АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Қазақстанға келді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.
Бүгін Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті.
Сондай-ақ олар Алматыдағы заманауи өнер музейіне, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені мен «Медеу» мұзайдынына барды.
Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 17:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















