Үшіншіден, бағдарламаның өзінде-ақ оның орындауы домбырамен сүйемелденетіні арнайы аталып, қазақтың ұлттық аспабы француз оқырманына Doumbra атауымен таныстырылған.

Осылайша, La Semaine à Paris журналы Әміренің Париждегі концерттерінің ең алғашқы ресми афишалық деректерінің бірі болып табылады.

Алғашқы концерттен кейін. Әміре Қашаубаевтың Париждегі алғашқы концерті өткен күні француздың театр және өнерге маманданған Comœdia газетінде арнайы мақала жарияланды. Басылымның қарастырылып отырған саны 1925 жылғы 17 шілдеде жарық көрген №4492 саны болып табылады. Мақала газеттің бірінші бетінде жарияланып, «La Grande Semaine d’Art Ethnographique Russe» («Орыс этнографиялық өнерінің үлкен апталығы») деген тақырыппен берілген. Авторы – француз композиторы әрі музыка сыншысы Paul Le Flem.

Мақалада концертке қатысқан орындаушылардың өнері жеке бағаланады. Автор ұлыорыс, татар, украин, башқұрт және өзбек орындаушыларына тоқталғаннан кейін Әміре туралы былай деп жазады:

«Қашаубаев орындаған қырғыз әндері өзінің қарапайым қалпын сақтай отырып ерекше әсер қалдырды. Ол бұл әндерді ұзын мойынды домбырамен сүйемелдеп орындады. Осы әндердің өзінде шексіз дала мен кең көкжиектердің поэзиясы сезіледі»

Бұдан кейін автор домбыраны жеке сипаттап, оны ұлттық музыкалық аспап ретінде атап өтеді. Десе де біздің ойымызша, бұл жерде автор қазақтың домбырасы емес, орыстың домра аспабы жайлы жазған. Өйткені Любимовтың ансамблі сол домрашылардан тұрған.

Біздіңше, бұл жерде үш маңызды жәйт бар. Біріншіден, ол концерт өткен күні жарияланып, француз оқырмандарын этнографиялық өнер апталығымен таныстырды. Екіншіден, бұл кәсіби музыка сыншысының концерт туралы алғашқы рецензиясы. Үшіншіден, мақалада қазақ әндерінің көркемдік ерекшелігі алғаш рет француз баспасөзінде «дала поэзиясымен» байланыстырылып сипатталған.

Соңғы концерт. Әміренің Париждегі концерттері туралы үшінші маңызды дерек француздың La Liberté газетінде жарияланды. Бұл басылым Парижде шығатын күнделікті газет болған және өзін «Le plus lu des journaux du soir» («Кешкі газеттердің ең көп оқылатын басылымы») деп таныстырған. Қарастырылып отырған саны – 1925 жылғы 25 шілде, №22365, екінші басылым (2e édition). Әміреге қатысты материал екінші бетте, «Concerts» айдарымен жарық көрген.

Мақалада Comœdia театрында өткен концерттердің жалпы қорытындысы беріледі. Автор этнографиялық өнер апталығының маусымның соңында ұйымдастырылғанына өкініш білдіре отырып, оған қарамастан концерттердің үлкен қызығушылық тудырғанын жазады.

Әміре туралы бөлімде:

«Қашаубаев деп аталатын қырғыз орындаушысы өте қарапайым музыкалық аспаппен өзін сүйемелдей отырып, алыстағы шексіз далада жаңғырып тұрғандай әсер қалдыратын мұңды әндерді орындады», – деп сипаттайды.

Одан әрі мақалада башқұрт, украин, кавказ және өзбек орындаушыларының өнері бағаланып, концерт бағдарламасының жоғары деңгейде өткені айтылады. Автор соңында бұл ұжымның Парижге келесі маусымда қайта келуіне тілек білдіреді.

Бұл жарияланымның ерекшелігі – ол концерттердің аяқталуынан кейін жазылған қорытынды рецензия болып табылады. Егер La Semaine à Paris концертердің ресми бағдарламасын жарияласа, Comœdia алғашқы концерттен кейінгі кәсіби пікірді ұсынған. Ал La Liberté этнографиялық өнер апталығының жалпы нәтижесін бағалап, оның Париж көрермендері арасында табысты өткенін атап көрсетеді. Осы үш басылымды салыстыра қарастыру Әміре Қашаубаевтың Париждегі өнер көрсетуінің афишадан бастап концерттік сынға дейінгі толық ақпараттық көрінісін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Келесі жылы Әміре Қашаубаевтың Германияның Франкфурт қаласында өнер көрсеткеніне тура 100 жыл толады. Дегенмен оның 1927 жылғы осы сапары бүгінге дейін Париждегі гастролімен салыстырғанда әлдеқайда аз зерттелген. Бізге әзірге оның Франкфурттағы халықаралық көрмеге қатысқаны, бірнеше концерт бергені және өнер көрсетуі жоғары бағаланғаны жөнінде ғана жекелеген мәліметтер белгілі.  Париж баспасөзінен табылған түпнұсқа жарияланымдар көрсеткендей, бір ғасыр бұрынғы мерзімді басылымдар әлі де құнды тарихи ақпараттың қайнар көзі болып отыр. Бұл бағыттағы ізденістерді Франкфурт сапарына қатысты да жалғастыру – Әміретану ғылымының алдағы маңызды міндеттерінің бірі.

Басқа да мақалаларды оқи отырыңыз:

Әміре Қашаубаев туралы 1925 жылы жазылған мақала Әміре Қашаубаев Семейден Парижге қалай барды? Әміре Қашаубаевтың 1927 жылғы Германияға сапары Әміре Қашаубаев Парижге барғанда Мұстафа Шоқаймен кездескен бе? Әміре Қашаубаевтың бір ғасыр бұрынғы Париждегі дауысы табыла ма?
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Тамыз 2026 08:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see116

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see112

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see107

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see105

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see101

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see101

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see98

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

08 Тамыз 2026 21:26see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары