Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ақмола облысында 300 млрд теңгеге астықты терең өңдеу зауыты салынады

Ақмола облысында 300 млрд теңгеге астықты терең өңдеу зауыты салынады

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Азия Алтын Дән» ЖШС арасында келісімге қол қоюға рұқсат берілді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жоғары технологиялық кәсіпорын Aqmola индустриялық аймағында 500 гектар аумақта бой көтереді. Жоба агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу секторындағы ірі өндірістердің біріне айналмақ. Оның басты ерекшелігі – астықты биотехнологиялық тәсілмен, қалдықсыз терең өңдеу.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 300 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 6 млн тоннаға дейін жетеді.

- Кәсіпорын толық цикл бойынша жұмыс істеп, жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаруға бағытталады. Яғни ұн және жарма өнімдерінен бастап, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жемге дейін өндіріледі. Бұл экспорт құрылымын әртараптандыруға, ішкі шикізатты тиімді пайдалануға және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да ықпал етеді. Кәсіпорында шамамен 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар инвестор жыл сайын 40-қа дейін білікті техникалық және биоинженерлік мамандар даярлауды өз міндетіне алады. Бұл жұмыс үздіксіз білім беру жүйесі арқылы, соның ішінде шетелдік тағылымдамалар мен халықаралық алмасу бағдарламаларын қамти отырып жүзеге асырылады, - делінген ақпаратта.

Зауыт базасында ғылыми-зерттеу және технологиялық зертхана құру жоспарланған. Бұдан бөлек, инвестор индустриялық аймақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға қосымша қаржы бөледі.

Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін Астана – Қарағанды автомагистралінде жолайырық салу, сондай-ақ индустриялық аймаққа апаратын жаңа автожол мен теміржол инфрақұрылымын дамыту көзделген.

Инвестор өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын қолдауға да қатысады. Жоба толық іске қосылғаннан кейін білім беру, мәдениет, спорт, жастар саясаты және денсаулық сақтау салаларындағы бастамаларға тұрақты түрде қаржы бөлінеді.

Сонымен қатар зауыт пайдалануға берілгеннен кейінгі екі жыл ішінде жүзу бассейні мен жекпе-жек залдары бар көпфункционалды спорттық-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, жоба елдің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігін нығайтып, өңделген өнімдердің экспорттағы үлесін арттыруға және Қазақстанның жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік өнім өндіруші ретіндегі позициясын күшейтуге ықпал етеді.

Айта кетейік, бұл жоба агроөнеркәсіп кешенінде терең өңдеу бағытындағы ірі бастамалардың бірі саналады.

Еске салайық, Қазақстанда астықты терең өңдеу негізінде БИ-95 отыны өндірісі іске қосылғаны хабарланды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 08:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары