Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Астана, Алматы, Шымкент және барлық облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астана, Алматы, Шымкент және барлық облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Синоптиктер сенбі, 20 маусымда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер сенбі, 20 маусымда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Алматыда күндіз найзағай ойнап, аздаған жаңбыр жауады деп болжанып отыр, жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз батыс пен солтүстікте секундына 15-18 метрге жетеді. Күндіз өңірде 35-36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, ал таулы аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз солтүстікте ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік пен шығыста екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыста 35-36 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар. Өскеменде күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде таулы аудандарда, сондай-ақ күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Күндіз 35-38 градусқа дейін аптап ыстық болады. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз өңірде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз орталықта екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Күндіз өңірде 38-42 градусқа дейін қатты ыстық болады. Батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысында күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35-36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Орталығында, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, орталығында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар облысында күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыста ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде, ал күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Маусым 2026 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары