Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ақтөбеде сот отырысына қатысушылар дау тудырған көпқабатты ғимаратты аралады

Ақтөбеде сот отырысына қатысушылар дау тудырған көпқабатты ғимаратты аралады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

№ 2 Ақтөбе қалалық сотында Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы, депутаты және Мұғалжар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты іс қаралып жатыр. Сотталушылардың үшеуі де өзіне тағылған айыппен келіспеді. Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы бес қабатты ғимаратты 2020 жылы 8 млн теңгеге сатып алған. Кейін оған жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сатуды жоспарлайды. Ол үшін бұрынғы жатақхана ғимаратының техникалық төлқұжатын тұрғын үй деп өзгертіп, инженерлік желілерді тартады. Дәл сол шақта сотталушылардың бірі, депутат сатуға көмектесу туралы ұсыныс береді.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

- Алғашқы кезде құр қаңқасы тұрды. Кейін мен жертөлесінен бастап барлығын жөндедім. Газды қосып, тұрғындарды кіргізуге дайындалды. Жөндеу жұмыстарына отбасылық қаржыны салдым, кейбірін таныстарымнан қарызға алдым. Мен алғанда жатақхана, кейін ол көпқабатты үйге айналды. Оған қажетті барлық құжат тапсырылды. Кейін үйді әйеліне сыйға бердім. Ол сату жұмыстарын ұйымдастырды. Маған сатуға көмектесу ұсынысын айтқан адаммен де әйелім келісті, - деді сотталушы.

Мұғалжар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы да сотта тағылған айыппен келіспеді. Ол жұмыстың бәрі аудан әкімі Дархан Ермағамбетовпен арадағы келісім аясында атқарылғанын айтты.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

- Республикалық бюджеттен алғашында 105 600 000 теңге ақша бөлінді. Ақша 11 пәтер алуға берілді. Сол кезде конкурс жарияланғанымен ешқандай да ұсыныс түспеді. Кейін аудан әкімі Дархан Ермағамбетов тағы 59 пәтерге ақша бөлінетін айтты. Мен құжаттарын жасадым. Алайда техникалық негіздеме ұнамай, әкім дайын құжатты үлгі ретінде көрсетті. Сол техникалық негіздеме аясында біз 2023 жылдың қыркүйек айында конкурс жарияладық. Конкурсқа бір ғана адам қатысты. Біз құжаттарын тексердік, бәрі талапқа сай болды. Барлық жерге тұрған үй, пәтер деп көрсетілген. Егер қаржы игерілмесе, республика ақшаны кері алып, біз жазаланатын едік. Барлық қаржы бөлінді, - деді Мұғалжар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Қаржы түгел аударылғанымен, қыста боран кезінде шатыры ұшып, құбыр жарылған, пәтер ішін су басқан. Үйді тапсыру тағы екі айға кейінгі шегерілгенімен, тексеру басталды.

- Менің арам ойым болмады, жеке пайда таппадым. Басшының қызметін уақытша атқардым,- деді сотталушы.

Сот оқиға орнын қарау туралы қаулы шығарып, іс қатысушылары Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласына барды. Көшпелі сот отырысы кезінде көпқабатты ғимарат ішін аралап, қарап шықты.Қазіргі кезде бірінші қабаттағы терезелері сынып, оны қаңылтырмен қаптаған. Сонымен бірге бірнеше қабатта әйнек сынып тұр.

Еске салсақ, Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы, депутаты және Мұғалжар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушыға «Алаяқтық», «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру», «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» баптары бойынша айып тағылып жатыр. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 19:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары