Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ҰҚК мемлекеттік қызметтері жаңартылды

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ҰҚК мемлекеттік қызметтері жаңартылды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атап айтқанда, "Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу қызметін жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары жаңа редакцияда бекітілді.

Қағидалар қызметтің мынадай кіші түрлері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай тәртібін айқындайды:

жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу және өндіру;жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу.

Мемлекеттік қызметті лицензия алу үшін өтініш берген жеке немесе заңды тұлғаларға (заңды тұлғаның филиалдарына немесе өкілдіктеріне, лицензиаттарға) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы egov.kz және elicense.kz электрондық үкіметтің веб-порталдары арқылы қызмет көрсетушіге құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу қызметіне лицензия беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Қызмет көрсетуші лицензия беру үшін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Сонымен қатар қызмет көрсетуші қызмет алушыға барып профилактикалық бақылау жүргізеді. Оның барысында:

құжаттардың түпнұсқалары;қызмет алушының арнайы бөлінген үй-жайлары;техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу жабдықтарының ең төменгі қажетті жиынтығының болуы тексеріледі.

Қызмет алушыға барып профилактикалық бақылау жүргізілгеннен кейін қызмет көрсетуші мәлімделген мамандардың білім деңгейін біліктілік сынағының нәтижелері негізінде бағалайды.

Қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша қызмет көрсетуші үш жұмыс күні ішінде уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түрінде қызметтің кіші түрі немесе кіші түрлері көрсетілген лицензияны дайындайды немесе лицензия беруден алдын ала бас тарту туралы шешім қабылданғаны жөнінде, сондай-ақ қызмет алушының алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабарлама жібереді.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет көрсетуші қызметтің кіші түрі немесе кіші түрлері көрсетілген лицензия береді немесе мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының 11-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден дәлелді түрде бас тартып, шешімді порталдағы қызмет алушының "Жеке кабинетіне" жолдайды.

Лицензия мынадай жағдайларда қайта ресімделуге тиіс:

жеке тұлға-лицензиаттың тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі;

жеке кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының немесе заңды мекенжайының өзгеруі;заңды тұлға-лицензиаттың қайта ұйымдастырылуы;заңды тұлға-лицензиаттың атауының немесе орналасқан жерінің өзгеруі;Қазақстан Республикасының заңдарында лицензияны қайта ресімдеу туралы талаптың болуы.

Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде берілуі тиіс.

Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады.

Қызмет көрсетуші өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістерді тексереді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет мемлекеттік рұқсаттар мен хабарламалардың цифрлық жүйесі арқылы көрсетілген кезде, қызмет көрсету кезеңдері туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеу цифрлық жүйесіне автоматты түрде түсетіні көрсетілген.

Бұдан бөлек, мына мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары да жаңа редакцияда бекітілді:

"Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;"Ақпараттың техникалық таралу арналары мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының және киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қою қызметінің қызметі шеңберінде қызмет көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;"Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;"Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;"Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу мәселесі бойынша техникалық зерттеу қорытындысын беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;"Құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдары бар тауарлардың (өнімнің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;"Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзге тұлғаға беруге) рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.

Бұйрық 2026 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 18:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары