Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ақтаулық мерзімді қызметтегі сарбаздың ата анасы ұлы ауруханаға түскеннен кейін оны әскерден алып кетпекші

Ақтаулық мерзімді қызметтегі сарбаздың ата анасы ұлы ауруханаға түскеннен кейін оны әскерден алып кетпекші

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақтаудан шақыртылған 18 жастағы сарбаз Ақтөбеде ауруханаға түсті. Оның туыстарының айтуынша, № 6655 әскери бөліміндегі сержанттар сарбазды ауруханаға түсер алдында бірнеше рет соққыға жыққан. Сарбаздың өзі полицияға арызданып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді ата-анасы ұлын әрі қарайғы қызметтен босатуды сұрап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 қыркүйекте Еркебұлан Досымбет кіші дәретке шығудың қиындауына байланысты Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасына жатқызылды. Мерзімді қызметтегі сарбаздың ата-анасы ұлының ауруханаға түскенін кездейсоқ білген. Отбасы бірден Ақтаудан Ақтөбеге барды.

"Қазір оның жағдайы нашар – катетер қойылған, өздігінен дәретке шыға алмайды. Көзі шүңірейіп кеткен. Ол сержанттар ұрып-соққанын, ара-тұра соққы астына алғанын айтады. Камера жоқ каптеркаға алып барып, сол жерде ұрған", – деді сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаева Tengrinews.kz тілшісіне.

Жас жігіт өздігінен кіші дәретке шыға алмай қалған соң дәрігерлерге жүгінген. Мамандар бұл ақау алған жарақаттан болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Тексеру және анамнез жинау кезінде пациент жарақат алғаны анықталды. Ауруханаға түскен сәтте оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде бағаланды. Анамнезге сүйенсек, ауру қуық қызметінің уақытша бұзылуына әкеп соққан жарақатпен байланысты болуы мүмкін. Көп жағдайда бұл соққы мен жарақаттарға қатысты", – деді Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әділбек Исмайылов.

Еркебұлан Досымбет № 6655 әскери бөліміне үш ай бұрын келген. Туыстары жас жігіт әскерге өз еркімен барып, Ақтаудан шақыртылғанын айтады. Қазір сарбаздың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қатардағы жауынгер Еркебұлан Досымбет Данилович 3 қыркүйекте Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасына "бақылаудағы цистит" алдын ала диагнозымен жатқызылды. 4 қыркүйекте ол полицияға арыз түсірді. Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының әскери-тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 451-бабы, 1-бөлігі "Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғады. 5 қыркүйекте Ақтөбеге Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы мен арнайы комиссия келді. Кешенді іс-шаралар мен қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді № 6655 әскери бөлімі командирінің орынбасары Төлеген Тұрақбаев.


Материалды дайындау барысында Tengrinews.kz тілшісіне өзін сержант Ерболат Зуадинов деп таныстырған әскери бөлім қызметкері телефон шалды. Ол сарбаз жанжалды өзі тудырғанын алға тартып, Еркебұлан Досымбеттің бұйрыққа бағынбағаны түсірілген видеоны жіберді.

Сарбаздың туыстары бұл нұсқамен келіспейді. Олар ұлдары ешқашан агрессия көрсетпегенін айтып, оның қазіргі жағдайына алаңдаулы.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Астана-1 вокзалын жөндеу: қашан аяқталады және қазіргі жағдайы қандай?

05 қыркүйек 14:58 1

"Мен енді ұлымды бұл бөлімде қалдыра алмаймын. Оның үстіне астигматизмі бар, көзі минус төрт. Мен оның әскерден босатылғанын қалаймын. Ұлымның өзі де бұл жерде қалғысы келмейді. Оның алдағы жай-күйіне қорқамыз. Қазір оның психологиялық жағдайы ауыр", – деді сарбаздың әкесі Данил Досымбаев.

Ата-анасы ұлдарын басқа бөлімге ауыстыруға немесе қызметтен мүлдем босатуға қол жеткізбекші. Соққыға жығу дерегінің мән-жайын қазір тергеу тобы мен Ұлттық ұланның арнайы комиссиясы анықтап жатыр.

Ақтаулық сарбаз Ақтөбедегі әскери бөлімде соққыға жығылғанын айтты

Еске сала кетейік, бұған дейін әскери қызметші Еркебұлан Досымбет видео жариялап, онда сержанттардың өзін ара-тұра ұрып-соққанын айтып, анасымен сөйлескенде олардың аты-жөнін атаған. Үш әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, олардың әскери бөлімдегі қазіргі мәртебесі нақтыланбады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 19:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see124

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары