Coupe Mondiale 79 басталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Әлемдік баян және аккордеон өнеріндегі ең беделді додалардың бірі саналатын «Coupe Mondiale» биыл алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда өтіп отыр. Халықаралық байқау кәсіби орындаушыларды, музыка мамандарын, халықаралық сарапшыларды және баян мен аккордеон өнерінің танымал өкілдерін елорда төрінде тоғыстырды. Биыл байқауға 147 өтінім түсті. Оның 126-сы жеке орындаушылардан, 21-і ансамбльдерден қабылданған. Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Португалия, Черногория, Сербия, Хорватия, Швейцария, Жапония, Өзбекстан, Бразилия, Босния және Герцеговина, Қырғыз Республикасы, Солтүстік Македония және Беларусь елдерінен келген өнерпаздар жеті аталым бойынша бақ сынайды. Байқауға орай Астанаға Халықаралық аккордеонистер конфедерациясының 48 делегаты келді.
«Coupe Mondiale 79» аясында халықаралық байқаумен қатар Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясы делегаттарының 156-конгресі өтіп жатыр. Конгресс барысында ұйымның халықаралық қызметі, баян және аккордеон өнерін одан әрі дамыту, кәсіби музыкалық білім мен ұлттық орындаушылық мектептер арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланады.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
Көрілімдер:52
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 03:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы
Байланыс








Ең көп оқылғандар


















