АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды
Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: Getty Images
АҚШ-тың салық заңнамасына сәйкес, ел резиденті болып саналмайтын шетелдік спортшыларға төленетін белгілі бір сыйақыларға 30 пайыз көлемінде федералдық салық салынады. Бұл мөлшер тек арнайы салық келісімдері немесе өзге де жеңілдіктер болған жағдайда ғана өзгеруі мүмкін.
Осыған байланысты Испания құрамасы 50 миллион доллардың шамамен 15 миллионын салық ретінде төлейді. Сондай-ақ АҚШ аумағында өткен әлем чемпионатының матчтарына қатысқан барлық құрамалар, тіпті қатысқаны үшін ғана төлем алған жағдайда да, салық төлеуге міндетті болады.
Испанияның чемпиондық фотосы: FIFA Трампты кадрдан қиып тастады
АҚШ Конгресінің республикалық партиядан сайланған мүшесі Тим Берчетт мұндай жүйені сынға алды.
«Меніңше, бұл – тонаумен тең. Біз олардың елге келіп, ақша жұмсағанын қалаймыз, бірақ кейін сол қаржының едәуір бөлігін салық ретінде алып қоямыз. Бізге тиімдірек салық жүйесі қажет», деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Шілде 2026 20:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















