Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Жастар неге шетелге кетеді?

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Астанада Coupe Mondiale 79 халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада Coupe Mondiale 79 халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кеше ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен, «Қазақконцерт» концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Coupe Mondiale 79» халықаралық баян және аккордеоншылар байқауының салтанатты жабылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Салтанатты кешке Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Азамат Сайлауұлы Белқайыров қатысып, құттықтау сөзінде елімізде мәдениет пен руханиятқа әрдайым ерекше мән берілетінін атап өтті.

- Биыл мәдениет саласында көптеген маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Бүгінгі әлемдік дода - соның бір айғағы. Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық мәдени бастамаларды әрдайым қолдайтынын айтып, алдағы уақытта да елімізде осындай ауқымды жобалар жалғасын табатынына сенемін, - деді ол. 

Азамат Белқайыров министрлік атынан Халықаралық аккордеонистер конфедерациясына, қазылар алқасына, байқауды ұйымдастырған «Қазақконцерт» ұжымына, барлық қатысушылар мен демеушілерге алғысын білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, барша қатысушыға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.   

Кеш барысында байқаудың Senior санаты бойынша жеңімпаздары марапатталып, I, II және III орын иегерлерінің есімдері жарияланды. Халықаралық аккордеонистер конфедерациясының (CIA) президенті Мирко Патарини арнайы жүлделерді табыстады.

«Классикалық музыка ансамблі» номинациясында Ресей Федерациясының Siberian Bayan Quartet ұжымы, «Жасөспірімдер арасындағы виртуоздық эстрадалық орындаушылық» номинациясында Италия өкілі Давиде Ди Джакомо, «Жасөспірімдер арасындағы Coupe Mondiale» номинациясында Жапония өкілі Фута Мидзутани, «Ересектер арасындағы виртуоздық эстрадалық орындаушылық» номинациясында Босния және Герцеговина өкілі Джордже Перич, «Coupe Mondiale шеберлері» номинациясында Ресей Федерациясының өкілі Тимур Сетраков, «Әлемдік музыка ансамблі» номинациясында қазақстандық «Scythians» триосы, ал «Coupe Mondiale» номинациясында Қазақстан өкілі Жандос Сауыт бірінші орын иеленді.

Салтанатты кештің ерекше бөлігі осы жеті санат бойынша I орын иегерлерінің музыкалық өнер көрсетуі болды. Әлемнің үздік баян және аккордеон орындаушылары елорда сахнасында бас қосып, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Финалдық концертте ұлттық музыка мен әлемдік классика үндесті. Сахнада «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Samga», «Saz&Soul» топтары, «Гүлдер» ансамблінің балеті, Клара Төленбаева, Нұрай Шеру және «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Кештің шарықтау шегінде 40-тан астам баянист Құрманғазының «Адай» күйін бірге орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Салтанатты рәсім Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен түйінделді. Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің атынан ықылас гүлі табысталды.

Айта кетейік, бірнеше күнге созылған халықаралық додаға әлемнің әр елінен байқауға барлығы 147 өтінім қабылданды. Оның 126-сы – жеке орындаушылар, 21-і – ансамбльдер. Ансамбльдер құрамында 62 өнерпаз өнер көрсетті. Бірнеше санатта бақ сынаған қатысушыларды есепке алғанда, конкурсқа қатысқан бірегей өнерпаздардың жалпы саны 153 адамды құрады. Оның ішінде 32 қатысушы бірнеше санатта – жеке немесе ансамбль құрамында өнер көрсетті.

Байқаудың Қазақстанда өтуі - қазақстандық жас орындаушылардың осындай беделді әлемдік байқауға қандай да бір қиындықсыз қатысуына мол мүмкіндік ашып отыр. Соның арқасында Қазақстаннан – 40 орындаушы байқауда бақ сынады. Ал жалпы саны байқауға 16 елдің өнерпаздары қатысты.  Олардың қатарында Ресей, Қытайдай, Португалия, Италия, Черногория, Сербия, Хорватия, Швейцария, Жапония, Өзбекстан, Бразилия, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Солтүстік Македония және Беларусь елдерінің өкілдері бар.

Халықаралық делегация құрамында Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті Мирко Патарини, сондай-ақ Киммо Маттила, Жак Морне, Натали Буше, Виктор Романко, Александр Селиванов, Грейсон Мейсфилд, Харли Джонс тағы да басқа халықаралық баян-аккордеон өнерінің өкілдері бар. Ал Қазақстаннан қазылар алқасының құрамында белгілі өнер қайраткері, профессор – Анатолий Гайсин, Сәуле Смақова, Самғар Толқынхан, Жәмилә Чалдаева, Дамир Сұлтанов  болды.

Байқаудың ресми ашылу салтанаты 24 тамызда өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Сыдықов Айбек Жексенәліұлы қатысып, ҚР Премьер-минитрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі – Аида Ғалымқызы Балаеваның құттықтау сөзін жеткізді Ашылу салтанатынан кейін байқаудың негізгі бөлігі -  тыңдалымдар басталды.

Байқаудың екінші күні конкурстық бағдарлама таңғы сағат 08:30-дан басталып, кешке дейін жалғасты. Ал кешке, осы халықаралық байқау аясында «Coupe Mondiale» байқауының 2021 жылғы жеңімпазы, дарынды аккордеонист Олжас Нұрлановтың жеке концерті өтті.

Үшінші күні конкурстық тыңдалымдармен қатар баян және аккордеон өнерінің майталмандары шеберлік сабақтарын өткізді. Олар халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Тяньцзинь музыка консерваториясының доценті Руй Лю, Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті Мирко Патарини, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Анатолий Гайсин және Ресей музыка академиясының доценті Александр Селиванов. Мұнда қатысушылар мен жас музыканттар әлемнің әр елінен келген баян және аккордеон өнерінің мықтыларымен кәсіби тәжірибе алмасып, орындаушылық шеберліктің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды. Жеңімпаздарға арналған жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде үздік деп танылған қатысушыларға негізгі Coupe Mondiale санаты бойынша тағайындалған жүлде жүлде сомасы -  I орынға – 3 000 еуро, II орынға – 2 000 еуро, III орынға – 1 000 еуро табысталды. Жалпы мұндай ауқымы кең байқаулар үлкен қаражатты қажет етді. Министрлік тарапынан да қаражат қарастырылды, бірақ негізгі бағыты демеушілердің көмегімен өткізілді. Басты демеуші  - «Қазақстан Халық банкі» АҚ. Сондай-ақ  Vita Bottlers және т.б. демеушілер қолдау көрсетті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:16
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 20:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

26 Тамыз 2026 22:37see152

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

26 Тамыз 2026 21:39see147

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see146

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see145

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see144

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see142

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see140

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see138

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see131

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see126

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see123

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see123

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see122

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see119

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see116

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see116

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see114

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see114

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see113

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары