Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотобайқаудың жеңімпаздары анықталды

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотобайқаудың жеңімпаздары анықталды

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Мәскеуде Андрей Стенин атындағы XII Халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Гран-приді ливандық фотограф Абдул Кадер әл-Бай жеңіп алды. Халықаралық қазылар алқасы оған "Ливан, 2024-2025: Әуе шабуылдары арасындағы өмір" фотосуреттер сериясы үшін "Басты жаңалықтар. Фотосуреттер сериясы" аталымында бас жүлдені беруге бірауыздан шешім қабылдады.

© Photo : Абдул Кадер Аль-Бай"Ливан, 2024-2025: Әуе шабуылдары арасындағы өмір" фотосуреттер сериясы "Басты жаңалықтар. Фотосуреттер сериясы" аталымында бас жүлде алды

"Ливан, 2024-2025: Әуе шабуылдары арасындағы өмір" фотосуреттер сериясы "Басты жаңалықтар. Фотосуреттер сериясы" аталымында бас жүлде алды

© Photo : Абдул Кадер Аль-Бай

"2024 жылы қыркүйек айында Ливан Израильдің әуе шабуылына ұшырады. Сол кезде көптеген адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл фотосуреттер Ливанның әртүрлі аймақтарында түсірілген. Олар соққыдан кейінгі алғашқы секундтарда және құтқару жұмыстары кезінде не болғанын, қарапайым адамдардың қайғы-қасіреті мен қалай аман қалуға тырысатынын көрсетіп отыр", - дейді әл-Бай.

Гран-при иегерімен қатар алты номинация бойынша жеңімпаздар жарияланды.

"Басты жаңалықтар. Жалғыз фотосурет" аталымында Бангладеш фотошебері Аль Музтаба Росулдың (S. M. Al Muztaba Rosul) туындысы үздік деп танылды. "Шатыр — аспан, күлден жасалған еден" фотосуреті өрт кезінде баспанадан айырылған адамдар, рухтың күші, өзара қолдау мен қамқоршылықтың маңыздылығын көрсетеді.

© Аль Музтаба Росула (S.M. Al Muztaba Rosul) Шатыр — аспан, күлден жасалған еден" фотосуреті

Шатыр — аспан, күлден жасалған еден" фотосуреті

© Аль Музтаба Росула (S.M. Al Muztaba Rosul)

Ресейлің фотограф Сергей Бобылевтің "Соғыс жаңғырығы" фотосуреттер сериясы да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ол Ресей армиясының Суджи қаласын және Курск облысының бірқатар елді мекендерін Украинаның қарулы күштерінен босату операцияларын көрсеткен.

© Photo : Сергей БобылевСергей Бобылевтің "Соғыс жаңғырығы" туындысы

Сергей Бобылевтің "Соғыс жаңғырығы" туындысы

© Photo : Сергей Бобылев

"Спорт. Жалғыз фотосурет" аталымында тағы бір ресейлік фотограф Евгений Филиппов топ жарды. Оның "Соңғы кезең" фотосуретінде "Кремль кубогы" бүкілресейлік суға секіру жарыстарының финалы алдындағы спортшылардың дене қыздыру сәті бейнеленген.

© Photo : Евгений ФилипповЕвгений Филипповтың "Соңғы кезең" фотосуреті

Евгений Филипповтың "Соңғы кезең" фотосуреті

© Photo : Евгений Филиппов

Байқауға қатысушылар арасында ең танымал "Менің ғаламшарым" аталымында Бангладештен келген Солейман Хоссейннің "Құмды бұраңдағы өмір" суреті бірінші орын иеленді. Фотосуретте фермерлердің өзендегі су деңгейінің өзгеруіне қалай бейімделетінін шебер көрсетілген.

© Photo : Солейман ХоссейСолейман Хоссейннің "Құмды бұраңдағы өмір" суреті

Солейман Хоссейннің "Құмды бұраңдағы өмір" суреті

© Photo : Солейман Хоссей

Ал осы аталымда ресейлік Алиса Северная үздік фотосуреттер сериясының авторы атанды. "Біз осында тұрамыз" сериясынан қираған елді мекендердегі адамдардың өмірін көруге болады. Олар қиындықтарға қарамастан, өз үйлерін тастағысы келмейді.

© Photo : Алиса Северная"Біз осында тұрамыз" жұмысы

"Біз осында тұрамыз" жұмысы

© Photo : Алиса Северная

"Портрет. Біздің заманымыздың батыры" аталымында Үндістан мен Ресей фотожурналистері жүлделі орындарға ие болды.

© Photo : Арпан Басу ЧаудхуриАрпан Басу Чаудхуридің "Сенімнің жанары" суреті

Арпан Басу Чаудхуридің "Сенімнің жанары" суреті

© Photo : Арпан Басу Чаудхури

Үндістандық Арпан Басу Чаудхури (Arpan Basu Chowdhury) өз суретін "Сенімнің жанары" деп атады. Тәждегі шамдардың шағылысуы және ұшқындардың айналуы арқылы фотограф уақыттың өзі Махадевтің алдында иіліп тұрғандай сезімді жеткізеді.

Ал ресейлік фотожурналист Мария Семенова "Түнектегі тәтті армандар" сериясында ауған әйелдерінің гендерлік кемсітушілік пен олардың құқықтарын жүйелі түрде бұзу жағдайындағы өмірін көрсетуге тырысқан.

© Мария СеменоваМария Семенованың "Түнектегі тәтті армандар" суреті

Мария Семенованың "Түнектегі тәтті армандар" суреті

© Мария Семенова

"Жоғарыдан көрініс. Жалғыз фотосурет" аталымында қазылар алқасының арнайы сыйлығын Бангладештің тағы бір өкілі – фотограф Мұхаммед Амдад Хоссейн алды. Ол "Өзен үстіндегі жұма намазы" суретін ұсынған.

© Мухаммад Амдад ХоссейнМұхаммед Амдад Хоссейннің "Өзен үстіндегі жұма намазы" суреті

Мұхаммед Амдад Хоссейннің "Өзен үстіндегі жұма намазы" суреті

© Мухаммад Амдад Хоссейн

"Өмір энергиясы" арнайы аталымында қазылар алқасы Павел Волковқа "Реквием" сериясы үшін марапаттады. Фотограф соғыс қимылдарынан кейін өз қалаларында қалған және үмітін үзбеген адамдар туралы баяндайды.

© Павел ВолковПавел Волковтың "Реквием" сериясы

Павел Волковтың "Реквием" сериясы

© Павел Волков

Марапттау рәсімі үздік туындылардың көрме турын бастайды. Барлық фотсуретті 10 қарашаға дейін Мәскеу мұражайынан көруге болады.

Байқау туралы

Халықаралық фотожурналистика байқауы 2014 жылдың жазында Донецк маңында қаза тапқан "Россия сегодня" медиатобының арнайы фототілшісі Андрей Стениннің есімімен аталады.

2014 жылы желтоқсанда "Россия сегодня" халықаралық медиатобы жас фотожурналистерге арналған халықаралық байқау жариялады. 2026 жылы байқау он екінші рет өткізіліп отыр.

© Sputnik / РИА Новости"Россия сегодня" медиатобының арнайы фототілшісі Андрей Стенин

"Россия сегодня" медиатобының арнайы фототілшісі Андрей Стенин

© Sputnik / РИА Новости

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 16:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары