Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыста бесінші орын алды

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

Жастардың белсенді болуы ел болашағы үшін маңызды сарапшылар пікірі

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

Ұлт рухын асқақтатқан ғалым

Ұлт рухын асқақтатқан ғалым

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Өлімге араша іздеп, басқан жерінен көрін көрген даланың дана қариясы Қорқыт та, желмаясымен Жерұйықты іздеген Асан қайғы да, кешегі күллі қазаққа жыр маржандарын шашып, Сыр сүлейлері атанған ақын-жыраулар да мына бейопа жалғаннан соңынан өшпес із қалдырып аққан жұлдыздай тылсымға еніп кете барған. 

Осынау ұлы көштің жал­ғас­­тырған даңқы өз­де­рі­нен асып ға­сырларға жалғасатын арма­ны асқақ, елдің еркін бүгіні мен ертеңіне қызмет еткен оғлан­дар Сыр сағасы Шиелі өңірінен де ту көтеріп көш бастаған. Қа­сиет­ті Түркістанның азаттығы үшін жанын шүберекке түйіп, ғұ­мыры күреспен өткен Мұстафа Шо­қай, жылағанды жырымен жұ­батып, қуанғанды әнімен шал­қытқан ән перісі Нартай Беке­жа­нов, ердің бағын еңбектен іздеп, қиын-қыстау кезеңде әлемдік рекордтар жасаған диқан Ыбырай Жақаев, бақытты болашаққа бармақ болсаң, елім аман, жерім тү­гел болсын десең ғылымды мең­­гер, ғылым болғанда техни­ка­лық ғылымға көңіл бөл деп ғы­лымның жарық жұлдызына ай­налған Шахмардан Есеновтер осы киелі мекеннің тумалары еді. Біз­дің бүгін сөз еткелі отырған ту­мысынан осынау жандардың жо­лын қуып, қазақ рухани кеңіс­тігінің көкжиегіне қанат қаққан Досағаң да осы өлкенің бәйгеге баптап қосқан Құлагері еді. 

Досмұхамед Кішібеков осы­нау тізбектің ішіндегі орны ерек­ше ғұламалардың бірі еді.

1925 жылғы 15 желтоқсан. Шие­лі стансасының маңындағы қарапайым үйде бір бала дүниеге келді. Ол осынау киелі өлкедегі барлық қасиетті өз бойына сіңіріп өсті. Сыр сүлейлерінің адуын жыр­­­лары қазақтың рухын биік­тетті. 1932 жылы Досмұхамед жеті жас­­та еді. Ол кезде жыраулар жы­ры ауылдан ауылға жетіп, жы­лағанды жұбататын, жасығанға дем беретін. Досмұхамед сол жыр­ларды тыңдап, аштықтың ор­тасында өмірдің мәнін іздеді. Сол ізденіс оны философ етті.

Ол ашаршылықтың қасіретін еш­қашан ұмытпады. Бір еңбе­гінде ол былай деп еске алатын: «1932 жылы ауылымызға аштар келді. Қарсақпайлықпыз дейтін. Қалтыраған, киімсіз, бір тістем нан үшін жалынып тұратын. Түнде өлгендерді таңертең арбаға тиеп, ауыл сыртына апарып кө­метін. Бірақ олар жатпайтын, тек тең­селіп жүретін. Құласа – тұр­май­тын». 

Осы сөздер оның жүрегінде мәң­гі жара болып қалды да, сол жара­дан даналық өсіп шықты. «Ашаршылық қазақты рухани дәстүрінен тайдырды, ұлттық та­мырымыздан ажыратып, ділі­міз­ден жаңылдыра жаздады...» деп жаз­ды кейін. Сол қасіреттің ішін­де өскен бала кейін қазақтың ру­хани тамырын қайта тауып, оны әлемдік деңгейге көтерді.

Шыққан биігі, қол жет­кіз­ген дәрежесі, алған ата­ғынан бұрын қай өмір өткел­дері болмасын бірқалыпты, төзімі мен қанағаты мол, жасандылыққа жаны қарсы, ұлтына қызмет етуді азаматтық борышы санайтын, ғұ­мырының мән-мағынасына қо­ғамның даму заңдылықтары тұрғысынан қарайтын кемеңгер де кемел жан еді – Досмұхамед Кішібеков.

Ол бүкіл адамзат даналы­ғының қайнар көзі саналатын фи­­лософия ғылымының бас­тауы­нан қанып ішкені соншалық, оның құрамындағы өз халқының даналық інжу-маржанын мүл­тік­сіз танып-ажырататын деңгейге жет­ті. Осынау қазынаны жалық­пай күн демей, түн демей таным таразысына салып, талқылаудың сан алуан сүзгісінен өткізіп, көңіл­дің көрігінде отқа қарып, шы­найы асылды, бағасы жоқ інжу-маржанды тере білді.

Әр әрібі алуан түрлі астармен құлпыратын осынау қазына хат­талып, хатқа түсті, ұзын ырғасы 900-дей ғылыми-зерттеу мақала­сын, 72 толық мәнді іргелі зерт­теу­лерден тұратын кітапты құра­ды.

Осынау еңбектің қай-қайсы­сын алсаң да таңды таңға ұласты­рып талдауға тұрарлық еңбектер. Әрқайсысының қилы тағдыры туралы да тоқтаусыз сөз өрбітуге болады. Мәселен, Досмұхамед Кішібекұлының сонау 1973 жылы жарық көрген «Өтпелі қоғамдық қатынастар» монографиясын көп­шілік қауым тоталитарлық жүйе­ден демократиялық қоғам құру­ға талпынып жатқан бүгінгі таң­да ғана маңызды еңбек екенін түсініп жатыр. 

Ал ғұламаның 1984 жылы жа­зылған «Көшпенділер қоғамы» атты монографиясы кер заман­ның қыспағында жарық көрмей, шаң басып жатуға мәжбүр болды. Кеңестік жүйе түсінігі бойынша көшпенділер әлемінде өркениет түбегейлі болмаған, халық қараң­ғы түнекте өмір сүрген, тек ев­роцент­ристік Ресей арқылы бұл өл­кеге өркениет келді деген ұста­ным үстемдік етті. 

Досағаң оған мойыған жоқ, білек сыбана еңбек етті, шын­дық­ты дәлелдеуден қайтпады, кі­тап цензураның қайшысымен ке­сіліп, қиылған қалпында оқыр­манға жол тартты.

Ілияс Есенберлиннің, Олжас Сүлейменовтің көркем шығарма­ларын осынау еңбек көшпенділер өркениетінің көрінісі ретінде ғылыми-зерттеудің өзегіне ай­нал­дырды. Нәтижеде көшпен­ді­лер әлеміне деген қызығушылық күн сайын кеңейе түсіп, әлемдік деңгейге жетті.

Десек те, мұның бәрі бір күн­де жарыққа шыққан жоқ, ол ұзақ­қа созылған, күрес пен тартысқа толы, құрышты отқа қарып шың­дағандай төзімді, тағдырдың тек­тілер ғана төзе алатын сынақ­тарын бастан кешіре отырып, жыл­дардың жетегінде кеткен өмірдің бел-белестерінен өткенде ға­на жеткен жетістік еді. Дей тұрсақ та, осынау ғұмырнамалық са­парға бір сәтке назар салуға ша­қырамыз, өйткені бұл өнегесі мен тағылым-тәрбиесі мол жол.

1950 жылы Қаныш Сәтбаев­тың қолынан Мәскеуге жолдама ал­ғанда оның қолындағы ең үл­кен байлығы – Сыр бойының кие­лі топырағы берген сабыр еді. Мәскеуде Вавилов баспана берді, Қонаев стипендиясын өз айлығы­нан төледі. Сол сенімді ол жүзде­ген мақала, ондаған монография­мен ақтады. Ең бастысы, қазақ фи­лософиясының ғылыми жүйе­ге түсуінің бастауында тұрды.

1964 жылдан бастап толық 32 жыл, Қазақ политехникалық (қа­зіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қаз­ҰТЗУ) институтының философия кафедрасын басқарды. Политех­тің «Үш ноян мен бір ұлан» атан­ған төртеуі – Ахмет Ержанов, Мүш­тай Батырбеков, Досмұхамед Кішібеков және Ұлықпан Сы­дықов республиканың түкпір-түк­піріне техникалық инсти­тут­тың филиалын ашуға шығатын.

Сол төртеудің бірге өткіз­ген ең ыстық әрі ең талас­ты он жылы – 1980-1990 жылдар ара­лығындағы «Республика өмі­рі­нің өзекті мәселелері» те­ле­ха­бары болды. Ұлықпан Сыдықов, Ахмет Ержанов және Досмұхамед Кішібеков үшеуі қанаттас оты­рып, мемлекеттік тілдің бола­ша­ғы, ұлттық рухтың жай-күйі, жас ұрпақтың тәрбиесі туралы қызу таласатын. Кейде бір-бірімен ке­ліспей, кейде бір ауыздан шық­қан­дай сөйлейтін. Ел сол хабарды та­ғатсыздана күтіп отыратын. Өйт­кені ол жерде сөз тек айтыл­май, жүрекке жететін. Досмұха­мед әр сөзін «бұл – қазақтың бо­лашағы» деп бастайтын. Ол он жылдың ішінде қазақтың тілі мен рухының ең ыстық қорғаушысына айналды.

1986 жылғы Желтоқсан оқи­ға­сы кезінде «Қазақ халқының ұлт­шылдығы» деген теріс пиғыл­ды қаралау одақ көлемінде кеңі­нен айтылып, қазақ халқын бір­жо­ла тұқыртып тастауға бет ал­­ғанда, әділетсіздікке төзбей, қа­с­қая қарсы шыққан батырымыз да осы Досмұхамед Кішібекұлы болды.

КСРО КП ОК Саяси бюросы­ның мүшесі М.Соломенцев 1987 жылы қазақ зиялыларын «ұлт­шыл» деп айыптағанда, залда жалғыз Досмұхамед Кішібекұлы тұ­рып: «Қазақтың табиғатында ұлтшылдық ешқашан болмаған әрі болмайды да. Біздің тари­хы­мыз – көш, көштің заңы – қо­нақ­жайлық, төзімділік, кеңдік», – деді. Сол жиналыста ол қазақтың намысын сақтап қалды. 

Ол сол жылдары Политехтің «Ин­женер кадрлары үшін!» газе­тінің редакторы да болды, толық 20 жыл. Газеттің әр санында оның мақалалары тұратын. Кейін сол мақалаларын жинап, үш томдық «Қазақ инженерінің рухы» деген кітап шығарды. Сол кітаптар бү­гінде әр қазақ инженерінің үсте­лінде тұр.

Әсіресе, Досағаң мен ол кісі­нің ісін жалғастырған шәкірті Ұлық­пан Сыдықовтың бірігіп жаз­ған философия оқулығы мил­лиондаған қазақ жастарына да­на­лық жолын ашқан оқулық болды. Осы­нау оқулық Қазақстан баспа­ларында он шақты рет қайта ба­сы­­лып, көркем шығармалар жете бермейтін белестерге көтерілгені өз алдына жеке тақырып. 

Бірде, тәуелсіздік жыл­дары­ның басында Досағаң: «Біздің тәуелсіз мемлекетке идеология керек пе?» деген мәселе көтерді. Идеологиясыз қоғам жоқ екені әрбір философқа белгілі жайт. Ол кісі: «Идеологиясыз қоғам мешеу, соқыр қоғам... Идеологиясыз қо­ғам әкесі бар да, шешесі жоқ, же­тім қоғам» деп дәлелдейді. Кейін­гі кездегі «Тектілік», «Жаһан­дану парадигмасы», «Ұлттық идея ұйыс­тырсын» деген тақырып­тардағы мақалаларын алайық. Ғұлама: «Тексіз, қансыз ештеңе болмайды, текті тегіне тартпай тұр­майды» деп түйіндейді. Жаһан­дану – заман туындысы, оны өмір­ге алып келген тауарлы-ақша, сау­да-саттық қатынасы. Бү­гінгі бізге керек ұлттық идея – еліміздің бүтіндігі, тыныштығы, тәуел­сіз­дігі. Қазақ халқы еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің ұйытқысы болуы керек дегенді баса айтады. 

«Көшпенділер өркениеті» мо­нографиясы 20 жыл сейфте жат­ты. 1991 жылы ғана жарық көрді. Сол кітап бүгінде Гарвардта, Сор­боннада, Токиода универ­си­теті кітапханасында тұр. Ол еш­қа­­шан «мен жеңдім» демеді. 

Түркістанның азаттығы жо­­лында жанын шүберек­ке түйіп, күресте шаһид кеткен Мұс­тафа Шоқайдың шәкірті, оның азаттық жолындағы күресін тео­рия майданына алып шыққан тегі Марғұландық, Батыс Герма­нияда өмір сүріп, сонда қайтыс болған доктор Баймырза Хайтқа қарсы Кеңес үкіметі Досмұхамед Кіші­бе­ковті айдап салады. Осы­нау тар­тысты күрес екі ғалымның ара­­­сындағы ғылыми достыққа ұлас­­ты. Досағаң хат арқылы он­да­­ған жыл тартысқанда жеңіл­се: «Мына жерде мен жеңілдім, сіз дұрыс айтасыз» деп жазатын. Сол жігіттік оның ең үлкен жеңісі еді. 

Досағаң өте ізденімпаз да ең­бек­қор жан еді. 1964 жылдан 2024 жылдың жазына дейін асқаралы 60 жыл бойы өскелең ұрпақты ұла­ғаттылық жолында тәрбиелеп өтті. Ұстаздық ете жүріп, қан­ша­ма кітап пен мақала жазып шы­ғару екінің бірінің қолынан келе берм­ейтін жанкештілік десек те, Досағаңның осынау мақалалары 3 томдық таңдамалы жинақ бо­лып, тәуелсіздік жылдарында қай­та жарық көрді.

Ол философияны қарапайым етті: «Философия деген – өмірдің мә­нін сұрау ғана». «Көшпендінің ғи­бадатханасы – көкжиек, кіта-бы – жұлдыздар, ұстазы – жел» дей­тін. 

Ол қатал еді. Шәкірттеріне де, өзіне де. Бірақ сол қаталдықтың ар­тында сабырдың ең көркем си­паты жататын. Ашаршылықты, қуғын-сүргінді, қудалауды, кітап­тың тыйым салынуын көрген адамның сабыры ғана мәңгіліктің кілтін ұстай алады. Ол сол кілтті бізге қалдырды. Ол 99 жасында, 2024 жылғы маусымда мәңгілік мекеніне аттанды. 

Сыр бойының киелі топырағы Сыр сүлейлерінің жырын, Мұста­фаның күресін, Нартайдың әнін, Досмұхамедтің ойын дүниеге әкел­ді. Олардың бәрі бір өзеннің сан бұлағы. Бірі сөзбен, бірі сая­сат­пен, бірі әнмен, бірі оймен қа­зақтың мәңгілік көгіне көте­рілді. Бірақ Досмұхамедтің ойы ең биікке жетті. Өйткені ол жы­рау­лардың жырын да, Мұстафа­ның күресін де, Ыбырайдың ең­бе­гін де, Нартайдың әнін де фи­ло­софияға айналдырды. 

Ұлықпан СЫДЫҚОВ,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, 

философия ғылымдарының докторы,

Досалы САЛҚЫНБЕК,

тарих ғылымдарының кандидаты,

Ермахан ҚАЛМЫРЗА,

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың

аға оқытушысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:71
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 05:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

15 Наурыз 2026 08:08see115

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

15 Наурыз 2026 18:08see115

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

15 Наурыз 2026 04:41see114

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

15 Наурыз 2026 21:39see114

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

15 Наурыз 2026 06:38see114

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

15 Наурыз 2026 09:38see113

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

15 Наурыз 2026 18:08see113

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

15 Наурыз 2026 10:43see112

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыста бесінші орын алды

15 Наурыз 2026 00:48see111

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 17:23see111

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

16 Наурыз 2026 01:20see110

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

15 Наурыз 2026 15:12see110

Референдум әлемдік БАҚ назарында

15 Наурыз 2026 10:44see110

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

15 Наурыз 2026 14:44see110

Жастардың белсенді болуы ел болашағы үшін маңызды сарапшылар пікірі

15 Наурыз 2026 20:25see109

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 20:01see109

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

15 Наурыз 2026 18:19see109

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

15 Наурыз 2026 10:05see109

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

15 Наурыз 2026 16:32see108

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

15 Наурыз 2026 19:20see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары