Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалар қалай жүзеге асып жатыр?

Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалар қалай жүзеге асып жатыр?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік бағытын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төрт отырысы барысында айтқан бастамаларын жүзеге асыру елді трансформациялаудың негізгі тетіктерінің бірі болды. Бастамаларды нақты жүзеге асыру үшін заңнамалық база қамтамасыз етілді, 26 заң қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

Инфрақұрылым игілігі

Өңірлердегі сапалы өзгерістердің негізі – теңгерімсіздіктерді жою және экономикалық жобаларды жүзеге асыру. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларына сәйкес Үкімет көлік дәліздерін дамытуға және инженерлік желілерді жаңғыртуға назар аударды, бұл азаматтардың іскерлік белсенділігі мен тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді.

Президент тапсырмасын орындау аясында «Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз» автомобиль жолының құрылысы басталды. Ұзындығы 896 шақырым бұл жоба орталық өңірлердің Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығуын қамтамасыз етеді. Жалпы құны – 1,1 трлн теңге.

Шағын қалалардың көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасы орындалуда. Қалада ұзақ уақыт бойы тікелей әуе қатынасы болған жоқ, өйткені жергілікті әуе айлағы 1992 жылдан бері жұмыс істемеді. Әуежайды іске қосу үшін ұшу-қону жолағын реконструкциялауға және жаңа терминал салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,5 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Өмір сапасының негізгі факторы тұрғын үй мен энергия ресурстарының қолжетімділігі болып қала береді. 2025 жылы «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы аясында 8,5 мыңнан астам қарыз берілді. (2024 жылдан бастап 16,3 мың қарыз берілді)

Өңірлерді газдандыруға 2024 жылы 112,4 млрд теңге бағытталды, 2 мың шақырымнан астам желі салынды.

«Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры құрылысының мерзімінен 1 жыл 4 ай бұрын аяқталуы энергетика секторындағы маңызды оқиға болды. Оны іске қосу Жетісу облысының 84 елді мекенін табиғи отынмен қамтамасыз етуге және өңірді газдандыру деңгейін 76%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Адами капитал және жаңа идеология

Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы Құрылтайдың II және IV отырыстарында Президент айқындап берген «Адал азамат» тұғырнамасы негізінде жүргізіліп жатыр.

Тәсілдерді жаңарту үшін тәрбие жұмысы трансформацияланды:

●          «Біртұтас тәрбие» бірыңғай бағдарламасы «Адал азамат» бағдарламасына өзгертілді.

●          «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына негізделген бағдарламаның мазмұны білім беру ұйымдарына енгізілді. 110 мыңнан астам педагог білім алды.

Тарихи жадыны сақтауға және зиялы қауымды қолдауға ерекше көңіл бөлініп жатыр. I және II отырыстардың бастамалары жүзеге асырылды:

●          «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы қалпына келтірілді.

●          23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді.

●          Отандық авторлардың «100 кітабының» тізімі жасалды.

●          Астанада Президенттік кітапхананы жобалау жұмыстары басталды (пайдалануға беру – 2027 жыл).

Адал еңбек идеологиясының жалғасында III отырыстың (Атырау) тапсырмасы орындалды: 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Еліміздің марапаттау жүйесіне өндірістік мамандықтардың өкілдері үшін 9 жаңа құрметті атақ енгізілді.

Әлеуметтік инклюзия және білім беру нысандары

«Адал азамат» қағидаты әрбір Қазақстан азаматы үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейді. Мемлекет басшысының IV отырыста берген тапсырмаларын орындау мақсатында Үкімет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы» заң жобасын әзірледі.

Құжат Мәжілістің қарауында. Жоба үш негізгі мәселені шешуге бағыттылған:

●     Ерте анықтау: диагностика мен қолдаудың бірыңғай стандартын енгізу.

●     Цифрландыру: барлық қызметтер әр балаға жеке жоспар құра отырып, «Интеграцияланған модуль» жалпы жүйесі арқылы тағайындалады

●     Сапаны бақылау: психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін ұйымдар үшін лицензиялауды енгізу.

Балалық шақ саласын жүйелі дамыту мақсатында «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді. Құжат төрт негізгі бағытқа негізделген: баланың қауіпсіздікке, білімге, денсаулыққа, әлеуметтік қорғауға және отбасына құқығы. Жоба балалардың құқықтарын қорғауды ретке келтіреді және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын жолға қоюға мүмкіндік береді. Бұл әр балаға тең қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, зорлық-зомбылық пен буллингтің салдарымен күресуден гөрі олардың ерте бастан алдын алуға көмектеседі.

Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады

Осы жұмыс аясында 10 553 білім беру ұйымы қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

Сонымен қатар оқушы орындарының тапшылығын жою бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылы 267 мың орынға арналған 232 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 2025 жылы:

● 112 нысан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынуда.

● 2029 жылға дейін толық жаңарту жүргізілетін 1231 мектептің тізімі анықталды.

● Әртүрлі қаржыландыру көздері есебінен 50 мектеп.

● Қосшы қаласында халықаралық үлгідегі колледж құрылысы пысықталды

Қоғамдық қауіпсіздік және заң үстемдігі

Қоғамның тұрақты дамуының кепілі – «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау. Құрылтайдың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде заңнамалық шаралар пакеті қабылданды:

●     5 біртекті заңды біріктіретін «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» бірыңғай заң қабылданды. Құқық бұзушылықтардың ерте алдын алуға, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге баса назар аударылды.

●     Букмекерлік кеңселердің қызметін реттеуді күшейтетін және лудоманияға қарсы тұруға бағытталған ойын бизнесі мәселелері бойынша заң қабылданды. Вейптерді шығаруға және таратуға толық заңнамалық тыйым салынды.

●     Жауапкершілікті саралайтын заң қабылданды (есірткі жасырумен бірінші рет айналысқандар курьерлер үшін жұмсартылды, өндірушілер үшін қатаңдатылды). Есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр.

●     Сотталған әйелдердің, оның ішінде жүкті және жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеу жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді. Қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер енгізу және кездесу, қоңырау шалу мен сәлемдемелер алу құқығын кеңейту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізбесін кеңейту пысықталды.

●     «Деструктивті діни ағымдар» терминін бекітетін және шетелде теологиялық білім алуды ретке келтіретін түзетулер дайындалды.

Мәдениет, спорт және туризм

Мемлекет басшысының IV отырыс барысында шетелде мәдени қатысу туралы берген тапсырмасына сәйкес Бейжіңде «Қазақстанның мәдени орталығы» ашылды. Мәскеуде осындай орталықты ашу мәселесі пысықталды.

Анимация саласында «Қиял vs қадам» және «Бәйтерек туралы аңыз» фильмдері мемлекеттік қолдауға ие болды. 43 анимациялық шығарма YouTube платформасында жарияланды.

2019 жылдан бері алғаш рет 5 толықметражды мультфильм шықты («Алтын адам», «Желаяқ», «Шоқан. Қашқария сапары», «Адам. Нартәуекел», «Тоқты мен Серке»).

Сонымен қатар тамыз айында Ақтауда «Үркер» Халықаралық қысқаметражды анимация фестивалі өтті, онда «Алтын көл» анимациялық фильмі бас жүлдені еншіледі, сондай-ақ «Тұран» туындысы «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясына ұсынылды.

Тоқаев: Конституциялық реформаның талқылана басталғанына жарты жыл болып қалды

Спорт саласында коммерцияландыру және бюджеттік қаражаттың үлесін қысқарту бағыты жүзеге асырылып жатыр.

Жекешелендірілген футбол клубтары:

●          «Жеңіс» ФК (Астана),

●          «Қайсар» ФК (Қызылорда),

●          «Қызылжар» ФК (Петропавл),

●          «Шахтер» ФК (Қарағанды) жекешелендіру аяқталу сатысында

●          «Ақтөбе» ФК (Ақтөбе),

●          «Елімай» ФК (Семей),

●         «Оқжетпес» ФК (Көкшетау), «Тобыл» ФК (Қостанай), «Тараз» ФК (Тараз) және «Ертіс» ФК (Павлодар) бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

2025 жылы 15 желтоқсанда Көкшетауда құны 13,6 млрд теңге болатын көпфункционалды спорт кешені пайдалануға берілді. Арнаулы мемлекеттік қор есебінен құрылысты қаржыландыру мәселесі пысықталды: жобаның 13,6 млрд теңгені құрайтын жалпы құнының 12,6 млрд теңгесі дәл осы көзден бөлінді.

Жұмыс тобы жаңа Парламентке қатысты мәселелердің барлық қырын қарастырды

Цифрландыру жұмысы

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларына сәйкес Үкімет мемлекеттік басқару мен қаржы секторын ауқымды технологиялық жаңғыртуға кірісті.

●          Ұлттық ЖИ платформасын іске қосу жөніндегі тапсырманы орындау шеңберінде 15 орталық мемлекеттік органда 36 ЖИ-жобасын енгізу жоспары бекітілді. Жаңа құралдар салықтық және кедендік әкімшілендіруді автоматтандырудан бастап көлік саласы мен ғылымдағы аналитикаға дейінгі ауқымды міндеттерді қамтиды.

●          Ұлттық цифрлық мұрағат құру жөніндегі жол картасы бекітілді. Жоба үшін гибридті тәсіл таңдалды: сақтау – отандық деректер орталығында, аналитика – бұлтты сервистер арқылы жүргізіледі. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша жобаны бірыңғай мәдени-білім беру порталына кеңейту туралы шешім қабылданды. «Е-кітапхана», «е-Мұрағат», e-culture және e-museum жүйелерімен интеграция жүргізіліп жатыр.

●          Цифрлық активтердің қауіпсіз айналымын қамтамасыз ету тапсырмасы жүзеге асырылып келеді. Ұлттық Банк озық халықаралық тәжірибені (БАӘ, Еуроодақ) ескеретін заңнамалық түзетулер пакетін әзірледі. Құжат криптоиндустрияны жүйелі реттеуге және елдің қаржы жүйесі үшін тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Қару асынғанға – қарыз жоқ: Сарбаздарға несие беруге неге тыйым салынбақ?

Айбын • Бүгін, 16:48

Көкшетаулық жігіт сауда орталығынан 129 мың теңгенің киімін ұрлап кеткен

Оқиға • Бүгін, 16:27

Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері беріле ме?

Әлем • Бүгін, 16:13

Қаңтар айындағы ҰБТ-дан қанша талапкер шеттетілді?

Білім • Бүгін, 16:02

Air Astana әуе кемелерінде спутниктік интернет пайда болады

Digital • Бүгін, 15:43

ChatGPT әзірлеушісі банкрот алдында: OpenAI 40 млрд доллар шығынға батуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 15:35

«Dara» президенттік бастамалары қорына жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 15:23

Ертең «Қайрат» өз алаңында «Брюггені» қабылдайды

Футбол • Бүгін, 15:16

Теңіз кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 15:12

Атырауда студент қызды шашынан сүйреген әйелдің әрекеті жұртты дүрліктірді

Оқиға • Бүгін, 15:02

Ет экспорты екі есе өседі: Үкімет мал шаруашылығына арналған ірі жоспарды бекітті

Экспорт • Бүгін, 14:44

Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды

Медицина • Бүгін, 14:22

Алматыда Ұлан сарбаздары ант қабылдады

Қоғам • Бүгін, 14:13

Таразда жанжал жиі тіркелетін мейрамханалар анықталды

Аймақтар • Бүгін, 14:00

Тоқаев: Конституциялық реформаның талқылана басталғанына жарты жыл болып қалды

Парламент • Бүгін, 13:47

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 17:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары