Ақмола облысында көлік қағып кеткен 8 жастағы қыз көз жұмды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Mercedes көлігі 8 жастағы қызды қағып кетіп, бала алған жарақатынан аурухана кереуетінде көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Макинск қаласындағы Мәскеу көшесінде болған.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жолдың белгіленбеген тұсынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол апатынан зардап шеккен 2018 жылы туған қыз медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Қайғылы жағдайға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қазір жол апатының барлық мән-жайы анықталуда.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 10:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















