Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әскер тарланы сайысының жеңімпаздары анықталды

Әскер тарланы сайысының жеңімпаздары анықталды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ведомство басшысы құттықтау сөзінде армияны дамытудың негізгі басымдықтары ретінде ұтқырлықты, технологиялық жаңашылдықты және жеке құрамның қажеттіліктеріне бағдарлануды тілге тиек етті.

Министр қорғаныс саласына ақпараттық технологияларды кеңінен енгізудің маңызын айрықша атап, бұл үдеріс әскери басқару жүйелерін жетілдіруді, құқық тәртібін қамтамасыз етуді, медициналық мониторинг жүргізуді және азаматтарға көрсетілетін сервистік қызметтерді қамтитынын жеткізді.

– Бүгін біз күнделікті қызметімен кәсібиліктің сөзбен емес, нақты іспен өлшенетінін дәлелдеген азаматтарға құрмет көрсетіп отырмыз. «Әскер тарланы» – бұл командирлер сенімінің, қарулас серіктер сыйластығының және отбасылар мақтанышының айқын белгісі. Сіздердің білімдеріңіз бен сабырларыңыз, тәртіпке деген беріктіктеріңіз және жолдастық рухтарыңыз – армияның ең асыл құндылығы. Біздің басты міндетіміз – адал қызмет пен кәсіби дамуға қолайлы жағдай жасау. Әрбір әскери қызметші өзіне жүктелген жауапты міндетті жанқиярлықпен, абыроймен атқарған еңбегі әрдайым еленіп, лайықты бағасын алатынына сенімді болуы керек, – деді қорғаныс министрі.

Кәсіби сайыс қорытындысы бойынша үздік ұшқыш аталымын майор Асхат Тезекбаев (53975 әскери бөлімі) жеңіп алды. Ал «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі 3-дәрежелі капитан Ермекбай Оспанов (29011 әскери бөлім) үздік теңізші атанды.

Арнайы операциялар күштерінің 20030 әскери бөлімінде қызмет ететін аға лейтенант Бақытжан Жайлаубаевтың ерлігі мен батылдығы «Жаужүрек» номинациясымен бағаланды. Ал сержант Андрей Фукске (Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 97638 әскери бөлім) «Әуе қорғаушысы» номинациясы бұйырды.

Жауынгерлік сайыста үздік сержант аталымы 3-сыныпты сержант Жандос Рақымғазыға (18404 әскери бөлімі) берілді. Ал спорттағы жоғары жетістіктері үшін 35950 әскери бөлімінің өкілі капитан Жолдас Сапар «Үздік спортшы» номинациясымен марапатталды.

Құрлық әскерлерінің төрт бірдей маманы кәсіби шеберлігімен жоғары құрметке болды. Үздік артиллерист аталымы аға сержант Данияр Бекжанға (12740 әскери бөлімі) бұйырса, кіші сержант Асхат Тыныштық (25744 әскери бөлімі) жауынгерлік машинаның үздік командирі деп танылды. Ал мергендер арасында ефрейтор Елнұр Көзжан (99116 әскери бөлімі) үздік атанса, сержант Қуандық Ахметқалиев (10810 әскери бөлімі) жауынгерлік машинаның үздік жүргізушісі аталымын иеленді. Сонымен бірге Өскемен қаласындағы әскери лазаретте қызмет атқаратын сержант Анна Голованованың мейірімділігі мен адалдығы «Абзал жан» номинациясымен бағаланды.

Бітімгерлік миссиясындағы үлгілі қызметі үшін Бітімгерлік операциялар орталығының өкілі майор Бахтияр Батталов үздік бітімгер атанды. Ал үздік байланысшы аталымы аға сержант Рүстем Ерденбековке (54380 әскери бөлімі) берілсе, саперлер арасында сержант Сағит Мыңбай (44859 әскери бөлімі) «Қайсар жүрек» аталымымен дараланды.

Бұдан бөлек капитан (54179 әскери бөлімі) Медет Күзембаев Радиоэлектрондық күрес саласындағы үздік маман ретінде танылды. Жедел кезекші аталымын подполковник Артур Мисалим (78639 әскери бөлімі) иеленсе, тылдық қамтамасыз ету саласының үздік маманы номинациясымен кіші сержант Айбек Есенжолов (44293 әскери бөлімі) марапатталды. Ал радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің үздік маманы аталымы сержант Ернұр Тәңірбергенге (22534 әскери бөлімі) табысталды.

Кәсіби сайыс жеңімпаздары қатарында майор Азамат Ашықов (44803 әскери бөлімі) кадр қызметінің үздігі, 12740 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Ренат Қалидолдин тәрбие жұмысы жөніндегі үздік офицер атанды. Ақтау өңірлік гарнизонынан кіші сержант Қыдырғали Әділхан әскери полиция қызметі бойынша үздік деп танылды.

Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі әділет полковнигі Бекзат Асқаров құқық саласындағы үздік маман аталымымен марапатталды. Қаржы қызметі бойынша үздік аталымы подполковник Нұргүл Досымбаеваға (32039 әскери бөлімі) бұйырса, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының өкілі полковник Өркен Дүйсембеков оқытушы мамандығы бойынша үздік деп танылды.

«Мерейлі отбасы» байқауында Әуе қорғанысы күштерінің 54835 әскери бөлімінде қызмет ететін майор Ерлан Шыналиевтің отбасы жеңімпаз атанды.

Ал «Жыл серпілісі» аталымы елордадағы 68665 әскери бөлімінің «Жұлдызды жігіттер» командасына берілді. Бұл өнерлі ұжым 64 команда қатысқан «Қазақстан CUP» лигасында үшінші орын иеленіп, 2026 жылы өтетін жастарға арналған «Жайдарман» ұлттық лигасына жолдама алды.

Сондай-ақ «Жас сарбаз дауысы» номинациясы Мәскеуде өткен «Голос. Дети» шоуының он екінші маусымында үшінші орын иеленген «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзеловаға табысталды.

Іріктеу жұмыстары 27 номинация бойынша жүргізілді. Кәсіби байқау жеңімпаздары дипломдармен, атаулы мүсіншелермен және ақшалай сыйлықақылармен марапатталды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 19:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары