Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ақтауда делдалдар жойылып, азық түлік бағасы арзандады

Ақтауда делдалдар жойылып, азық түлік бағасы арзандады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдәбеков Ақтау қаласындағы көтерме базарларды аралады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол «Асар-С» базарын, сондай-ақ KazFruit және Asia Fruit Aktau ірі көкөніс қоймаларын аралады. Бұл нысандар арқылы Маңғыстау облысына өнімнің негізгі бөлігі жеткізіледі. Аталған жұмыс Премьер-министр Олжас Бектенов тапсырмасы аясында, азық-түлік нарықтарында тәртіп орнату және тиімсіз делдалдықты жою мақсатында жүргізілді.

Өңірде арнайы комиссия құрылып, «Көк базар», «Асар-С» базарларында және «Мағаш» базарының ет секторында мониторинг жүргізді. Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталды. Бес кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген сауда үстемесінен жоғары бағамен сатқан. Оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Сонымен қатар «Мағаш» базарында ет өнімдерінің бағасын негізсіз көтеру дерегі тіркелді. Комиссияның араласуынан кейін еттің бір келісінің бағасы 4 500 теңгеден 3 500 теңгеге дейін төмендетілді.

Бұдан бөлек, жеткізу тізбектерінде артық делдалдық буындар анықталды. Бір күн ішінде бір тауар бойынша бірнеше мәміле жасалған жағдайлар тіркелген. Нәтижесінде, «Товары и Сервис» ЖШС тиімсіз делдал ретінде танылып, жеткізу тізбегінен шығарылды. Бұл Ақтаудағы ірі сауда желілерінің біріне өнімді көтерме жеткізушіден тікелей сатып алуға мүмкіндік беріп, картоп бағасын 275 теңгеден 242 теңгеге, пиязды 165 теңгеден 132 теңгеге дейін төмендетуге ықпал етті.

Ұқсас жағдай көкөніс жеткізу барысында Asia Fruit Aktau мен Asia Fruit Aktau KZ арасында да анықталды. Делдал алынып тасталғаннан кейін сауда желісі тікелей сатып алуға көшіп, картоп бағасы 235 теңгеден 225 теңгеге, сәбіз 264 теңгеден 205 теңгеге дейін төмендеді.

«Өңірде делдалдық схемаларды анықтау бағытындағы жұмысты күшейту қажет. Жыл басынан бері анықталған делдалдар саны аз және бұл көрсеткіш күмән тудырады. Сонымен қатар Маңғыстау облысына өнімнің басым бөлігі импорттаушылар мен өзге өңірлердің көтерме жеткізушілері арқылы жеткізілетін аймақтардың бірі болып отыр. Бұл мәселенің түйіні аймақ басшылығының нақты әрі нәтижелі жұмысына байланысты. Тиісті деңгейде жұмыс жүргізілген жағдайда делдалдық схемаларды жүйелі түрде анықтауға болады», –  деді Айдар Әбілдәбеков.

Анықтама үшін: 2026 жылдың басынан бастап мемлекеттік бақылау күшейтілді. 23 сәуірдегі жағдай бойынша 204-4-бап бойынша 1 406 айыппұл салынды, бұл 2025 жылы осы бап бойынша тіркелген құқықбұзушылықтардың шамамен 50 пайызына тең. Айыппұлдардың жалпы сомасы 53 млн теңгеден асты. Оның ішінде Маңғыстау облысында 49 айыппұл салынып, жалпы сомасы 540 мың теңгені құрады.

Баға айырмашылығын қолдану және баға белгісінің болмауы бойынша 489 қаулы шығарылып, 18,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ішінде Маңғыстау облысында 36 қаулы шығарылып, 1,1 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Қозғалған әкімшілік істер саны бойынша Маңғыстау облысы өңірлер арасында 4-орында тұр.

Делдалдық схемаларды анықтау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы жандандырылды. Республика бойынша 372 отырыс өткізіліп, 1 092 заңбұзушылық анықталды, 974 хаттама толтырылып, 118 делдал жеткізу тізбегінен шығарылды.

Маңғыстау облысында 23 сәуірдегі жағдай бойынша, 27 отырыс өткізілді. Нәтижесінде, 51 заңбұзушылық анықталып, оның 49-ында сауда үстемесінің асып кетуі тіркеліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар 2 тиімсіз делдал жеткізу тізбегінен шығарылды.

Анықталған деректер саны бойынша өңір облыстар арасында 6-орында.

Сонымен қатар электронды шот-фактураларға талдау жүргізілуде. Барлығы 4 395 жеткізу тізбегі зерделеніп, 2 361 тәуекел анықталды. Бұл артық үстеме мен сауда заңнамасын бұзу жағдайларын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 02:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары