Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Әнұранды асқақтатқан көшелер

Әнұранды асқақтатқан көшелер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Көркі көз тартар зәулім ғимараттар, заманауи инфрақұрылым Астананың әлеуметтік-экономикалық қуатын аңғартып тұр. Бас шаһардың оң жағалауының келбеті көше атауларына берілген тұлғалардың есімдерімен де мазмұнды бола түскен. Соның ішінде жеңіл рельсті метро сырғып өтетін екі көшенің орны бөлек. Олар – тәуелсіздіктің басты рухы, ұлттық болмысымыздың рәмізі Әнұран авторлары – Шәмші Қалдаяқов пен Жұме­кен Нәжімеденов құрметіне берілген даңғыл.

Көшеге атақты тұлғалардың есім­дері 2007 жылы берілген. Содан бері бұл аумақ елорданың маңызды көлік және қоғамдық кеңістіктерінің біріне айналып отыр. Екі көше де Сарайшық ауданы аумағында орналасқан әрі оларды бойлай заманауи тұрғын үй кешендері, әлеуметтік нысандар, білім беру мекемелері, сауда және қызмет көрсету орындары шоғырланған.

– Жұмекен Нәжімеденов көшесінің ұзындығы – 5 524,4, ал Шәмші Қалдаяқов көшесінің ұзындығы 6 690 метр. Кейінгі жылдары көшелердің инженерлік-көлік инфрақұрылымы жаңартылып, абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, бұл көшелер елорданың заманауи келбетін айшықтап қана қоймай, Мемлекеттік Әнұран авторларының есімдерін ұлықтайтын, ұлттық рух пен мәдени мұраның сабақтастығын дәріптейтін маңызды қалалық нысандарға айналды, – деген Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Айжан Құсаинова ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін тұл­ғалар есімін кеңінен қою жалға­сатынын жеткізді.

Басқарма қызметкерінің айтуынша, бас шаһарда көшелерге атау беру және оларды қайта қарау жұмысы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына, сондай-ақ ономас­тика саласын реттейтін әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.

– Тәуелсіздік жылдарында елорда ономастикасы саяси-идеологиялық сипаттағы атаулардан біртіндеп арылып, қала көшелеріне мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, ақын-жазушылардың, батырлардың есімдері беріліп, тарихи жер-су атау­лары мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін дәстүрлі атаулар кеңінен енгізілді. Атаулардың қаланың сәулеттік келбетімен, тарихи-мәдени ортасымен және урбанистикалық даму ерекшеліктерімен үйлесімділігіне ерекше назар аударылады. Бұл өз кезегінде ұлттық тарихи сананы нығайтуға, тұрғындар мен қала қонақтарының ел тарихы мен мәдениеті туралы танымын кеңейтуге, сондай-ақ елорданың бірегей келбетін қалыптастыруға ықпал етеді, – дейді А.Құсаинова.

Әнұран авторлары көшесінің әдемі­лігін одан сайын аша түсетін «Шәмші әлемі» атты музыкалық инсталляция. Композитордың ғұмыр жолы мен аңызға айналған әндерінің әуені енгізілген күйсандық Сарайшық ауданы әкімдігінің бастамасымен көшенің көрікті жеріне қойылған.

Қос тораптың күн санап көркейген сәулетіне көз тастай жүріп, әуелі Шәмші Қалдаяқов, кейін Жұмекен Нәжімеденов аумағындағы тұрғындар мен жүргіншілерден «Бұл көше кімнің құрметіне орай аталғанын білесіз бе? Оның өмірі мен мұрасынан қаншалықты хабардарсыз? Көшенің тыныс-тіршілігі мен даму қарқыны қалай?» деген сұрақ төңірегінде шағын сауалнама жүргізген едік.

Талғат Жолдыбек:

– Қала бұрынғыдан да әлдеқайда дамып келеді. Сол жағалаудан оң жағалауға өтетін тұста орналасқан Шәмші Қалдаяқов көшесі сәулеті жағынан сол жағалаудағы заманауи тұрғын үйлерге ұқсайды. Даңғыл әдемі, атмосферасы ерекше. «Қазақ вальсі королінің» есімі берілгеннен кейін жаңа жол жаңа келбетке ие болғандай.

Айсұлу Керей:

– Бұл көше көңіл күйімді көтереді. Атауы да өте орынды қойылған. Шәмші ағамыздың әндері бала кезді еске салады. Оның әуезді ырғағы бейқам сәттерге жетелейді. Жүрекке жылулық сыйлайды, – дейді.

Шолпан Серікбай:

– Әндерін бала күнімнен тыңдап өс­тім. Көшенің осындай тұлғаның есімімен аталғаны орынды. Ол кісі – Әнұранның авторы, ұлы композитор. Әлеуметтік желіде Шәмші атамыз туралы жазылған естеліктерден оның мейірімді, тіпті үстіндегі киімін мұқтаж жанға бере салатын «қолы ашық», кең пейілді аңыз адам болғанын оқығанмын.

Дархан Қарабалин:

– Ол кісінің қа­зақ еліне сіңірген ең­бегі көп. Әндерін қа­та­рластарым да тыңдайды, отырыстарда жиі шырқалады. Көшедегі музыкалық инсталляция композитордың атына сай романтикалық реңк беріп тұр. Астаналықтар бұл көшені Еуропаның бір бөлшегіне ұқсатады.

Айтолқын Мақсотқызы:

– Жұмекен Нәжі­ме­денов – Әнұран мәті­нінің авторы. Қателес­песем, ақын 21 жасында сөзін жазған «Менің Қазақстаным» әні кейін Мемлекеттік Әнұранға айнал­ды. Жалпы, бұл аудан өте ұнайды, көше­лері кең, қалаға тән қарбалас пен үлкен кептеліс мұнда көп байқалмай­ды. Дәл іргеде «Мыңжылдық» аллея­сы бой көтеріп жатыр. Аудандағы инфрақұрылымының ыңғайлылығы мен жайлылығы көңілімізден шығады.

Рахат Аманбек:

– Негізі, көшеге кез келген адамның есімі беріле бермейтіні белгілі. Ол елге қызмет еткен не әлемде ойып тұрып орын алған тұлғаларға беріліп жатады. Жұмекен Нәжімеденов – тегін кісі емес, Әнұран авторларының бірі. Сөздерін жатқа білмейтін азамат кемде-кем. Өйткені мектепке бармай-ақ қазір балабақшаларда жаттайды. Жалпы, осындай тұлғалар еңбектерінің кеңінен насихатталуы үшін көшеге есімін беруі дұрыс. Аумақта жақсы дамып жатыр. Өзіме, ұнайды.

Ажаргүл Жолдасбай:

– Бұл Жұмекен Нә­жі­меденов көшесі ғой. Ұлттық рәміздеріміздің бірі Әнұранның мәтінін жазған, еліне өлшеусіз еңбегі сіңген атақты тұлғаны қалай білмейік? Бұл көшеде ұлым тұрады. Сондықтан мұнда жиі келемін. Өткен жылы келгеніммен салыстырғанда, биыл аудан танымастай өзгеріпті: ЛРТ жолы бой көтеріп, айналаға түрлі ағаштар мен құлпырған гүлдер егілген, жаңа тораптар салынған. Күн сайын бір жаңалық, тоқтаусыз жұмыс жүріп жатыр. Қаламыз жылдан-жылға гүлденіп, көркейіп келеді.

P.S. Сауалнама кезінде 30-дан аса адамның біразы сұраққа тосылып, жауап беруден жалтарды. Алайда қала қонақтары мен тұрғындарының кейбірі қазақтың біртуар тұлғалары туралы тереңінен бойлай білмесе де, Әнұран авторларының еңбектерінен, елге қосқан үлесінен хабардар екенін аңғартты. Бұл қоғамда мемлекеттік рәміздер мен оларды дүниеге әкелген тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттау қажеттігін көрсетеді. Өйткені Көк байрағымыздың көкте желбіреуі, Елтаңбамыздың еңселі болуы, Әнұранымыздың әр кез шырқалуы – тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен мемлекеттігіміздің беріктігінің белгісі. Елдігімізді айғақтайтын осы рәміздердің әсіресе Астанада ерекше ұлықталуы бас қаланың әлеуметтік-экономикалық қуатымен қатар, рухани келбеті мен ұлттық болмысын да айшықтай түседі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 10:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары