Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Дүбірлі дода басталды

Дүбірлі дода басталды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін Жапония астанасында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары жалауын жел­біретеді. Есту қабілетіне зақым келгендердің сайысында әлемнің 80 елінен 3 мың­ға­ тарта қатысушы 21 спорт түрінен бақ сынайды. 26 қарашаға дейін Токио төрін дүбірге бөлейтін додада саңлақтарымыз спорттың сегіз түрінен сынға түседі.

1924 жылы француз Эжен Рубен-Алкай бас болып, алғаш рет есту қабілетіне зақым келген спортшылардың дүниежүзілік додасы өткізілді. Эженнің ерен ерлігі бұл ғана емес, саңыраулардың халықаралық спорт комитетін құрып, өзі төрағалық етті. Жүз жылдан аса мерзімде жазғы Сурдлимпиада ойындары жиырма төрт рет түңлігін түрді.

Екі аптаға жуық мерзім Токионың төрін дүбірі кернейтін доданың салтанатты ашылу рәсімі бүгін Токиодағы Метрополиттік гимназияда өтеді. Елімізден аттанған 78 спортшы жеңіл атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, үстел теннисі, жүзу, дзюдо, таэквондодан сайысқа түседі. Төртжылдық додасының ашылу салтанатында дзюдодан спорт шебері, Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Айдос Түгелбаев пен Анна Кра­морова еліміздің туын ұстап, делегациясын бастап шығады. Туды тапсыру рәсімінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов байрақты аламанға аттанған саңлақтарға сәттілік тілеп, зор сенім артатынын жеткізді.

– Бұл аламан – елдің спорттық әлеуетін көрсететін маңызды дода. Сіздер­дің ерік-жігерлеріңіз бен қайсар мінездеріңіз адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдейді. Мил­лиондаған адам табандылықтарыңыздан шабыт алып, өмір сынақтарын еңсеруді үйренеді. Халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып, көк байрағымызды биікте желбіре­тетініңізге сенімдімін, – деді министр.

Сала басшысы спортшылар­дың тыңғы­лық­ты әзірлік өткізуіне мүмкіндік тудыру мақ­са­тында инфрақұрылымға айрықша мән берілгенін де атап өтті.

– Спортшылардың алаңсыз шыңдалуы­на барлық мүмкіндік жасалған. 2029 жылға дейін 113 жаңа спорт нысанын салу, 26 нысан­ды жаңғырту жоспарланып отыр. Алматы облы­сындағы Олимпиадалық дайындықтың заманауи базасында 2 300 спортшы бір мезетте жаттыға алады. Сонымен қатар өңірлерде «100 жылдам салынатын спорт нысаны» жобасы табысты іске асырылып, былтырдың өзінде 25 жаңа кешен пайдалануға берілді. Елордада салынып жатқан Ұлттық спорт университеті болашақта спорт саласындағы кадрларды үздік­сіз даярлау жүйесін қалып­тастыруға мүм­кіндік береді, – деді Е.Мырзабосынов.

Жапонияға аттанған спорт­шылардың ішінде Хайратхаан Шонку төртінші мәрте додаға қатысады. Екі бірдей күрес түрінен бақ сынайтын балуан төрт жыл бұрынғы шыққан биігінен көрінуді межелеп отыр. Бразилияда өткен XXІV Сурдлимпиада додасында Шонкудың барлық қарсыластарынан шоқтығы биік болып, грек-рим мен еркін күрестен де чемпион атанды. Өзінің биігінде қалуды мақсат тұтқан балуан ел сенімін ақтауға барын салатынын айтты.

– Төртінші рет Сурдлимпиада ойындарына қатысамын. Токио төріне төселген бозкілемде еркін күрестен 125 кг, грек-рим кү­ресінен 130 кг салмақта белде­семін. Төрт жылда бір айналып соғатын сайыстың бәсі барынша жоғары. Дода алдында ішкі толқу, қобалжу бар. Бірақ намыс­ты қолдан бермес үшін барымызды салып, аянбай тер төктік. Күнделікті екі мезгіл жаттығу өткізіп бабымызға ендік. Таңертең жалпы дене дайындығы болса, кешкі жаттығуда күрестегі әдіс-тәсілдер мен тактикаларды жетілдірдік. Жарыста бап­кер­лерімнің кеңестері мен өз тәжірибеме сүйеніп, бар күшімді саламын. Басты мақсат – Токиодан алтын медальмен оралу, – деді даңқты балуан.

Сурдлимпиада ойындарына елімізден ең көп спортшы жеңіл атлетикадан қатысады. Сурдо жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушы Богдан Весельский спортшылар бабында екенін алға тартты.

– Жеңіл атлетикадан 19 атлет сынға түседі. Оқу-жаттығу жиындары аясында спортшылар Қырғызстанның Ыстықкөлінде, одан кейін Өскеменде әзірлік өткізді. Алматыда қорытынды оқу-жаттығу жиыны болды. Бразилияда ұйымдастырылған Сурдлимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан спортшыларымыз 5 медаль жеңіп алды. Бұл жолы нәтижемізді жақсартып, олжалы оралуға күш саламыз, – дейді Б.Весельский.

Доданың көрігін қыздыратын спорт­шыларымыздың арасында жүлделі оралады деп сенім артқан саңлақтар шоғыры қалың. Олардың арасында еркін күрестен 2013 жылы Сурдлимпиада ойын­дарының чемпионы атан­ған Ғабит Есжанов, 2022 жылы күміс медаль еншілеген Ғасыр Тұрғынбай, Бексұлтан Малайдар, Рсалы Сабыржан, әлем чемпионы Шадияр Пернеш бар. Үстел теннисінен төртжылдық сайысының қола жүлдегерлері Абылай Бүркітбай, Данияр Ескендіров, Қанат Қоңқыбаев та бабында. Таэквондо спортынан 2022 жылы Бразилияда өткен аламанда қола медаль олжалаған Виктор Фрундин, Олжас Рысжанов, Аян Әбдіраш, Айжамал Әбдіқатова, әлем чем­пинатының күміс жүлдегері Руслан Ахметов сынға түседі. Сурдо дзюдодан әлем чемпионы Шадияр Қуандық, Сурдлимпиада чемпионы Еркебұлан Қанафин, 2022 жылы Бразилияда өткен додада қола медаль еншілеген Айдос Түгелбаев, Сабыржан Хапизов, күміс жүлдегер Анна Краморова да Токиоға текке аттанбағанын дәлелдейтін болады.

Есту қабілеті зақымданған спортшылардың жазғы ойындарында еліміздің саңлақтары бұған дейін 6 рет қатысып, 42 медаль олжалады. Мемлекет қазынасынан Сурдлимпиада ойындарының чемпионы атанған саңлаққа – 250 мың, күміс медаль иегеріне – 150 мың, қола жүлде алғандарға – 75 мың, төртінші орынға – 30 мың, бесінші орынға – 10 мың, алтыншы сатыға орныққан спортшыға 5 мың доллар мөлшерінде сыйақы тағайындалған. Мұның сыртында әр өңір өзінің спортшыларына сый-сияпат көрсетеді. Өкініштісі, сурдо спортынан ел абыройын асқақтатып жүрген таланттардың насихаты кемшін соғып жатады.

Сурдо спортшыларымыз жазғы Сурдлим­пиада ойындарына 1997 жылдан бері қатысып келеді. Сол жылы Дания астанасы Копенгагенде өткен додаға спортшыларымыз жеңіл атлетика, үстел теннисі және күрестен қатысты. Үш аттап секіруден Максим Рожков алтын медаль олжалап, әнұранымызды шырқатты. 2001 жылы Италия астанасы Римде өткен төртжылдық додасынан спортшыларымыз құралақан қайтты. Максим Рожков 2005 жылы Аустралияның Мельбурн қаласында түңлігі түрілген жазғы Сурдлимпиада ойындарында қола медальді қанжығасына бөктерді. 2009 жылы Тайбэйде (Тайвань) Хайратхаан Шонку 96 кг салмақ дәрежесінде қола медаль еншіледі. Төрт жылдан кейін дүбірлі доданы Болгария мемлекеті София қаласында сән-салтанатын келістіре ұйым­дастырды. Ел үмітін арқалап барған спортшылардың арасынан тек Ғабит Есжановтың ғана мерейі үстем түсті. Еркін күрестен 60 кг салмақта белдескен балуан барлық қарсыласын айқын еңсеріп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. 2017 жылы Түркияның Самсун қаласында жалауы желбіреген Сурдлимпиада додасында Аян Әбдіраш таэквондо спортынан 58 кг салмақта топ жарса, әйелдер арасында Валентина Антоненкоға (67 кг) қола медаль бұйырды. Дзюдо күресінен Шаяхмет Қанапиянов 66 кг салмақта күміс алды. Хай­рат­хаан Шонку грек-рим күре­сінен аса ауыр салмақта белдесіп, қола медаль еншілесе, Асылжан Тәжиев еркін күрестен 97 кг салмақ дәрежесінде қола медальмен оралды. Елена Салмина (каратэ, 61 кг) да қоланы қанағат тұтты.

2022 жылғы мамырда Бразилияның Кашиас-де-сул қаласында өткен Сурдлимпиада додасына 66 спортшымыз аттанды. 73 мемлекеттен 2000-нан аса спортшы қатысқан сайыста 3 алтын, 7 күміс, 18 қола медаль бұйырып, жалпы нә­ти­жеде 13-сатыға орнықтық. Хайратхаан Шонку грек-рим күресінен 130 кг салмақта, еркін кү­рес­тен 125 кг-да Сурдлимпиада чемпионы ата­нып, қанжығасына қос алтын медальді байлады. Грек-рим күресінен Алдияр Балташев (60 кг) пен Нұржан Асан (77 кг), еркін күрестен Бек­сұл­тан Малайдар (92 кг) қола жүлдеге қол жет­кізді. Фархад Қыстаубаев онсайыстан чемпион атанса, кедергілер арқылы жүгіруде (110 метр) қола медаль олжалады. Ольга Хижнякова ядро лақтырудан күміс, балға лақтырудан қола ал­ды. Асылжан Тәжиев грек-рим күресінен ­97 кг салмақта финалда сүрініп, күміс жүл­дені місе тұтты. Еркін күрестен Ғабит Есжанов ­(57 кг), Сабыржан Рсалы (70 кг), Ғасыр Тұрғын­бай (74 кг), дзюдодан Нұрмұхаммед Әлдибек (60 кг), Анна Краморова (78 кг) күміс медаль иеленді. Дзюдо күресінен Шаяхмет Қанапиянов (73 кг), Сабыржан Хафизов (100) кг, Фериде Қараоғлы (48 кг), Дина Ержанова (52 кг) қола медаль иеленді. Осы спорт түрінен ерлер мен әйелдер құрамасы командалық сайыста да қола жүлде еншіледі. Таэквондо сайысынан Ол­жас Рысжанов (пумсе), Аян Әбдіраш (58 кг), Нұр­дәулет Жақып (68 кг), Виктор Фрундин (+80 кг) қола медаль иеленсе, Жұптық пумсе тартысынан Олжас Рысжанов пен Айтжамал Әбдіқа­това қола медальмен оралды. Үстел теннисі­нен Абылай Бүркітбай, Данияр Ескендіров, Қанат Қоңқыбаев, Владимир Несторов бастаған саң­лақтар командалық сайыс­та қола медаль ен­шіледі. Сырықпен секіруден Рауан Бейсебайға да қола медаль бұйырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 12:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see170

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see168

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see160

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see150

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see145

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see143

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see142

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see141

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see138

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see136

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see135

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see134

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see132

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see130

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see129

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see114

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see114

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see111

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары