Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Аштықта өткен балалық шақ және соғыс: СҚО да ҰОС батырының есімі берілген мектеп атауы неге өзгеріп кетті?

Аштықта өткен балалық шақ және соғыс: СҚО да ҰОС батырының есімі берілген мектеп атауы неге өзгеріп кетті?

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мектебінің маңдайшасынан көп жыл бұрын берілген Кеңес Одағының Батыры Павел Гончардың есімі алып тасталды.

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мектебінің маңдайшасынан көп жыл бұрын берілген Кеңес Одағының Батыры Павел Гончардың есімі алып тасталды.

Соғыс басталған күн - 22 маусымда Tengrinews.kz редакциясы бұл батырдың тағдыры туралы баяндауды жөн көрді. Оның өмір жолы шынымен де таңғаларлық. Сондай-ақ журналистер оның есімі қалайша мектептен жоғалып кеткенін анықтап, тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін өңір билігі қандай шаралар қабылдап жатқанын зерттеді.

Аштықпен өткен балалық шақ, үш сыныптық білім, колхоз және соғыс

Павел Иванович Гончардың ерлігі туралы әскери мұрағаттар мен тарихи құжаттардан білуге болады. Батырдың немересі Любовь Гуденко бізге атасының өмірбаяны мен ерліктері жазылған, уақыт өте келе сарғайып кеткен бірнеше құжатты тапсырды.

Павел Гончар 1905 жылы Украинаның Чернигов облысы, Смолянка ауылында дүниеге келген. 1907 жылы оның ата-анасы өзге де жерлестерімен бірге "далалық өлкеге" көшуге бел буады, ол кезде егіншілікпен айналысу үшін бос әрі құнарлы жер іздеген шаруаларды қоныстандыру науқаны белсенді жүріп жатқан еді.
Гончар отбасы Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданындағы (қазіргі Шал ақын ауданы) қоныс аударушылар жаңадан іргесін қалаған Семиполка ауылына көшіп барады.

 "Атамның балалық шағы қиын әрі аштықта өтті. Отбасы үлкен болды, тұрмыстары нашар еді. Бірақ отбасының отағасы, менің арғы атам балаларының болашағы жақсы болғанын қалап, оларды оқытуға шешім қабылдаған. Тоғыз жасар Павлик жергілікті бастауыш мектепке берілді. Ол мектепке үш қыс бойы барып оқыды. Оның жалпы білімі осымен аяқталды", – дейді Любовь Гуденко.

Павел 16 жасқа толғанда ата-анасы аштықтан қайтыс болып, ол отбасының асыраушысына айналады. Күнкөріс үшін ауылдағы ауқатты адамдарға жалданып жұмыс істеген. 1927 жылы Семиполка ауылында "Пламя" колхозы құрылып, Гончарлар отбасы да оның құрамына кіреді.

Павел үйленіп, 1935 жылы тракторшы мамандығын оқып алады, көп ұзамай үздік тракторшы ретінде егіс бригадасының бригадирі болады. 1940 жылы ол колхоз төрағасы болып сайланады. Ал содан кейін соғыс басталды.

Павел Иванович Гончар. Фотоны Любовь Гуденко ұсынды

1941 жылдың шілдесінде Павел Гончар Қызыл Армия қатарына шақырылады. Ол Солтүстік Қазақстанда жасақталған 314-атқыштар дивизиясына жіберіледі.

Аңызға айналған 314-дивизия…

Тарихи құжаттар мен ардагерлердің естеліктеріне қарағанда, дивизияның алғашқы құрамының 70 пайыздан астамын Солтүстік Қазақстан облысы аудандары мен Петропавл қаласының тұрғындары құраған. Дивизия құрамына шамамен 11 мың адам алынған, олардың 8,5 мыңнан астамы қатардағы жауынгерлер болған.

1941 жылдың 12 қыркүйегінде сарбаздар Ленинград маңындағы Свирь өзенінің бойына келіп жетіп, бірден фин әскерлерімен шайқасқа кірісті. Фин армиясының мақсаты неміс әскерімен қосылып, Ленинградты қоршаудың екінші шеңберін құру болатын.

314-атқыштар дивизиясының жауынгерлері. Фотосуреттер СҚО, Петропавл қаласындағы мұражайда сақтаулы

Мұрағат деректеріне сүйенсек, дивизия құрамында негізінен кешегі колхозшылар мен жұмысшылар - қолына алғаш рет қару ұстаған, ұрыс көрмеген жандар болған. Ал оларға қарсы жақында ғана ұрыс тәжірибесінен өткен, сонымен қатар жергілікті жерді бес саусағындай білетін кәсіби фин әскерилері тұрды.

"Әдетте бір дивизия 10–12 шақырымдық майдан шебін қорғайды. Ал 314-атқыштар дивизиясы ұзындығы 100 шақырым болатын майданды ұстап тұрды. Қанды шайқастардың салдарынан дивизия көптеген жауынгерінен айырылды: бірқатары қаза тапты, енді біреулері хабар-ошарсыз кетті. Бірақ жау өте алмады! Осы жерде жанқиярлықпен шайқасқан қазақстандық сарбаздар Лодейное Поле қаласын қорғап қалып, фашистердің Ленинградты қоршаудың екінші шеңберін құру жоспарына жол бермеді", – дейді Ленинград облысында қаза тапқан жауынгерлерді іздеу және жерлеу жұмыстарымен көп жылдан бері айналысып келе жатқан "Переправа" іздестіру жасағының командирі Дмитрий Рыполов.

Орасан зор шығынға қарамастан, дивизия Ленинград жері үшін ұрысты жалғастыра берді. Осы шайқастарда Солтүстік Қазақстаннан келген қарапайым колхозшы, 1074-атқыштар полкінің сапері Павел Гончар бірнеше ерлік көрсетті.

Павел Гончардың ерліктері

Марапаттау қағазында былай делінген:

"1942 жылдың 17 сәуірінде Свирь-3 кенті маңындағы шайқас кезінде Павел Гончар миналанған аумақты тазалап жүрген. Сол сәтте ол зақымданған кеңестік Т-34 танкіне жау сарбаздарының жақындап келе жатқанын байқайды. Олар танкті жарып жіберіп, ішіндегі экипажды жоюды көздеген. Павел Иванович танк пен оның ішіндегі жауынгерлерді құтқаруға шешім қабылдайды. Ол жаудың жолын кесіп шығып, дәл көздеген оқпен сегіз фин сарбазын жояды. Соның арқасында танк те, оның экипажы да аман қалады. Кейін жаумен атыса отырып, Павел Гончар өз бөлімшесіне аман-есен оралады".

1942 жылдың 21 сәуірінде жау күшті артиллериялық дайындықтан кейін Свирь-3 ауданында шабуылға шықты.

Одан кейін не болғаны да марапаттау қағазында жазылған:

"Павел Гончар инженерлік жұмыстар жүргізіп жүрген кезде жау әскерінің шабуылға шыққанын бірінші болып байқайды. Фин сарбаздары қорғаныс шебін бұзып өтпек болады. Сол кезде олар зақымданған "КВ" танкін басып алуға тағы да әрекет жасайды. Осы шайқаста Павел Гончар ерекше ерлік көрсетеді. Бұған дейін пулеметпен атып көрмесе де, ол танктің ішінен пулеметті алып шығып, небәрі екі минут ішінде оны қалай оқтап, қолдануды үйренеді. Ондаған жау әскері жақындап келе жатқанда да ол саспайды. Жауды 40 метрге дейін жақындатып алып, оқ жаудыра бастайды. Нәтижесінде шайқас алаңында шамамен 25 жау сарбазы қаза тауып, бірнешеуі жараланады. Осылайша Павел Гончар жаудың шабуылын тоқтатып, танкті жау қолына түсірмейді".

Қарсылас артиллериядан жауап ретінде оқ жаудырды. Снаряд сынықтары Павел Гончардың фуражкасы мен гимнастеркасының бірнеше жерін тесіп өткен.

Ленинград облысында табылды. Суретті 314-атқыштар дивизиясы шайқасқан жерлерде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан отряд жетекшісі Дмитрий Рыполов ұсынды

Сонымен қатар, батальон командирі полк штабына өткел салу кезінде бір топ сарбаздың ерлік көрсеткенін, олардың арасында тағы да аға сержант Павел Гончардың болғанын хабарлады.

"Ленинград қоршауын бұзу кезінде әскердің мұз үстімен қауіпсіз өтуіне мүмкіндік берген өткелді жасауға Павел Гончар да қатысқан. Кейін барлау операцияларына қатысып, саперлердің ерлігі туралы бірнеше рет әскери басшылыққа баянаттар жолданған. 1942 жылдың қыркүйегінде 314-атқыштар дивизиясы Синяв биіктіктері маңына жіберіледі. Сол жерде Павел Гончар жау оғының астында жүріп, 212 неміс минасын залалсыздандырған. 1943 жылдың қаңтарында Ленинград қоршауын бұзу мақсатындағы шабуыл алдында ол басқа сарбаздармен бірге танктер мен жаяу әскер өтетін жолдарды миналанған алқаптардан тазалайды. Алайда қоршауды бұзуға қарсы бағыттан келе жатқан Ленинград майданының жауынгерлерімен кездесуді Павел Иванович көре алмады. Ол шабуыл басталған алғашқы күні-ақ, 1943 жылдың 12 қаңтарында қаза тапқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен "Ленинградты қорғауда көрсеткен батылдығы мен ерлігі, неміс басқыншыларына қарсы күрес майданында қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және осы жолда танытқан қаһармандығы мен ержүректігі үшін" Павел Гончарға қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сондай-ақ ол қаза тапқаннан кейін Ленин орденімен марапатталды.

Құжат Петропавлдағы 314-дивизия мұражайында сақтаулы

"Атам қаза тапқанда әлі 38 жасқа да толмаған еді... Ол Ленинград облысындағы Синявино кентіндегі бауырластар зиратына жерленген. Онда биіктігі бес метрлік ескерткіш орнатылған. Ондағы мемориалдық тақтаға алтын әріптермен атамның да есімі – Павел Иванович Гончар жазылған. Ленинград облысында атама арнайы жеке ескерткіш те қойылған. Ленинград тұрғындары біздің батырларға үлкен құрметпен қарайды. Зираттар мен ескерткіштер үнемі күтіп-бапталады, ол жерлерде әрдайым гүлдер қойылып тұрады", – дейді батырдың немересі Любовь Гуденко.

Павел Гончардың Ленинград облысындағы ескерткіші. Суретті Любовь Гуденко ұсынды

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласындағы көшелердің біріне Павел Гончардың есімі берілген. Сонымен қатар барлық тарихи дереккөздерде батырдың есімі Семиполка ауылындағы мектепке берілгені және сол жерде оның бюсті орнатылғаны көрсетілген.

СҚО, Семиполка ауылындағы мектеп ауласында орнатылған Павел Гончар бюстінің фотосуреттері. Любовь Гуденко ұсынған

"Семиполкадағы мектепке Павел Иванович Гончардың есімі шамамен 1964-65 жылдары берілген болатын, - деп еске алады Любовь Вячеславовна. - Маған мектепте салтанатты жиын өтіп, мектепке батыр есімі берілгені жарияланғанын айтты. Осы оқиғаға байланысты естелік капсула қабырғаға қаланған. Мектеп ғимаратына тақтайша орнатылып, ауласына бюст қойылды. 9 мамырда бюстке гүлдер мен веноктар қойылып, митингілер өткізілетін. Мектепте атамыз туралы материалдар - хаттар, медальдар жинақталған мұражай да бар. Мен осы Семиполкада туып-өстім, мектептің атамның атында екенін өмір бойы біліп келдім".

Есім қайда жоғалды?

Кейін отбасы басқа жаққа көшіп кеткен. Туыстарының бір бөлігі қайтыс болып, енді бір бөлігі ауылдан жан-жаққа қоныс аударғандықтан, туған Семиполкаға сирек баратын болған. Ал шамамен бес жыл бұрын батырдың туыстары мектеп маңдайшасынан Павел Гончардың есімі алып тасталғанын біледі. Бірақ оның қашан және қандай себеппен жоғалып кеткені әзірге белгісіз.

"Мектептің өзіне де, Сергеевкадағы ардагерлер кеңесіне де бардық, бірақ ештеңе түсіндіре алмайды, білім бөліміне сілтейді. Білім басқармасына да, облыстық әкімдікке де бардық. Әрине, тарихи әділдіктің орнағанын қалаймыз. Немере-шөберелеріме не айтамын - апаларыңның батыр атасының атындағы мектеп бар еді, енді есімі жоғалып кетті деймін бе?" - дейді Любовь Гуденко таңданысын жасыра алмай.

Дмитрий Рыполовтың іздестіру отрядының Ленинград облысындағы 314-атқыштар дивизиясы шайқасқан жерден тапқан жәдігерлері

Есім қайта оралады

Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселені анықтауды ұйғарып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ономастикалық жұмыс бөліміне жүгінді.

Ресми органдардың түсіндірмесінен ұққанымыз, мәселе - ауыл мектебіне Павел Гончардың есімін беру туралы құжаттардың сақталмауында болып отыр. Осылайша, бюрократиялық процедуралар батыр есімінің алып тасталуына себеп болған.

Алайда ономастика бөліміндегілер қазіргі уақытта Шал ақын ауданындағы Семипол орта мектебіне Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Павел Иванович Гончардың есімін ресми түрде беру мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын сендірді.

"Мемлекет басшысының ономастика саласындағы жүйелі және орталықтандырылған жұмыс туралы тапсырмаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында бұл жұмыс жоспарлы негізде жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде ономастика мәселелері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен келісілген елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жөніндегі Жол картасы аясында іске асырылып жатыр. Аталған Жол картасы шеңберінде қазіргі уақытта тек атауы жоқ көшелерге есім беру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді мәдениет басқармасы.

Яғни, қазіргі кезеңде мамандар тек көшелермен жұмыс істеп жатыр. Кезекте - басқа да нысандарға атау беру мәселесі тұр.

Ведомствоның түсіндіруінше, нысандарға, елді мекендерге және олардың құрамдас бөліктеріне есім беру немесе қайта атау кезінде жергілікті атқарушы органдар республикалық ономастика комиссиясы бекіткен "Тарихи тұлғалар", "Жер-су атаулары" және "Дәстүрлі атаулар" тізімдерін басшылыққа алады.

"Осыған байланысты мәдениет басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Павел Иванович Гончардың есімін "Тарихи тұлғалар" тізіміне енгізу туралы ұсыныс жолдады. Бұл ұсыныс республикалық ономастика комиссиясы тарапынан қолдау тапты", - деп түйіндеді ведомство өкілдері.

Мектепке батырдың есімі нақты қай уақытта берілетінін ведомство нақтыламады, бірақ тарихи әділдік міндетті түрде орнайтынына кепілдік берді.

Авторы: Елена Бережная

Дайындаған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 11:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары