Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Ақмола облысында көлік өртенді

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

Ақын Маралтай Райымбекұлы білгісі келген жылқының кісінеу құпиясын ғалымдар тапты

Ақын Маралтай Райымбекұлы білгісі келген жылқының кісінеу құпиясын ғалымдар тапты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

The Associated Press агенттігінің зерттеуіне сүйенген Aikyn.kz жылқы  кісінеуінің жұмбақтарын талдайды.

Жылқының кісінеген үні жануарлар әлемінде бірегей құбылыс. Ғалымдар оның қалай пайда болатынын енді тапты. Жылқылар жаңа достар тапқанда, бұрыннан таныс жылқыларды көргенде және жемшөп берілетін қуанышты сәттерде кісінейді. Бірақ осы өзіне тән дыбысты, кісінеуді олар қалай шығаратыны ұзақ уақыт бойы ғалымдар үшін жұмбақ болып келді. Бұл жұмбақ енді шешілді.

Кісінеу – ысқыру, пысқыру мен «ән салудың» қосындысы екен. Арнайы зерттеу жүргізген Копенгаген университеті ғалымдарының пікірінше, екітонды кісінеу жылқыларға бір мезетте бірнеше хабарды жеткізуге көмектесуі мүмкін.

Кісінеу – бір мезетте қатар шығатын жоғары және төмен дыбыстардың тосын үйлесімі екен. Ол бір жағынан қорсылдағанға, бір жағынан шиқылдағанға ұқсайды.

Төмен тембр аса құпия емес еді. Ол көмейдегі тін жолақтарының үстімен ауа өткен кезде пайда болады. Бұл тіндер дірілдеп, дыбыс шығарады. Бұл тәсіл адамдардың сөйлегені мен ән салғанына ұқсайды.

Ал жоғары жиіліктегі дыбысты шығару себебін ғалымдар көп уақыт түсіндіре алмады. Кейбір ерекшеліктерді есептемегенде, ірі жануарлардың дауыс аппараты жақсырақ дамығанымен, олар әдетте төмен дыбыстар шығарады. Онда жылқылар мұны қалай істейді?

Жаңа зерттеуге сәйкес, олар ысқырады екен. Зерттеушілер жылқылар кісінегенде және жылқыға тән кең тараған дыбысты, яғни әлдеқайда жұмсақ, әрең естілетін кісінеуді шығарғанда, ішкі жағында не болатынын түсіру үшін, олардың мұрын жолдары арқылы шағын камера енгізді. Олар өлген жылқылардың оқшауланған дауыс сіңірлерін мұқият сканерлеп, ішінен ауа үрлеп тексерген.

Нәтижесінде, кісінеудің жұмбақ болып келген жоғары дыбыстары – жылқының дауыс аппаратынан басталатын ысқырықтың бір түрі екені анықталды. Ауа дауыс аппаратындағы тіндерді дірілдетеді, ал одан сәл жоғарырақ аймақ жиырылып, ысқырық шығатын өте шағын тесікті қалыптастырады. Бұл біздің ауызбен шығаратын ысқырығымыздан өзгеше.

«Мұнда ысқырық элементі бар деп ешқашан ойламаппын. Бұл шынымен қызық, енді мен оны ести аламын», – дейді Коннектикут университетінде жылқыларды зерттейтін Дженнифер Надьо.

Кейбір ұсақ кеміргіштер, мысалы, егеуқұйрықтар мен тышқандар, осындай жолмен ысқыра алады. Бірақ жылқылар – бұндай қабілеті бар алғаш белгілі ірі сүтқоректілер. Олар сондай-ақ «ән салу» кезінде дауыс сіңірлері арқылы ысқыруға қабілетті жалғыз жануарлар болып отыр.

«Кісінеу жай ғана кісінеу емес, екі түрлі механизм тудыратын екі бөлек негізгі жиіліктің өзара әрекеттесуінен пайда болатынын білгенде, біз қатты қуанып кеттік», – деп жазды зерттеуге пікір білдірген Ратгерс университетінің жылқы шаруашылығы орталығынан Алиса Хербст электронды хатында.Әлі шешілмеген басты сұрақтардың бірі – жылқылардағы осы екітонды дыбыс қалай пайда болды? Пржевальский жылқылары ұқсас дыбыстар шығара алады, бұланда да осындайға жақын үн бар. Бірақ жылқылардың алыс туыстары саналатын есектер мен зебралар бұндай жоғары дыбыстарды шығара алмайды.

«Екітонды кісінеу жылқыларға бір уақытта бірнеше хабар жеткізуге көмектесуі мүмкін. Кісінеудің әртүрлі биіктігі олардың қарым-қатынас кезінде сезімнің анағұрлым күрделі ауқымын білдіруіне жағдай жасайды. Олар эмоцияны осы екі өлшем арқылы көрсете алады», – дейді зерттеу авторы, Копенгаген университетінің ғалымы Элоди Мандель-Брифер.

Жылқы алғаш рет қазақ даласында 5000-6000 жыл бұрын (Ботай мәдениеті) қолға үйретілгенін біздің ғалымдар ағылшын, америкалық және француз әріптестерімен бірлесіп дәлелдегенін білеміз. «Қазақ пен жылқы – егіз ұғым» деп жиі естиміз, бірақ осы қасиетті жануардың кісінеу себептерін біздің ғалымдар зерттемепті. Ал қазақ ақындары білгісі келіпті. Жылқының эмоциясын кісінеу арқылы беруін ақын Маралтай Райымбекұлы да жазған екен:

«Тұлпарға мінген Ұлы даланың,

Тарпаң мінезді ұлы боламын...

Тарпаң тұлғалы, кісі бейнелі

Бабалар бүгін түсіме енбейді.

Солардан қалған жүрек қой мынау

Жүрегім, неге, кісінемейді?».

Ақынның мына өлеңін оқып отырып, «қазақтың жылқылары да қазақша кісінейтін шығар» деген ой келді. Дұрыс емес пе, сіз қалай ойлайсыз?!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:233
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 11:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see147

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see145

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see144

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see143

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see143

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see142

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see140

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see140

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see133

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see131

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see130

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see127

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

27 Қазан 2026 14:44see126

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see126

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see124

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see123

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

28 Қазан 2026 12:19see122

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

28 Қазан 2026 14:53see122
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары