Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Аңыз ректор хақында сыр шерткен

Аңыз ректор хақында сыр шерткен

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл әлемдік деңгейдегі ірі ғалым, еліміздің ең танымал жоғары мектебінің заманауи ғаламат қалашығын салған академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің туғанына 95 жыл толады. Осы мерейлі дата қарсаңында көрнекті зерттеуші-журналист, жазушы Көлбай Адырбекұлы қаламымен ғұлама оқымысты, өнегесі өшпес айтулы ұстаз, орны ерекше реформатор, мемлекет және қоғам қайраткерінің толыққанды бейнесін жасады.

Арнайы мемлекеттік бағдар­ла­ма аясында шығарылып, оқырманға жол тартқан бұл кітабында (Адырбекұлы К. Академик Өмірбек Жолдасбеков. Өмірі. Қызметі. Тағдыры – Алматы: ЖК «Тарпаңбаева А.Ш.), 2025. – 304 бет. Қазақ және орыс тілдерінде) жазушы кеңес заманында ұлт мүддесін тереңнен ойлайтын азамат ретінде қалыптасып еңбек еткен, сол дәуірдегі үстем саясат ауанымен қисынсыз жалалы арыз жазғандардың да, озбыр саясатшылдардың да қилы қысастықтарына төтеп берген күрескер ғұмырын ұмытылмастай етіп жаңғыртты.

Осынау танымдық кітаптың беташарына автор әйгілі ұстаз, академик Зейнолла Қабдоловтың Өмірбек Арысланұлын «ылғи жайнап, маздап, жа­лындап жанып тұратын от» деп баға­лап, өзі жануымен қоймай, өзімен бірге өзгелерді де тұтатып, жан­дырып жүретін қасиетін екпін қойып айта келе, оған: «сенің ректор кезіңде күллі қабілет-күшіңді, тірі пендеде тым сирек ұшырасатын аса шебер ұйымдастырушылық ісіңді ел игілігіне жұмсап, он алты жыл ұдайымен қалай жанғаныңды, қалай жалындағаныңды көзімен көрген қарттар мен жастар түгіл, он жеті қабат бас ғимарат қабырғасына өз қолыңмен қалаған тастарға тіл бітіп, ...аңыз ғып жатқандай қазір» деп тебі­рен­ген сара сөзін, сондай-ақ 1970–1986 жылдарғы ректор кезінде ғылымдағы, ұстаздық қызметтегі, республикамыздың мақтанышына айналған студенттер қалашығын салудағы істерімен қазақ университеті тарихында «Шолпан жұлдыздай ерекше жарқырап тұратын бірегей тұлға» ретінде бедерленген, «Отанға шексіз қызмет етудің эталоны» болған Жолдасбеков жайындағы мемлекет және қоғам қайраткері Жақсылық Күлекеевтің мақаласын алғы сөз орнына беріп, сосын өз зерттеуіне көшкен екен...

Өмекеңнің көзі тірісінде өзімен сұхбаттаса алмаса да, оны тікелей білген, қыз­меттесі, шәкірті болғандармен кез­десіп, газет тігінділерімен, архив құжаттарымен, белгілі ғалымдардың естеліктерімен мұқият танысып, көп­те­ген дерек пен мәліметке мо­лынан кенелген соң ғана кітапты жазу­ға кіріскен қаламгер университет Қазақ атын алып жүргенмен, онда оқи­­тын қазақ жастарының қатары бастап­қы­да мардымсыз болғанын еске алады. Басшылыққа 1948 жылы Төлеген Тәжібаев келгенде үлесі он-ақ пайыз еді, ал ұлт­тық оқытушылар құрамы бес-алты пайыз­дан аспайтын. Академик Тәжібаев бұл көрсеткішті көтеруге тырысқан, есесіне «Тәжібаев қазақтарды университетке көп қабылдап жатыр» деп дабыл қаққан арыз-шағым Мәскеуге топырлап түсіп, ақыры 1953 жылы лауазымынан түсірілген-ді. Өмірбек Жолдасбеков басшылық еткен жылдарында қазақ елінің басты «білім ордасындағы қазақ студенттері мен оқытушыларының үлес салмақ көрсеткішін тоқсан пайызға дейін көтеріп, факультеттер декандарын түгелге жуық жергілікті ұлт өкілдерінен тағайындап, университетті таза ұлттық деңгейге жеткізді». Автор айрықша атап көр­сеткен Өмекеңнің тағы бір ерен ерлігі – Мәскеу мен Ленинградтан басқа қала­ларда, одақтас республикалардың ешқай­сысында болмаған университеттік қала­шық тұрғызғаны еді. «Оны салу қазір әлдекімдердің айтуына қарағанда жеңіл секілді көрінер, – дейді Адырбекұлы. – Ақиқатына келсек, сол кезде оның ойға алған ісін жүзеге асыруы, жоқтан бар жасауы, оңай болған жоқ. Бұл Жолдасбековтің жүйкені тоздырған талай бюрократтық кедергілерден өтуі­нің, әуре-сарсаңға салған шовинистік пиғыл­дылармен табанды түрде күресуінің арқасында іске асты».

Осы іс барысында ректордың бас­тан кешкен қиындықтарын, кертартпа арызқойлармен күресін, құрылысты тоқтатпау жолындағы жанкешті еңбе­гін автор кітабында жүйелеп жазып көрсеткен. Әйтсе де қаскөйлердің жап­қан жаласының кесірінен Өмекең ректор лауазымынан босатылып, қуғын-сүр­гінге ұшырады. Бас хатшы Михаил Горбачев пен оның біржақты қайта құру саясаты біздің елге бірінші хатшы етіп қонжитқан эмиссары Геннадий Колбиннің арамза басшылығы кезінде Өмірбек Арысланұлының тағдырын тәлкек еткісі келгендер жөнінде профессорлар Сәдуақас Темірбеков, Көпжасар Нәрібаев, Дандай Ысқақов, универ­си­теттік студенттер қалашығының құ­рылысшы-директоры Тарас Төлегенов, басқа да белгілі тұлғалардың естелік­тері күрескер Жолдасбековтің қан­шама жазықсыз жалаға тап келсе де сағы сын­баға­нына, ар-ожданын табанды­лық­пен қорғап, ақыры жеңіске жеткеніне куәлік етеді.

Өмірбек Жолдасбековтің ғылымдағы орнын ұстазы, механизмдер мен машиналар теориясының аты әлемге мәшһүр маманы, Социалистік Еңбек Ері, академик Иван Иванович Артоболевский: «Аса көрнекті ғалым, академик Ө.Жолдасбеков жоғары деңгейдегі механизмдер теориясын жасау бойынша кең көлемді ғылыми зерттеулер жүргізді және әлемдік іс-дағдыда баламасы жоқ, принципті түрде жаңа, биік деңгейдегі механизмдер мен манипуляциялық құрылымдар жасады, олардың бәрі өнертабыстардың авторлық куәлігімен қорғалған және шетелдерде патенттелген», деп атап айтты. Ол 1977 жылы Өмекеңнің ұсынысын қолдап, машиналар мен механизмдер тео­рия­сы жөніндегі Бүкілодақтық бірінші съезді Алматыда өткізуге күш салған-ды. Съезге шетелдерден аттары әлемге әйгілі ғалымдар қатысты, нәтижесінде Қазақстан ғылы­мы­ның зор жетістігін паш етіп, әлемдегі жетекші ғылыми мектептермен байланысты нығайту мүмкіндігі артты. Академик В.Гусев: «Ө.Жолдасбеков Ресейде, Қазақстанда, Азия мен Еуро­па­да танылған ұлы ғалым және инженер ғана емес, сонымен бірге әлемдегі инженерлік қозғалыстың аса көрнекті ұйымдастырушысы, беделі дүние жүзінің тұтас бірқатар елінде... АҚШ, Германия, Англия, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Пәкістан, Мысыр және көптеген басқа­ларында да қолдау тапқан Халық­ара­лық инженерлік академияны құру­шылардың бірі», деп көрсетті. Респуб­ликамызда машиналар мен механизмдер теориясының негізін қалап, аз жылда шырқау биікке көтерген Өмірбек Арысланұлының еңбектерін А.Ишлинский, Н.Бруевич, Б.Патон, Ю.Работнов және басқа да ше­тел­дік ғалымдар өте жоғары баға­лады.

Алайда әлемдік тұлғаға айналған Өмекеңнің өз елінде оны шын таны­ған­дардың емес, күншілдер мен па­сық пенделердің тасы өрге домалап тұрған, бұл орайда автор түрлі құжат­тар мен естеліктерге сүйене отырып, небір көңіл құлазытарлық мысалдар келтіреді. Солардың ішінде тек профессор Виктор Инюшиннің ғана Колбинге «Жолдасбековтің кім екенін айтып, араша сұраған адами қасиетін қалай бағаламайсың», деп тәубе қылады. Әри­не, оның өтінішіне құлақ асқан жоқ. Жолдасбеков ректорлық қызметінен алынды, партия қатарынан шығарылды. Ең сорақысы, академикті дөрекі әм тұр­пайы түрде студенттерге дәріс оқу құқынан да айырды. Автор бұл оқи­ғаны тікелей куәгер көзімен баян қылады: университеттің жаңа ректоры, кәсіподақ комитетінің төрағасы «және қалалық партия комитетінен келген славян нәсілінен, толықша, егде тартқан біреу» үшеуі жоғары курс студенттеріне дәріс оқып жатқан Жолдасбековті аудитория­дан дәлізге шақыртыпты. Оның іштен жайдары қалыпта шығып, ректорға: «Жайшылық па?» деп сауал тастағаны сол, «қалалық партия комитетінің өкілі киіп кетіп: «Умирбек Арсланович, сіз студенттерге лекция оқуға қақылы емессіз. Аудиторияны тап қазір босатыңыз. Қалалық партия комитеті бюросының шешімі осы», деді зілді үнмен». Көздерінен ызғарлы ұшқын атып шыға келген академик оларға сұстана қарап алды да, ректорға қазақ тілінде: «Жау шапқандай не болды сонша? Дәрісімнің соңына дейін күтуге шамаларың келмеді ме?» деді, сосын шалт бұрылып, аудиторияға кірді де, студенттерден кешірім өтініп, стол үстінде жатқан пәпкісін алып қайта оралды. Аяқтарын ауыр басып, шығар есікке қарай жүре берді...

Президент архивінен алынған бір анықтамада Ө.Жолдасбековтің «1986 жылы желтоқсанда Алматы қаласында ұлтшылдық негізде болған қоғамға қарсы топты айдап салуға қатысы бар... Бұрынғы ректор ретінде... бассыздық кезінде студенттерді тоқтату үшін ешқандай шара қолданбады», деп негізсіз айып таққан жолдар тұр. Ал ірі ғалым және парламентарий Жолдасбеков Желтоқсан көтерілісінің он жылдығы қарсаңында «Заң» газетінде жариялаған «Егемендік жолындағы арпалыс» атты үлкен мақа­ла­сында сол бұлқынысты «толғағы жеткен құбылыстардың жиынтығы» деп қарас­тыр­ды, «ХХ ғасырдың ұлы оқиғаларының бірі ретіндегі осынау бас көтерудің тәуелсіздігіміздің бастауы болғанын» дәлелдеп, саяси бағасын берді.

Осы ретте ізденімпаз зерттеуші-қаламгер Көлбай Адырбекұлының «Академик Өмірбек Жолдасбеков» атты кітабынан қалың оқырманның өте пайдалы мағлұмат алары кәміл.

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,

жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты

Соңғы жаңалықтар

Отандық оқу орындарының өрісі

Білім • Бүгін, 08:15

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Digital • Бүгін, 08:08

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Бизнес • Бүгін, 08:05

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Театр • Бүгін, 07:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары