Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Артемида II миссиясы Тынық мұхитына сәтті қонды

Артемида II миссиясы Тынық мұхитына сәтті қонды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

CNBC ақпаратына сүйенген Aikyn.kz бүкіл әлем тағатсыздана бақылаған Айдың көлеңкелі жағына ұшу миссиясының сәтті аяқталғанын хабарлайды.

NASA-ның «Артемида II» миссиясына қатысқан төрт астронавт ғарыштағы он күндік сапардан кейін Жерге аман-есен оралды. Orion капсуласы Жер атмосферасына жоғары жылдамдықпен кіріп, Астана уақыты бойынша сенбіде (11 сәуір) таңғы сағат 5.07-де Оңтүстік Калифорния жағалауына жақын Тынық мұхитына сәтті қонды. 

NASA-ның «Интегрити» деп аталған Orion капсуласы парашюттердің көмегімен жерге жұмсақ түсті. Бұл миссия барысында экипаж адамзат тарихында бұрын-соңды ешкім жетпеген терең ғарышқа барып қайтты. Жалпы ұшу ұзақтығы 1 млн 117 мың 515 шақырымды құрады. Ұшу кезінде кеме екі рет Жер орбитасын айналып өтіп, Айдан шамамен 6 550 км  қашықтықта оның көлеңкелі жағын орап өтті.

Бұл – «Артемида» бағдарламасы аясындағы алғашқы адам мінген сынақ миссиясы болды. Бағдарламаның басты мақсаты – 2028 жылдан бастап астронавттарды Ай бетіне қондыра бастау. Құтқару топтары су бетінде қалқып тұрған капсуланы бекітіп, экипажды шығарып алды. Экипаж құрамында америкалық астронавтар Рид Уайзмен, Виктор Гловер, Кристина Кох және канадалық астронавт Джереми Хансен болды.

Жерге оралу сапардың ең шешуші кезеңінде атмосфераға қайта енген капсуланың сыртқы қабатының температурасы Цельсий бойынша 2760 градусқа дейін жетті. Осы сәтте капсуланы иондалған газдан құралған плазмалық қабық қоршап, бірнеше минутқа радиобайланыс үзілді. Бұл – миссия үшін аса қауіпті кезеңдердің бірі саналады. 

Кейін байланыс қайта орнап, бірнеше парашюттер жүйесі ашылып, капсула жылдамдығын шамамен сағатына 25 шақырымға дейін баяулатып, суға жұмсақ қонды.

«Артемида II» 1 сәуір күні Флоридадағы Канаверал мүйісінен ұшырылған болатын. Осы миссия арқылы астронавтар «Аполлон» бағдарламасынан кейінгі алғашқы рет Ай маңына ұшты. Осылайша Виктор Гловер – Ай миссиясына қатысқан алғашқы қара нәсілді астронавт, Кристина Кох – алғашқы әйел, ал Джереми Хансен – Ай миссиясына қатысқан алғашқы америкалық емес азамат ретінде тарихқа енді. Экипаж сапардың ең алыс нүктесінде Жерден 406 771 км ұзап, 1970 жылғы «Аполлон-13» орнатқан шамамен 399 117 км рекордты жаңартты.

Бұған дейін 2022 жылы пилотсыз «Артемида I» ұшырылған болатын. Бұл жолғы сапар NASA үшін осы онжылдықтың соңына қарай Айға адам қондыру жоспарының шешуші бас дайындығы саналады. Бағдарламаның түпкі мақсаты – Айда ұзақмерзімді адам қатысуын қалыптастырып, кейін оны Марсты игеруге апаратын алғашқы баспалдақ ретінде пайдалану.

Жерге оралу Orion кемесінің жылу қалқаны үшін де аса маңызды сынақ болды. 2022 жылғы сынақ миссиясында бұл жүйе қатты қызған еді. Сондықтан инженерлер «Артемида II» үшін түсу траекториясын өзгертіп, жылу жиналуын азайтуға күш салды. Миссияның сәтті аяқталуы Orion кемесінің Айдан қайту жағдайында да сенімді екенін дәлелдеді. Сонымен бірге бұл Boeing пен Northrop Grumman компаниялары әзірлеген SLS зымыранының адамдарды ғарышқа қауіпсіз жеткізе алатынын да көрсетті.

Төменде Артемида II миссиясының ұшырылуы мен ғарыштағы сапары, қонуы кезіндегі түсірілген ғажап суреттер берілді:

1-ші сәуірдегі Артемида-II миссиясы SLS зымыранымен ұшырылды. Фото habr.com сайтынан алынды. Авторлығы: NASA

Артемида-II миссиясының ішкі құрылымы: Кристина Кох, Виктор Гловер, Джереми Хансен. Ортада отырған – Рид Уайзман. Фото habr.com сайтынан алынды. Авторлығы: NASA

Артемида-II миссиясының ұшу траекториясы. Фото habr.com сайтынан алынды. Авторлығы: NASA

Орион кемесінен түсірілген Жердің суреті. Фото euronews.com сайтынан алынды. Авторлығы: NASA

Жер өте алыстан көрінеді. Фото euronews.com сайтынан алынды. Авторлығы: NASA

Канадалық астронавт Джереми Хансен ұйқыдан тұра салып қырынуда, Орион кемесі, 6-сәуір 2026. Фото nbcnews.com сайтынан алынды. Авторлығы: NASA

Командалық модульдің Калифорния жағалауына бірнеше парашют жүйесінің көмегімен суға жұмсақ қонуы, 11 сәуір Астана уақытымен сағат 05:07. Фото rtvi.com сайтынан алынды. Авторлығы: NASA

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 21:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары