Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Арсыздыққа қарсымыз! : Алматыда ЛГБТ насихатына қарсы заң талқыланды

Арсыздыққа қарсымыз! : Алматыда ЛГБТ насихатына қарсы заң талқыланды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы қаласында азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылардың қатысуымен «Ұлтқа балта шабар ЛГБТ ұйымдардың насихатына жол жоқ!» атты баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары ұсынған дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салу туралы заң жобасын қолдау және қоғамды ақпараттандыру.

Баспасөз жиынын қоғам белсендісі әрі құқық қорғаушы Бағила Балтабаева ұйымдастырды. Оның айтуынша, бұл бастамаға қазақстандықтардың басым бөлігі қолдау білдіріп отыр.

«2019 жылдан бері қарай біржынысты қарым-қатынасты қолдаушылар өз белсенділіктерін күшейтіп, түрлі алаңдарда жалауларын көтеріп жүр. Бұл бізді бейжай қалдырмады. Мен қоғам белсендісі әрі ана ретінде мұндай насихатқа қарсы әрекет етуге мәжбүр болдым. Жастардың осындай ұйымдардың жиындарында жүргенін көріп, үнсіз қала алмадым. Сол себепті дәстүрлі емес қатынастарды насихаттауға толық тыйым салу мақсатында петиция жарияладық. Нәтижесінде, 50 мыңнан астам қол жиналып, ұсыныс Үкіметке жеткізілді. Қазір ол Сенаттың қарауында. Мемлекет басшысы қол қойса, заң толық күшіне енеді», – деді Бағила Балтабаева.

Конференцияға белгілі қоғам қайраткерлері мен шығармашыл тұлғалар қатысып, өз пікірлерін білдірді. Олардың арасында жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Марат Тоқашбаев та бар.

«Біз ең алдымен келешек ұрпақ үшін алаңдаймыз. Менің 12-13 немерем бар. Сол балалардың ұлттық болмысқа жат, арсыз дүниелердің ықпалына түскенін қаламаймын. Біржынысты ұйымдар халықтың небәрі 1 пайызын құрайды. Сол азшылық үшін қалған 99 пайыз халық зардап шекпеуге тиіс», – деді ол.

Белсенді, қоғам қайраткері Шолпан Бостанқызы да заңның шығуын қолдап, бұл келешек ұрпақ үшін маңызды түйткіл екенін баса айтты.

«ЛГБТ өкілдері өз құқықтары тапталды деп жиі мәлімдеме жасайды. Бірақ біз олардың жеке өміріне араласып жатқан жоқпыз. Біз тек олардың ашық түрде насихат жүргізуіне, келешек ұрпақтың санасын улауына қарсымыз. Осыны дұрыс түсінген жөн», – деп атап өтті ол.

Жиын барысында қатысушылар әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін де ұсынды. Зерттеулер қазақстандықтардың басым бөлігі дәстүрлі емес қатынастарға қарсы екенін көрсетті. «Қазақстандық қоғамды дамыту институтының» дерегінше, респонденттердің 90,5 пайызы гомосексуалдық қатынастарды өз балаларына қабылдауға дайын емес екенін айтқан. Ал халықаралық зерттеулерде мұндай қатынастардың «ақталу деңгейі» небәрі 2,2 балл болған.

Белсендінің айтуынша, 2020 жылы «Фридрих Эберт қорының» тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде респонденттердің 70%-ы ЛГБТ өкілдерімен көрші болғысы келмейтінін айтқан.

Сонымен қатар «Өркендеуге жәрдемдесудің ұлттық қоры» ҚҚ жүргізген тәуелсіз зерттеу нәтижесі ЛГБТ насихаты балалардың психикасы мен дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін растаған. Жоғарыда аталған әлеуметтік зерттеулердің нәтижесін әлеуметтік желілердегі жазбалар мен пікірлер де растап отыр. Онда «жасөспірімдер мен балаларды дәстүрге жат жыныстық қатынастарды насихаттаудан қорғау» талабын және депутаттардың шешімін қазақстандықтардың басым бөлігі қолдайтыны көрсетілген.

«Өркендеуге жәрдемдесудің ұлттық қорының» дерегінше, респонденттердің көпшілігі ЛГБТ тақырыбы бойынша ақпаратты негізінен әлеуметтік желілерден (63,7%) алады, ал дәстүрлі БАҚ – теледидар, радио және баспа басылымдары екінші орында (42,6%) тұр. Зерттеу есебі уәкілетті органдар мен ҚР Парламентіне жолданған.

Бағила Балтабаеваның айтуынша, заң жобасы сөз бостандығына шектеу емес, қоғам мен жастардың психикалық және рухани денсаулығын қорғауға бағытталған.

«Бұл бастама ұлттың рухани қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Мақсат – біреуді қудалау емес, жастардың санасын теріс насихаттан сақтау, – деді ол жиынды қорытындылай келе.

Дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салу туралы заң жобасы қазіргі таңда Сенат қарауында. Заң қабылданған жағдайда, ол «Бала құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Масс-медиа туралы» және басқа да бірқатар заңғ енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 18:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see146

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see140

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see139

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see138

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see136

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see133

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see129

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see128

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see125

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see125

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see123

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see123

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see120

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see119

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see119

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see117

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see116

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see116

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары