Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Аралдың құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жоспары қалай жүзеге асып жатыр

Аралдың құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жоспары қалай жүзеге асып жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әлемдік қауымдастық Аралдың жоғалуын адамзат тарихындағы үлкен экологиялық дағдарыс деп бағалады.

— Арал теңізінің құрғаған ұлтанының көлемі — 6 млн гектар, оның 2,8 млн гектары Қазақстан Республикасына тиесілі. Жыл сайын одан миллиондаған тонна құм мен шаң суармалы егістіктерге, жайылым мен бау-бақшаларға ұшып, өнімділік көлемін түсіреді. Ауыл шаруашылығының жер айналымын азайтып, экологиялық жағдай мен адам денсаулығына теріс әсер етеді. Қоршаған ортаны тұз бен құм көшкінінен сақтайтын бірден-бір амал — теңіз ұлтанына сексеуіл, сарысазан, қарабарақ сияқты галофитті өсімдіктер егу екенін кейінгі ширек ғасырдағы тәжірибе дәлелдеп отыр, — деді басқарма басшысының орынбасары Мәріп Акбар.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

2021-2025 жылдары еліміз бойынша 1 млн 90 мың гектар жерге сексеуіл егілсе, оның 432 мың 500 гектары Сыр өңірінің үлесінде.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

— Өткен жылы облыстық деңгейде 100 мың гектар жоспарланып, толық орындалды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жоспарлаған 328 мың гектардың 318 мың гектарында жоспарды орындады. Қалған 10 мың гектар биыл сәуір айында аяқталады. Шығымдылығы төмен 26 500 гектар алқап облыстық деңгейде толықтырылды. Бұл жұмысты атқару үшін республикалық бюджеттен 2022 жылы 403,1 млн теңге жұмсалды. Одан кейінгі жылдары да облыстық бюджеттен осындай көлемде қаржы бөлініп отырды, — деді басқарма өкілі.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Орман екпелері мен сексеуіл тұқымбағының шығымдылығын облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бақылау комиссиясы назарға алған. Комиссия құрамында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, инспекция және Арал, Қазалы орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары, Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері бар. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы орманды толықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауға жауапты. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен қағидаға сәйкес орман дақылдарының нормалық жерсінуі және сақталуы Сыр өңірінде 30 пайыз мөлшерінде белгіленген. Екпелердің орташа шығымдылығы 26-35 пайыз аралығында.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

— Ғылыми институттар 1 млн 71 мың гектар алқапта топырақ зерттеу және жобалау жұмысын жүргізген болатын. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде сексеуіл өсімдігі құмды бекітіп, топырақ эрозиясын төмендеткені, тұзды шаңның таралуын азайтып, аймақтағы экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал еткені белгілі болды. Бұл өз кезегінде табиғи экожүйенің қалпына келуіне мүмкіндік береді, — деді Мәріп Акбар.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Басқарманың мәліметінше, облыс аумағында 7,3 млн гектар мемлекеттік орман қоры бар, оның 3,9 млн гектары — орманды алқаптар. Орман қоры жерінің 83 пайызында сексеуіл ағашы өсіп тұр.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бұған дейін біз биыл Атырау облысында құм көшкініне қарсы сексеуіл немесе жыңғыл егу жұмыстары жүргізілмейтінін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 16:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары