Машинист Қазақстан даласында адасып кеткен баланы құтқару үшін пойызды тоқтатты
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Оқиға 2026 жылғы 20 қыркүйекте сағат 12:30-да болған.
"Сарыөзек – Үштөбе учаскесімен келе жатқан жүк пойызының машинисі Тауарасы – Айнабұлақ аралығында теміржол маңынан төрт жасар баланы байқап қалған. Бала далада жалғыз өзі Айнабұлақ станциясына қарай кетіп бара жатқан", – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Сағатына шамамен 38 шақырым жылдамдықпен келе жатқан машинист пойызды тежеу арқылы тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізген.
Ол болған жағдай туралы пойыз диспетчеріне хабарлаған.
Кейін бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылды. Станция кезекшісі оның ата-анасымен байланысқан.
Бұған дейін, 2026 жылғы 28 тамызда, Көкшетау маңындағы теміржол өткелінде пойыздың жеңіл көлікті басып кете жаздағаны туралы жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Далада жалғыз келе жатқан: машинист бала үшін пойызды тоқтатты
21 Қыркүйек 2026 09:26
Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен үш жасар баланы тапты
27 Қазан 2025 12:52
Өскеменде ұландықтар адасып кеткен бес жасар баланы ата анасына табыстады
22 Тамыз 2026 17:41
Баланы құтқару үшін пәтерге жүгіріп кірген полицейлер қазақстандық әйелді оятты
30 Шілде 2026 14:59
Қарқаралы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
12 Қазан 2025 22:34
Көрілімдер:26
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қыркүйек 2026 10:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















