Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстандық садақшылар әлем чемпионы

Қазақстандық садақшылар әлем чемпионы

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Оңтүстік Кореяда қазақстандық садақшылар айқын жеңіске жетті.

Олар Ульсан қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп, 31 елдің спортшыларын шаң қаптырды. Жарыс қорытындысы бойынша  спортшыларымыз  жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Қазіргі Корея аумағындағы алғашқы садақ атушылар осы өңірде пайда болған деп есептеледі. Өткен ғасырдың 70-жылдары Ульсан қаласының маңынан арбалетке ұқсас қару бейнеленген петроглифтер табылған. Сондықтан дәстүрлі садақ ату федерациясының штаб-пәтері осында орналасқан. Содан да болар, осы қалада спорттың осы түрінен әлем кубогін өткізу туралы шешім қабылданды.

Оңтүстік Кореяда дәстүрлі садақ атудан алғашқы әлем кубогын өткізу туралы шешім кореялық  спортшылар  Астанада өткен Көшпенділер ойындарына қатысқаннан кейін қабылданған. Турнир бағдарламасына қазақтың жамбы ату сайысы да енгізілді. Нысанаға тек ат үстінен емес,  жерде тұрып атуға рұхсат етілді. Ал  дәстүрлі садақ атуды әлемге таныту ісіне Қазақстанда кеңінен танымал оңтүстіккореялық актер атсалыспақ.

Сон Иль Гук, актёр:

- Мен «Ханзада Джумонг» телехикаясы арқылы әлемге корейдің дәстүрлі садағының артықшылығын танытқаныма мақтанамын. Енді Ульсанда өтетін әлемдік садақ ату жарыстарының ізгі ниет елшісі болғанымды да шын жүректен мақтан тұтамын. Бұл - садақтың туған жері.

Жарыс 4 категория бойынша өтті – корей ережесімен 145 метрден, еуропалық немесе венгрлік ережемен 90 метрден, түрік ережесімен 70 метрден және қазақ ережесімен 30 метрден ату. Соңғы екі санатта екінші орынды Түркістан облысы Төле би ауданының тумасы Мақсат Әбдікерімов жеңіп алды. Бұл спорт түрімен ол 5 жылдан бері айналысып келеді.

Мақсат Әбдікерімов, дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Руым Қапал батыр болғандықтан сол тікелей сол жақтан келді деп ойлаймын. Ата-бабамыздың қалай елді қорғағандығын сезіну үшін осы нәрсемен айналысып тұрмын. Өте қиын. Біз олардың дәрежесіне жететін мерген болған жоқпыз, бірақ соның өзінде әлі жету қиын. Барынша айналысамыз деп ойлаймын.

Жамбы ату санатында бірінші орынды иеленген Аяш Кабдоллаеваның да бабасы  атақты Барақ батыр екен. Алайда оны садақ атуға қызықтырған – келіні, Қазақстан құрамасының мүшесі Ажар Төлеуқанова. Қазір Аяшпен бірге бұл спортпен жары да айналысады және  ол садақ жебесін өзі жасайды. Ал спорттан бос уақытта Аяш Кабдоллаева балалар шығармашылық үйінде ұстаздық етеді.

Аяш Қабдоллаева, дәстүрлі садақ атудан әлем кубогының чемпионы:

- Садақ ату маған өте ұнайды. Талап, ынта, мақсат болса, тіпті қиын емес. Кез келген жаста, кез келген уақытта қатыса беруге болады. Мен мысалы, өзім шамалас адамдарға да, үлкен адамдарға да айтар едім: «қорықпаңыздар, келіңіздер, қатысыңыздар» деп. Қазақ елінің намысын қорғайтын қазақ әйел-нәзік жандар керек.

Әлем кубогының алғашқы күнінде жарысқа қатысушы 32 елдің өкілдері штаб-пәтері Ульсанда орналасатын Дәстүрлі садақ ату бойынша Әлемдік федерация құру туралы хаттамаға қол қойды.

Ким Джун Дон, дәстүрлі садақ атудан әлем кубогын ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

- Әлем кубогының жалпы жүлде қоры 73 мың АҚШ долларынан асады. Жалпыкомандалық бірінші орын үшін жүлде – шамамен 10,5 мың доллар. Ең үздік нәтиже көрсеткен спортшыға шамамен 5 мың доллар табыстаймыз. Ал төрт санаттың жеңімпаздарының әрқайсысы 1700 доллардан астам сыйақы алады. Келесі жылдан бастап жүлде қорын айтарлықтай арттырамыз.

Әлем кубогының ұйымдастырушылары келесі екі турнирді де Ульсанда өткізуді жоспарлап отыр. Қатысушы елдердің санын 50-ге дейін көбейту көзделген.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 22:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары