Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Арнұр Ысқақов: Бізде инклюзивті мәдениетті қабылдау әлі де толық қалыптаса қойған жоқ

Арнұр Ысқақов: Бізде инклюзивті мәдениетті қабылдау әлі де толық қалыптаса қойған жоқ

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Олар – «Қанаттылар». Құлашын кеңге салып, құшағы құйынды иірген қанаттылар. Бір сахнада әртүрлі қабілет пен ерекшелігі бар жандар бірлесіп өнер көрсететін ұжым. Олардың бірі жүре алмауы мүмкін, бірақ риясыз күле алады; екіншісінің көзі нашар көру мүмкін, бірақ көкірек көзі ояу; келесі бірі анық сөйлей алмауы мүмкін, бірақ көп адамның жүрегіне терең ой сала алатын қабілеті бар... Ең бастысы, олардың бәріне ортақ қасиет сол, бәрі де өнерге құштар. Астана қаласы әкімдігінің «Қанаттылар» инклюзивті театры өз жұмысын бастағанына көп бола қойған жоқ. Қойылымына куә болып қайтқан соң, театр директоры Арнұр Ысқақовтан осы бір ерекше рухты өнер ұжымы туралы сұхбат алған едік.

- Арнұр мырза, «Қанаттылар» театрын ашу туралы идея қайдан келді? Оның жұмысын жүргізуде Сізді не шабыттандырды?

- «Қанаттылар» театрының ашылуына түрткі болған негізгі себеп сол, еліміздегі ерекше азаматтарды өнерге баулып, сондай жандарға тың мүмкіндік беру идеясы. Қазақта мынандай сөз бар емес пе: «Жарлының жайын жарлы білер» деген. Мен ерекше азаматтардың мұң-мұқтажын жақсы түсінемін, білемін, сеземін. Олар да қарапайым жандар сияқты өз ісімен айналысқысы келеді, жұмыс істеп, елге қызмет етсем дейді. Бұл бастама өзімнен бастау алды. Мен қандай дәрежеде, қандай күйде болсам да, мына арбада отырған күннің өзінде өз маңдай теріңмен тапқан нанға не жетсін! Осы ойлар күні-түні мазалап, неге ерекше азаматтарға өз нанын тауып жейтіндей, сонымен қатар өзі ұнататын іспен айналысатындай жағдай жасамасқа деген ой келді. Солай осы театрымыз еңсесін көтерді. Қазіргі таңға дейін біздің театр көрерменге өз есігін бесінші рет ашты. Театрдың жұмысын жүргізу кезінде жанын салып, рөлге кіріп, кәсіби актерлермен пара-пар жұмыс жасап жатқан әріптестерімді көргенде, адамға лық толған залға көз салғанда, кей көрерменнің жанарынан жас көргенде, езуіндегі күлкіге куә болғанда, одан сайын жақсы жұмыс істеуге шабытым оянады. Әрбір көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметі біздің қанатымыздың одан әрі кең жайылуына ықпал етеді. 

- Бәрекелді! Негізі сіздер мемлекеттік мекеме ретінде, Астана қаласының әкімдігі жанынан қайта ашылғандарыңызға көп болған жоқ. Не өзгерді, бұрын қалай еді, енді қалай болмақ?

- Иә, 2024 жылдың 15 қазан күні «Жастар» театрынан бөлініп, жеке театр болып өз егемендігімізді алдық. Осы орайда «Жастар» театрына алғыс айта кеткім келеді. Бізді өз бауырына басып, бір сөзбен айтқанда, енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан театрымызды демеп, жетелеп, осы деңгейге жеткізді. Жалпы театр болып қалыптасқалы бері, штаттық есеп көбейді, әртістер саны артты. Сонымен қатар жауапкершілік еселеніп, өзге өңірлерден гастрольдік шақырулар көбейді. Шынын айтқанда, жеке театр болып қалыптаспай тұрып та бәрі жақсы болған.  Кейін де өз қарқынымызбен жұмыс істеп келеміз. Алда жоспарлар өте көп. Труппа санын арттыру, өзге өңірлерде де ерекше жандарға арналған өнер ордалары мен театрлардың ашылуына ықпал болу деген сынды мақсат-міндеттер тұр. 

- Театр қоржынында неше қойылым бар, шығармашылық ұжым қанша адамнан тұрады?

- Қазіргі таңда театр репертуарында он қойылым бар. Олардың бәрі дерлік сахнада қойылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Ал шығармашылық ұжымға келер болсақ, қазіргі таңда театрда 40-қа жуық актер еңбек етеді. Олардың ішінде:
    •    9 адамның есту қабілеті шектеулі,
    •    5 адам арбада қозғалады,
    •    3 адамның көру қабілеті төмен,
    •    1 адам церебральды сал ауруымен ауырады,
    •    4 адам – жалпы аурулары бар жандар.

Театр ұжымы кәсіби деңгейде жұмыс істейді. Актерлермен бірге хореограф, режиссер, сурдоаудармашы маман және әкімшілік қызметкерлер еңбек етеді. Штаттың 70%-дан астамы – мүмкіндігі шектеулі жандар, бұл театрдың инклюзивті бағытын шынайы айғақтайды. Біздің команда – бұл бірлік пен әртүрліліктің үйлесімі. Нұрфат Вахитов атты режиссер бізбен төрт жыл жұмыс істеп, жұмысты жолға қойса, одан кейін Сүндет Сәрсен деген режиссер тізгінді алды. Көру қабілеті бұзылған Жүзбай Серіков атты автормен бірнеше қойылым қойдық. «Өмір – ғайып», «Екі тағдыр – бір өмір», «Абай-LA», «Алла, бұл кім?» «191 бап» сынды әр қойылымда бір күлдіріп, бір жылата отырып, біз қазақ қоғамын толғандыратын өзекті мәселелерді көтереміз. Сол арқылы көрерменге ой саламыз, баршаны біріктіретін ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейміз.     
 
- Иә, қажырлы еңбектеріңіздің берекесін берсін дейміз.  Ал театр қызметін жүргізудегі қиындықтар қатары қандай, оны еңсеруде не қажет деп санайсыз?

- Инклюзивті театр қызметін жүргізу – ерекше жауапкершілікті талап ететін әрі шынайы жан қалауымен атқарылатын іс. Қиындықтар жоқ емес, бар. Бірақ бірлігі жарасқан ұжым болғандықтан, қандай қиындық болмасын, мойымаймыз. Қазіргі таңда біз үшін негізгі қиындықтардың бірі – ғимарат мәселесі. Инклюзивті театр болғандықтан, бізге арнайы орта, техникалық бейімдеу, сахналық құрал-жабдықтар мен көлік мүмкіндіктері қажет. Әрбір актерға жағдай жасалған орта болса деген  қалауымыз болашаққа деген сеніммен астасып жатыр. Одан кейін мамандар тапшылығы сезіледі. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар актерлермен жұмыс істей алатын режиссёрлер, педагогтар мен психологтар өте аз. Қазіргі таңда ерекше азаматтардың мәртебесі біраз көтерілді, алайда қоғамда инклюзивті мәдениетке деген түсінік пен қабылдау әлі де толық қалыптаса қойған жоқ. Бұл бағытта көп жұмыс жүргізілуі қажет дер едім. 

- Сіздерді мазалаған мәселелер өз шешімін табуға тілектеспіз, Арнұр мырза. Инклюзия форматындағы Орталық Азиядағы алғашқы театр екенсіздер, өзге қандай әріптестермен шығармашылық байланыс құру жоспарда бар? Тәжірибе алмасу да маңызды ғой.

- Алда жоспар өте көп. Иә, біздің «Қанаттылар» театры – инклюзия бағытында жұмыс істейтін Орталық Азиядағы алғашқы шығармашылық ұжымның бірі. Бұл – біз үшін әрі жауапкершілік, әрі үлкен мүмкіндік. Қазір біз Қазақстанның өз ішіндегі өнер ұйымдарымен, мәдени орталықтармен және әлеуметтік жобалармен серіктестік байланыс орнатудамыз. Сондай-ақ алдағы уақытта Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдеріндегі бізге ұқсас инклюзивті ұжымдармен шығармашылық әріптестік құру жоспарда бар. Біздің басты мақсатымыз – тәжірибе алмасу, ортақ қойылымдар қою және инклюзивті мәдениетті аймақтық деңгейде дамыту.

- Ал сіздердегі көрермен контингенті қандай? Мүгедектігі бар жандардың  қойылымды тамашалауға ерекше ықыласты екеніне көрермен ретінде куә болдық. Дегенмен кіріп-шығуына ыңғайлы болуы үшін оларға қолайлы ғимарат керегі сезілді. Әкім Жеңіс Қасымбек жақында бір жиындағы сөзінде Сіздерге жеке ғимарат салып беруді тілге тиек еткенін естідік, оған қатысты жоспарларыңыз қандай?

- Біздің көрерменнің ауқымы өте кең: олардың арасында оқушылар да, студенттер де, өнер сүйер қала тұрғындары да бар. Бірақ расын айту керек, ең ерекше және шынайы көрермендеріміз – мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар біздің әр қойылымды жүрекпен қабылдайды, сол себепті біз әр спектакльді олардың қолжетімділігі мен ыңғайына сай бейімдеуге тырысамыз. Ғимарат мәселесі расында да өте өзекті. Қазіргі таңда театр түрлі мәдени кеңістікте уақытша өнер көрсетіп жүр. Ал жеке, арнайы бейімделген ғимараттың болуы бізге тек шығармашылық тұрғыдан ғана емес, инклюзивті орта қалыптастыру жағынан да жаңа мүмкіндіктер ашар еді. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мырзаның қолдау сөзі бізді шын мәнінде  ынталандырды. Біз бұл бағытта нақты жоспар жасап, жобалық ұсыныстар дайындадық. Қазір тиісті басқармалармен бірге келешектегі ғимараттың инфрақұрылымдық және қолжетімділік талаптарын пысықтап жатырмыз. Біздің арманымыз – барлық адам, оның ішінде мүгедектігі бар көрермен де, өнерпаз да өзін тең, жайлы және шабытты сезінетін мәдени орталық құру.

- Уақыт бөліп, «Қанаттылар» театрының тыныс-тіршілігі, арман-мұраты туралы сұхбат бергеніңізге мың алғыс, Арнұр мырза! «Қанаттылар»  мақсатына жетіп, биікке самғай берсін, қанаты талмасын!

“Қанаттылар” театрының актрисасы Жанар Бақытжанқызы:
 “Бұл театр –  жараланған жүректерді емдейтін орын”

“Қанаттылар” театрында жүргеніме үш жылдан асты. Театр маған қатты ұнайды, өйткені мен бұл жерге тағдыр жолымен келдім. Өмір соқпағым алғашында өзгергенімен, соңында осы жолға қайта оралдым. Бұл театр ұжымына келіп, мен өз ортамды таптым десем де болады. Бұл жер маған өзге қырымнан танылуыма, өзімді жаңаша көруге мүмкіндік берді. Ұжымдағы адамдардың барлығы өте жақсы, мейірбан. Менің ойымша, өмірден қиындық көрген адамдар осы театрға келіп, сынған қанаттарын қайта түзеп, ұшуға мүмкіндік алады. Бұл театр – өмірден жараланған жүректерді емдейтін орын.

Мен адам қандай болса, оны сол қалпында қабылдауға тырысамын. Әр әріптесімнің қабілеті мен қасиетін өзімше түйіп, сол арқылы жұмыс істеуге дағдыланғанмын. Біздің ұжымдағы әр адамды бауырымдай көремін. Кейде бір-бірімізді түсіне алмай қаламыз, бірақ түсінуге тырысамын және түбінде міндетті түрде түсінемін. Қазіргі таңда көптеген спектакльде қосалқы рөлдерді сомдаймын. Бірақ маған ерекше ұнайтыны – «Өмір ғайып» қойылымындағы әже рөлі. Сол рөл менің актерлік қабілетімді ашуға көмектесті. Әр ойнаған сайын, бұл образды тереңірек ашуға тырысып келе жатқаным да сондықтан. 

Менің арманым – театр сахнасында ерекше рөліммен көрерменнің есінде қалу және фестивальдерде «Үздік әйел образы» аталымын иелену. Сол арманыма жеткенше қанатым талмай еңбек етуге дайынмын.

Сұхбатты алған: Алма Сайлауқызы
журналист 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Желтоқсан 2025 12:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see149

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see149

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see147

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see141

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see117

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see116

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see115

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары