АҚШ Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздерді қайта жандандыруға кірісті The New York Times
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АҚШ Украинадағы соғыс шиеленісе түскен тұста Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді қайта жандандыруға әрекет жасап жатыр. The New York Times мәліметінше, Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеуге келіссөз жүргізу үшін барды. Бұдан кейін олар Киевке сапар шегеді.
Бұған дейінгі келіссөздер ақпан айында Абу-Даби мен Женевада өткен, алайда тараптар негізгі мәселелер бойынша келісімге келе алмады. Келіссөздердегі басты кедергілердің қатарында Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері, аумақ мәселесі, батыс әскерлерін Украинада орналастыру мүмкіндігі және Запорожье атом электр станциясының болашағы бар.
Әсіресе аумақ мәселесінде тараптардың ұстанымы алшақ. Ресей Украина бақылауындағы Донецк облысының аумақтарына қатысты талап қойып отыр. Украина әскерін біржақты шығарудан бас тартып, ықтимал атысты тоқтату режимінің сақталуына кепілдік берілуін талап етеді.
NYT дерегінше, жаңа келіссөздердің нәтижесі әзірге белгісіз. Киевте тіпті оң сценарийдің өзінде келіссөздер соғысты 2027 жылдың көктеміне дейін тоқтатпауы мүмкін деген пікір бар. Бұл ретте соңғы уақытта екі тарап та әуе шабуылдарының қарқынын арттырған
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 19:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















