Ақтөбе облысындағы жол апаты: ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы белгілі болды
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қайтыс болып, бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға түскендердің жағдайы туралы айтты.
Ауруханаға алты адам жеткізілген.
"Медициналық мекемеге жеткізілген алты адамның үшеуінің жағдайы – ауыр. Екі адамның жағдайы орташа. Бір адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 08:40 шамасында Ақтөбе облысында Белқопа ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болып, 12 адам көз жұмды.
Қазавтожол республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шұғыл шектеу қойды.


