Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ақмола облысында дәрігер тапшылығы 20% азайды

Ақмола облысында дәрігер тапшылығы 20% азайды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Биыл Ақмола облысында дәрігерлерге төленетін көтермеақы көлемі екі есе ұлғайды, деп хабарлайды 24KZ. Мәселен, ауылдық жерлерге баратын жас мамандарға 8,5 миллион теңге төленсе, қалалық ауруханаға орналасқандар 5 млн теңгеден алады. «Мемлекеттік қолдау аймақтағы дәрігер тапшылығын шешуге мүмкіндік береді», – дейді жауаптылар. Қазір өңірде 200-ге жуық медицина маманы жетіспейді.

Ілияс Қожанов жұмысқа былтыр көктемде орналасқан жас маман. Қазір қала іргесіндегі Красный Яр ауылында жұмыс істейді. Бір ерекшелігі, ол осы ауылдың тумасы. Жоғары оқу орнын тәмәмдағасын бірден туған еліне келеді. Дәрігерге уәде етілген көтермеақы беріліп, қазір баспана мәселесі шешіліп жатыр.

Ілияс Мұқажанов, дәрігер:

- Біздің ауылдағы мекемеміз қаладағыдан кем түспейді. Өйткені мында өзіміздің жоғары дәрежелі дәрігерлеріміз бар. Солардың көмектерінің арқасында бізде осындай бір тәжірибе алмасып, өзіміз дәрігер қатарына қосылып жатырмыз.

Осыған дейін аймаққа жас мамандар көбіне басқа қалалардан келетін. Ал қазір болашақ дәрігерлер облыс орталығында да оқытылады. Биыл алғашқы 100-ден астам түлек оқуын бітіріп шықты. Олардың қатарында Динара Бекімова да бар. Жас маман өзінің еңбек жолын ауылдан бастауды жөн санапты.

Динара Бекімова, дәрігер:

- Мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келдім. Кез келген жас маман ең алдымен осындай ауылдық жерлерде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтау керек деп есептеймін. Биылдан бастап ауылға келген жас мамандарға 8,5 млн теңгеден көтерме ақы беріліп жатыр. Бұл үлкен қолдау. Мен әлі алғаным жоқ. Бірақ қажетті құжаттарымды тапсырып қойдым.

Жалпы Красный яр ауылындағы емханаға 16 мың адам тіркелген. Оның ішінде жақын маңдағы ауыл тұрғындары да бар. Ал бұл жандарға 20 медицина маманы қызмет көрсетеді.

Мақпал Айтпаева, Бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы директорының орынбасары:

- Біздің ауылдық емханамызда жас мамандардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Былтыр екі маман келсе, оның бірі жалпы тәжірибелік дәрігер, бірі педиатор маман. Биыл тағы екі маман келді. Екеуі де жалпы тәжірибелік дәрігерлер. Сол мамандардың арқасында біздің дәрігерлерге деген тапшылық жойылды.

Жыл санап аймақтағы дәрігер тапшылығы шешіліп келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл өңірдегі кадр тапшылығы 20% қысқарды.

Бақыт Төребекова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

- Былтыр келген 117 жас маманға бірреттік әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оған 492 млн теңге бөлінді. Биылдан бастап ауылдық жерлерге баратын жас мамандарға 8,5 млн теңгеден көтермеақы қарастырылған. Әзірге тек екі маманға ғана берілді. Оның бірі Жарқайың, енді бірі Қорғалжын ауданындағы ауруханаға жұмысқа орналасты.

Жалпы биыл өңірге 200-ден астам медицина қызметкері келген. Оның 60-тан астамы ауылдық жерге қызметке орналасты. Сонымен қатар осы жылы 93 жас маман баспанамен қамтылды.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 09:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары