Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Ақылы кеңестерге байыппен қарайық

Ақылы кеңестерге байыппен қарайық

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгінде интернет – тіршіліктің ажырамас бөлігі. Он шақты жыл бұрын әлеуметтік желіге тәуелді өмір сүреміз десе, көпшілік сенбес еді. Ал қазір онлайн болмаған сә­тіңде – уақытың зая кеткендей күй кешесің. Ақпарат тасқынына ілесіп үлгермесең, әлденеден құр қал­ғандай күйзелесің. Көбімізде интер­неттегі ақпаратқа имму­ни­тет қалыптаспаған, сүзгі жоқ. Қажетті-қажетсіз ақпарат, орынды-орынсыз ақыл-кеңесті тал­ғамсыз-талғаусыз сіңіре бере­тініміз де жасырын емес. Осыдан кейін де қарадан ақты, асылдан жасықты ажырата білмейтін жұртқа ақыл айтатындар көбейді.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желіде (Instagram, TikTok) ұтыс ойнататын әккілер жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап еді. Қазір тиісті заң қабылданып, жағдай біршама реттелгендей болды. Дегенмен әккіден айла артылған ба? Бір әдісі әшкере болса, екіншісі табылады. Халықтан жылу жинап, қыруар қаржыны қалтаға басып келгендердің ісі де анықталып жатыр. Танымал тұлғаларды, өнер жұлдыздарын жұмылдыру арқылы халықтың сеніміне кіру белең алды. Адам психологиясын терең меңгеріп, әлсіз тұстарын дәл тапқан айлакер қауым желі қолданушыларын оңай арбап, қажетіне қарай бағыттай алады. Бірі курс сатады, екіншісі әлеуметтік, оның ішінде отбасы, ошақ қасындағы әңгімелерді ашық айтып, ол бойынша кеңес беріп ақша табады. Бұл үрдіс те отбасы институтының әлсіреп бара жатқанының көрінісі дейді мамандар.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтану кафедрасы­ның ғалымы Нұрлан Байғабылов мұн­дай үдерістің қоғамға, ұлтқа қауіпті екенін алға тартады.

– Қауіптісі сол, отбасын құрмаған жас­тар да психолог, коуч болып елге дәріс беріп жүр. Әлеуметтік желіні аша қал­саң, солардың ақылы жарнамалары лып етіп алдыңнан шыға келеді. Оған көз де үйреніп қалды. Олар ажырасуды «еркін­діктің белгісі» ретінде қарастырып, отбасы құндылығын әлсіретуге күш салып келеді. Ең жаманы, осындай коуч, психологтер­дің айтқанын оқырман қалыпты жағдай деп ойлайды. Цифрлық дәуірде өмір сүріп жатқан «екінші модерн жастар» дәстүрлі нормаларды ысырып, жеке таң­дауға, еркіндік пен өзін-өзі дамытуға басымдық береді. Әрі осыған ұқсас ақпараттарды тез қабылдайды. Әйгілі әлеуметтанушы Рональд Инглхарт постматериализм теориясы бойынша қоғам­да адамдардың құндылықтары материал­дық қауіпсіздіктен постматериалдық құн­­дылықтарға (жеке еркіндік, эмоционалды қанағаттану) ауысатынын айтқан. Жастардың «ажырасып, еркін болу» идея­сын қолдауы – осы постматериалистік құндылықтардың айғағы. Демек отбасы мен неке мәселелеріне жеңіл қарау немесе ажырасуды еркіндіктің белгісі ретін­де ұсыну – жеке адамдардың көзқара­сы ғана емес, қоғамдағы нормалар мен құн­дылықтар өзгерісінің әлеуметтік салдары. Сондықтан әр қоғам мүшесі желідегі ақпаратқа сыни көзқараспен қарап, керегін ғана алғаны абзал,– дейді Н.Байғабылов.

«Интернетте орынды-орынсыз ақыл айтатындардың жұмысын реттеуге бола ма?» деген сауалымызға әлеуметтанушы «иә, сөз бостандығы деген бар, бірақ, ақпарат таратушыда жауапкершілік болуға тиіс» деп жауап берді. Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, жүйелі шешім қабылданса, желідегі жүгенсіздікті реттеуге болады деген ой айтты. Бұл да орынды пікір. Себебі қазір ажырасуды дәріптеп, жалғыз жүріп табысқа жетесің деген кері кеткен ойды насихаттайтындар көбейді. Ақпараттарды ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдайтындар бар, ал эмоцияға бой алдырып, өз өмірін иллюзияға толы инстаграмдағы «мінсіз» өмірімен салыстыратындар да жетерлік.

Бүгінде еліміздің барлық өңіріндегі емханаларда психолог кабинеті ашыл­ған. Басы дауға қалып, мәселесін шеше ал­май жүргендер сол кабинеттерден тегін пси­хологиялық кеңес ала алады. Қанша дегенмен, курс сатып алғаннан психолог­пен бетпе-бет жүздесіп, әңгімелескен әлдеқай­да тиімді, пайдалырақ. «Almaz Medical Group» емханасының психологі Жанар Кеншінбекова да осы пікірді қуаттады.

– Қазір үйде отырып, тұрмыстағы күйбең тіршіліктен шаршаған әйелдер көп. Әлеуметтік желідегі коуч, психо­логтердің арбауына солар көбірек тү­сіп қалады. Курс сатып алса, барлық ша­руасы шешілердей күйде болады. Алай­да коучтардың осындай сабақтары терең психотерапияға жатпайды. Психо­логияның өзі екі түрге бөлінеді. Бірі – консультативті болса, екіншісі – терең терапия. Біздегі коучтарды мотиваторлар деп атасақ та болады. Себебі олар күйзеліп, таусылып, тығырыққа тіре­ліп отырған адамдарды бір сәт қана қанат­тандырады. Жүрек түбіндегі жарасын емдемейді. Өйткені ол жараны ем­деу бірер күндік терапиямен шектелмей­ді. Емханадағы 18 жылдық тәжірибем­де маған жылдар бойы келгендер болды. Дәрігер­лер тікелей адам бойындағы ­ауру­­­мен алысса, біз сол ауруды тудыр­ған ішкі жан жарасын емдейміз. Негізі, қазір коуч, психологтер біз ойлағаннан да көп. Олар­дың жабық парақшаларда жүздеген адамның басын қосып, сабақ оқытаты­нын сол топқа қосылғандар ғана біл­еді. Әрі мұндай парақшаларды тексеріп, жұмысын бақылап отырған ешкім жоқ. Салық төлемейтіні де белгілі, – дейді Ж.Кеншінбекова.

Онсыз да өмірлік қиындыққа тап болып, тығырыққа тірелген адам несиеге ақылы дәріс сатып алып, одан ешқандай нәтиже болмаса, жығылғанға жұдырық болмай ма?

– Психолог – адам жанының емшісі. Оның бірінші мақсаты пайда табу емес, адамға көмектесу. Өзім де қаладан пси­хологиялық көмек көрсететін кабинет ашып алдым. Бірақ қандай жағдай болса да қызметімді бұлдаған емеспін. Алдымызға қиналып келген адамды кері қайтармаймыз. Қаражаты жоқ болса, тегін де көмек көрсетеміз. Себебі бізге ешкім жайдан-жай келмейді. Адамға адам жанашыр болмаса, көмектеспесе, жер басып жүргенімізден не қайыр? Елді арбап, небір құны қымбат сабақтарды сатып жүргендерге осыны ұқтыратын жан табылса екен, – деп түйіндеді психолог Ж.Кеншінбекова.

 «Ашық қоғам құрамыз» деген ұлт­тың ұстанымы салт-дәстүрден же­рі­ніп, өткеннен түгел бас тарту болмаса керек. Ашықтықтың түп негізі – әді­лет­ті, жаңашыл, еңбегі адал, сыбайлас жем­қорлықтан ада мемлекет құрсақ деген ізгі ұстаным екені анық. Әр мемлекеттің заңы, қағидалары, құндылықтары болса, әр отбасының да жеке шекарасы болады. Ата-ана мен бала, ене мен келін арасындағы мәселелер де ерте заманнан отбасы заңдылықтарымен реттеліп келді. Бір отбасының екінші отбасына ұқсауы, сол жолмен жүруі шарт емес. Бұл – қа­лыпты жағдай. Өкінішке қарай, ақылы дәріс оқимын деп отбасының берекесін қашырып, ажырасқандар да жоқ емес.

Сайып келгенде, жастар еліміздің бү­гіні мен болашағы үшін аса қажет ма­мандықтарды меңгеріп, терең білім алып, ғылым мен технологияны игеруге бет бұрса, бұл – елге деген шынайы жа­на­шырлықтың көрінісі. Қазір­гі кезеңде құрғақ насихат пен жөнсіз ақыл айту емес, үлгі боларлық нақты іс пен әділ бағалауға негізделген қоғамдық сана қажет. Әсіресе еңбек адамының қадірін арттырып, шынайы кәсіби шеберлікті бағалай білу – қоғамның мәдениеті мен дамуының көрсеткіші. Сол себепті жас­тарды білім мен біліктілікке ынталандыру, еңбекке құрметпен қарауға баулу – қоғамды жаң­ғыртудың маңызды тетігі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see162

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see160

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see159

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see152

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see151

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see148

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see146

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see142

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see142

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see139

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see137

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see134

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see133

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see132

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see131

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see127

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see127

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see125

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see122

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары