Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

Ақан серінің беймәлім суреті табылды

Ақан серінің беймәлім суреті табылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ақан серінің суреті белгілі, барлық жерлерде бейнеленген, мүсіндер жасалып, алаңдар мен далаларда қойылған. Ал «Жалпы, сері бейнесі қайдан алынған? Ақан суретке түскен бе?» деген сұрақтар бізді жетелеп отырып Әлкей Марғұлан еңбектеріне әкеледі.

Ә.Марғұланнан бұрын Ақанның суреті болғанын Хамит Тілеубаевтан алғаш рет оқып едім: «1906 жылы Жәмшит жездемнің үйіне бардым. Петербургтен Абылайханов Сұлтан Ғазы әйелімен Мәмбетәлінікіне келіп демалып, үй тіктіріп жатыр екен. Сұлтан Ғазы Ақанды шақыртып алдырды. Ақан қазақтың екі зиялысына көсіліп бірқатар өлеңін айтып берді. Сонда киіз үйде Ақанды ортаға алып, Мәмбетәлі мен Сұлтан Ғазы суретке түсті. Кейін, бертін жиырмасыншы жылға дейін сол суретті көріп жүрдік. Ақырында қайда құрып кеткенін білмеймін. Соңғы екі жыл бойында елге барып іздеп едім, таба алмадым», дейді. Яғни Мәмбетәлі Сердалин, Сұлтанғазы Абылайханов, Ақан сері үшеуінің бірге түскен суреті болған. Екінші және толық зерттеп бейнесін тауып алып, ғылыми айналымға қосқан – Әлкей Марғұлан. Ғалым ұсынған Ақан серінің белгілі екі суреті төменде.

Мұндағы 2-сурет туралы пікір білдіре алмаймыз. Ғалымның қайдан алғаны туралы қолымызда мағлұмат жоқ. Бірақ болашақта бұл суреті жайында да зерттеу жүргізу керек. Әзірге Әлкей Марғұланның және ел ішінен тапқан деректер негізінде кең тараған 1-сурет туралы сөз етсек. Байқауымызша, бұл сурет 1993 жылы Ақан серінің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында айналымға қосылған сияқты. Барлығы хат маркісіне шыққан бейнеден бастау алып, дамып, бүгінгі күні тарап жүрген суретке негіз болғандай. Оған қоса Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында көптеген мүсін де осы бейне негізінде жасалғанын аңғарамыз. 

Осы жерде «Бұл сурет қайдан шықты? Әлкей Марғұлан Ақан сері екенін қайдан білді?» деген сұрақ туады. Әрине, жауапты ғалымның шығармаларынан, Әлкей Марғұланның Ақан сері бейнесіне байланыс­ты ізденіс іздерін Айыртау ауданындағы серінің ағайындарының мұрағаттарынан таптық. Ол – академиктің бұрын-соңды жарияланбаған хаты.

 ХХ ғасырдың орта шенінде Ақан сері туралы зерттеген ғалымдардың көбі серіні көрген адамдармен кездесіп, сұхбаттасып, көптеген құнды дүние жазып алған. Мысалы, Мағжан Жұмабаев: «Ақын туралы білгендерін айтып һәм жазып берген Мырзалыұлы Баялы, Шыңғысұлы Қоқыш, Бозайұлы Ысмағұл ақсақалдарға һәм Самыратұлы Қазыға көп рақмет айтамын», дейді.

Әбділдә Тәжібаев: «Осындай тұста Ақанды көзімен көрген, Ақан замандастарының бір­сыпырасымен сырлас болған (әсіресе Ақанның 50 жасынан өлгеніне дейінгі өмірін жақсы білетін) Хамит Тілеубайұлы сияқты әрі білгір, әрі сауатты қарияның табылуы – үлкен қуаныш», дейді. Әлкей Марғұлан да Ақанды көрген жандар туралы: «Ақан серінің өмірін бұрын жүйрік білген Шоқанның інілері Махмет, Қоқыш, Мақы және Үкілі Ыбырай болған. Қоқышты мен студент кезімде Көкшетауда кездестіріп, мұнда айтылған ойлардың көбін сол кісіден естідім. Кейінірек Құлыш Уәлиханов пен Жауардан естідім. Ақан серіні бүгінде жақсы білетін оның жерлестері Әшімғали, Абдулла Айдарбеков, Разия, Қапар Досмағамбетов, Қасым Жандосов», деп жазады. Назарымызды академик атап отырған соңғы есімге аударсақ – Қасым Жандосов. Ел арасында Қасым молда деген есіммен белгілі ақсақалдың қызымен танысу құрметіне ие болып, көптеген мағлұмат алған едік. Аталған тұлға жайында Сәкен серінің, Илья Жақановтың, Хамит Тілеубаевтың жазба-естеліктерінен, жалпы серіні зерттеушілердің ол кісіні айналып өте алмайтындығын байқаған едік. Шындығында да, Ақан мұраларын сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген жан екен. Қызы Рахиманың (1951 жылы туған) айтуын­ша, әкесі Қасым Жандосұлы руы Малтабар, 1896 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Жандос қалада саудамен айналысыпты, ауқатты адам болған. Сондықтан да әкем «9 жыл медреседе оқыдым» дейтін, Құранды жатқа білетін. Әкем елге 1916 жылдары келіпті, содан молда болып, шәкірт оқытады. Бізге көп ештеңе айтпайтын, әкемнің алғырлығы сондай болды, өз бетінше латын, кирилл әріптерін үйреніп, кітап, газет-журнал оқып отыратын. 1941–1945 жылдары соғыста болып, Ленинград майданында ұрысқа қатысқан, екі рет ауыр жараланған. Құжаты бар. «Денемде жарықшақ бар» дейтін. Соғыстан аман-есен елге оралған соң, ұжымшарда жұмыс істеді. 1980 жылы 17 қазанда дүние салды. Құлпытасына өсиеті бойынша «Қасым Жандосұлы, Ақан серінің шөбересі» деп жаздық. Менің елдегі кіші інімнің де аты Ақжігіт, әкем өмірбақи Ақан серіні пір тұтып өтті, өлеңдерін жинады», дейді.

 

Қолымызға Рахима Қасымқызының тапсыруымен бұрын-соңды жарияланбаған Әлкей Марғұланның Қасым молдаға 1970 жылы жазған хаты тиді. Негізгі әңгіме Ақан серінің бейнесі туралы екен. Сонымен хатта:

«Қасым ағай!

Жақсы саламатсыз ба? Үй ішіңіз күйлі ме? Өткен мейрам құтты болсын, Өзіңізге мықты денсаулық пен сарқылмас бақыт берсін!

Мен қыс күні Сырым­бет­тен Көкше­­тау­­­­ға қай­тып келе жатып, Сізге әдейі сәлем берейін деп соққан­мын. Қасымда көп кісі болған, ұмытқан боларсыз. Атым Әлкей Марғұланұлы, Алматыдағы Ғылым ака­де­миясынан­­мын.

Мұны сізге жазып отырғаным – мынау портрет туралы. Бұл сіздің елдің адамы. Жас кезіңізде осы тәрізді пұшпақ бөрік, қималы қамзол, жылтыр етік киетін кім болушы еді. Бұл өзі өлеңші, ақын кісі, сұңғақ бойлы, ат жақты, сопақ бет, көзін сүзе қарайтын, сырғылттау кісі. Сіздің жас кезіңізде бұл қартайған болу керек. Өйткені бұл портрет 1868 жыл, бұл Ақанның жас кезінде түскені.

Сіз қадағалап қарап көрсеңіз. Осында Ақан серінің форымы, бет бітімі, көзі, мұрны, еріні ұқсайтын бірі бар ма? Мінезі өте сыпайы кісі тәрізді. Ақан сері болмаса, өзге кімге ұқсар еді? Біржан сал, Тоғжан? Бірақ оларды көрмеген боларсыз. Қысқасы, осы портрет Ақан серіге ұқсай ма? Соны жазып жіберіңіз. Кешіктірмеңіз. Тез қарап, тез жіберсеңіз. Саумалкөлде тұратын Абдулла Айдарбековке де көрсетсеңіз Ақан серіні сіз екеуіңізден артық білетін кісі қазір жоқ.

Әлкей Марғұлан»

Хатта айтылып отырған фото мынау:

Бұл суретте 8 адам отыр. Қайсысы Ақан? Әлкей Марғұлан кімді нұсқап отыр?  Рахима Қасымқызының естелігіне кезек берейік: «Менің есімде, Әлкей ағай фото салып жібергенде, сурет шамамен 18×20 см, әкем көзіне жас алып, «Айналайын ағам, дәл өзі» дегені, ол суретті музейге керек деп, менен Кәрім Ілиясович алып кеткен, тағы біраз қағаздармен, қолжазба Құранды да сол кісіге беріп едім», дейді.

Көзі қырағы оқырман Ақан серіні бірден таныған шығар деп ойлаймыз. Үшінші отырған адам, бүгінгі күні біз танып қалған Ақан.

Ал енді Әлкей Марғұлан еңбектеріне келейік. Әлкей Марғұлан Қасым молдадан жауап алса керек. Аталған суретті талдап, тарихын, нақты кімнің-кім екенін жазып қалдырады. Академик: «Жұрттың айтуынша, Ақан сері жас күнінде фотоға талай рет түскен, әсіресе Шоқанның ауылында оның інілерімен бірге түскенін жұрт есінде берік ұстаған. Бірақ ондай фото сақталды ма, оны ешкім білмейді. Тек терең зерттеу соңында біз Ақан серінің бір ғана фотосын таптық. Ол фото 1868 жылы Владимир князьдің қазақ сахарасына келуіне орай түсірілген», дейді. Шынымен Ақан серінің суреттері болғандығын Хамит Тілеубаев та жаз­ғанын жоғарыда келтірдік. Бірақ сақталмағанын, іздеп таппағанын өкінішпен айтады. Кім біледі, әлі де табы­лып қалар деген үмітіміз де жоқ емес. Сонымен бұл фото 1868 жылы түскен, яғни Ақан сері шамамен 23–25 жаста.

Негізгі сұраққа жауап берсек, Қасым молда «Ай­на­лайын, ағам дәл өзі» деп қай бейнені көріп көзіне жас алды? Ә.Марғұлан: «Пұшпақ бөрік, қима­лы қамзол, жылтыр етік киетін... сұңғақ бойлы, ат жақ­ты, сопақ бет, көзін сүзе қарайтын, сырғылттау кісі», деп кімді айтты?

Академик: «Бұл тойда Ақан сері «Певцы и музыканты» деген топта, оңнан солға қарай ТӨРТІНШІ болып түскен. Барлығы он шақты ақын-жырау, әнші-күйші, олардың ішінде скрипка тартып отырған Жаяу Мұса, қобыз тартып отырған жыршы кім? Домбыра шертіп отырған әнші Ақан сері», дейді.

Бүгінгі күні Ақан деп келген адам оңнан солға қарай санағанда үшінші болып отыр. Яғни Әлкей Марғұлан ТӨРТІНШІ болып түскен, домбыра шертіп отырған Ақан десе, бұл адамның қолында ешбір аспап жоқ. Қасым молдаға жазғанда «жылтыр етік» кигенін байқау мүмкін емес, себебі жүре­леп отыр.

Фотода төртінші отырған, домбыра ұстаған, пұш­пақ бөрік, жылтыр етігі де көрініп, сопақ бет адам біреу ғана екенін көреміз.

Яғни Қасым молда «Айналайын ағам, дәл өзі» деп көзіне жас алып таныған адамы осы. Академик Әлкей Марғұланның да сипаттап беріп, сұраған адамы фотода үшінші емес, төртінші отыр. 30 жыл бойы Ақан сері бейнесі деп келген адам 90-жылдары қате көрсетіліп, басқа адам нұсқалған.

Адамның қапелімде жіберген бір қателігі, өткен аталарымыздың шынайы бейнесін елестетуден алыстатып келгені өкінішті. Бірақ жоқты түгендер ғылымымыз дамыса, әлі талай тарихи әділет орнарына сенімдіміз.

Ақан өмірі жайында әлі де талай сыр шертуге болады. Әлі талай жылдар бойы айтылып, зерттелетініне сеніміміз мол. Ғұмыры жұмбаққа, сұлулыққа толы тұлғаларымыз ұлттық тарихымыздың беттерінде алтын әріптермен жазылып, мәңгі сақталуы керек.

Саят БАЙМҰРАТҰЛЫ,

Астана халықаралық университетінің аға оқытушысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see168

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see121

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see119

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

06 Тамыз 2026 08:29see119

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see117

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see115

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see113

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see113

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see112

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see111

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see111

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see110

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

06 Тамыз 2026 15:25see109

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see109

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see109

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

06 Тамыз 2026 16:26see108

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see108

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

06 Тамыз 2026 14:07see108

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

06 Тамыз 2026 21:11see107

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары