Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

АҚШ Еуропадағы өзінің әскери стратегиясын қайта қарауды бастады

АҚШ Еуропадағы өзінің әскери стратегиясын қайта қарауды бастады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Америка Құрама Штаттары Еуропадағы әскери қатысуын қайта қарауды бастады. Еуропадағы әскери стратегияға алты айлық ревизия жүргізілетіні туралы алғаш рет 2026 жылғы маусымда НАТО-ның министрлер деңгейіндегі кездесуі барысында АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсетт мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz Politico басылымына сілтеме жасап.

28 шілдеде Америка Құрама Штаттары Еуропадағы стратегиясын қайта қарауға кірісті, бұл процесс құрлықтағы америкалық әскерлер мен әскери техниканың санын айқындайды, деп мәлімдеді АҚШ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі.

"Бұл – Еуропа өзінің әдеттегі қорғанысы үшін негізгі жауапкершілікті өз мойнына алуы жолында НАТО-ның жылдам әрі қайтпас ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тексеру болады", - деп жазды АҚШ Қорғаныс министрінің орынбасары Элбридж Колби X желісінде.

Колби "НАТО 3.0" терминін енгізе отырып, "бұл қайта қараудың нәтижесі НАТО-ның анағұрлым қуатты, әділетті және тұрақты альянсқа айналуын жеделдетеді" деп мәлімдеді.

Уашингтон ревизия жүргізуде НАТО-ның Еуропадағы біріккен күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы генерал Алексус Гринкевичпен тығыз жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ еуропалық одақтастармен және Еуропада қалуы тиіс америкалық әскерлердің ең аз мөлшерін белгілеген Конгреспен ақылдасады.

Бұған дейін Уашингтон әскерлерін Германиядан шығару және НАТО-ның күштерді жоспарлауына қосатын үлесін, соның ішінде жойғыш ұшақтар, жанармай құюшы ұшақтар, теңіз патрульдік ұшақтары мен әскери-теңіз күштері сияқты жоғары технологиялық құралдарды қысқарту бойынша шаралар қабылдаған еді.

Euronews жазуынша, бұл қадам еуропалық одақтастар үшін күтпеген жағдай болмаса да, ауыр соққы болды, себебі оларға барған сайын болжау қиын болып бара жатқан серіктеспен істес болуға тура келеді.

Шығыс қанат елдері Уашингтоннан өз аумақтарында әскер мен әскери техниканы сақтап қалуды сұрап отыр. Польша АҚШ-тың тұрақты қатысуына қол жеткізу үшін Америка әкімшілігімен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр: өткен аптада Польша Қорғаныс министрлігі америкалық әскери базаларды қаржыландыру тәртібін айқындайтын заң жобасы дайын екенін мәлімдеді.

Кейінгі айларда еуропалық одақтастар мен Канада Уашингтонның қауіпсіздік саласындағы міндеттемелеріне қатысты өсіп келе жатқан белгісіздікке жауап ретінде жеке қорғаныс қабілетін нығайту бойынша күш-жігерін жеделдетті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 08:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары