Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Астана аспаны: Елорда ауаның ластануымен қалай күресіп отыр

Астана аспаны: Елорда ауаның ластануымен қалай күресіп отыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

IQAir есебі: Ауа сапасы күз бен қыс айларында нашарлайды

2021-2025 жылдар аралығында атмосфералық ауа сапасының жоғары деңгейде ластануы бойынша Астана бірінші орынға тұрақтады. Бұл тізімге Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Теміртау, Сәтбаев, Петропавл және Талғар қалалары да кірді.

Бағалау негізі ретінде жылдық атмосфераның ластану индексі алынған. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтеріне сенсек, биылғы жартыжылдықта Астанада ауаның ластану деңгейі өте жоғары болып, №8 бекет ауданында күкіртсутектің стандартты индексі (СИ) 16,3 мәніне жеткен-ді – өте жоғары деңгей.

Инфографика: Kazinform

Астананың ауа құрамындағы негізгі ластаушылар қатарына күкіртсутек, көміртек оксиді, азот оксиді мен диоксиді, озон және шаң-тозаң жатады. Өткен жылы озонның орташа тәуліктік концентрациясы рұқсат етілген шекті деңгейден 3,2 есе асып, ұсақ бөлшекті шаң-тозаң мөлшері 1,8 есеге көбейгені мәлім.

Халықаралық мониторинг деректері де осы қорытындыны толықтай растап отыр. Әсіресе, швейцариялық IQAir компаниясының (БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының технологиялық серіктесі) өткен жылғы есебінде Астана қаласындағы ауа сапасының ең жоғары ластануы күз бен қыс айларында байқалатыны көрсетілген.

Инфографика: Kazinform Астанадағы жағдай және әлемдік тәжірибе

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Астанада көлік саны артқан сайын ауа ластанып жатқанын айтты.

– Қаладағы көлік саны күннен-күнге артып жатқанын назардан тыс қалдыруға болмайды. Жол қозғалысы кезінде бөлінетін көміртегі диоксиді, азот оксидтері және басқа да улы газдар қала ауасының сапасын нашарлатады, – деді сарапшы.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың маусым айында Астанада тіркелген автокөлік саны 468,4 мыңға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға өскен. 2022 жылдан бері автопарктың өсу қарқыны үдеді. Бұл ретте Азаматхан Әміртаев көлік паркінің ескіргенін алға тартты.

– Астананың жолдарында жүрген әр бесінші көліктің шығарындыларын тазарту жүйесі ескірген және олар іс жүзінде автокөлік қалдығына жатады. 20 жылдан асқан автокөліктердің саны 98,7 мыңнан асады, ал 10 жылдан асқандарының үлесі 43,8%-ды құрайды, – дейді спикер.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Осы ретте қаладағы қоғамдық көлік мәселесін естен шығармау қажет. Астанада 9 мың автобус бар. Оның тек 68-і электрмен, 335-і аралас жанармаймен жұмыс істейді. Демек, қос санаттағы автокөліктер жалпы автобус паркінің 1%-ынан да кем. Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ержан Аққазиннің айтуынша, алдағы уақытта LRT жүйесі іске қосылса, жағдай өзгеруі ықтимал.

– Электромобильдердің санын көбейту және LRT жүйесін енгізу арқылы қаладағы көлік шығарындыларын азайтуға болады. Мысалы, АҚШ-та LRT ашылған соң көміртек оксидінің күндік максимумы шамамен 24%-ға төмендеп, кейбір органикалық қосылыстар 60%-ға дейін азайған, – деді профессор.

Әлемдік тәжірибеде көлік шығарындыларын азайтудың тиімді жолдарының бірі – төмен эмиссиялы аймақтар құру. Лондон қаласында 2019 жылдан бері «Өте төмен шығарындылар аймағы» (ULEZ) жүйесі жұмыс істейді.

– Жүйе ескі және экологиялық талаптарға сай емес көліктердің қала орталығына кіруін шектеуді көздейді. Мұндай көліктерден күнделікті айтарлықтай төлем алынады, автокөлік иелерін экологиялық таза көлікке көшуге итермелейді. Қазақстанда осындай жүйені енгізу ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік беруі ықтимал, – деді Ержан Аққазин.

Қаланың биіктігі артып, желдің күші азайған

Сарапшылар қала құрылысындағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылып жатқанына да тоқталды. Салдарынан ауа айналымы азайып, экологиялық зардабын тартып отырмыз.

– Қала тек аумағы бойынша емес, биіктігі жағынан да өсіп жатыр. Бұл жер бетінің кедір-бұдырлығын арттырып, желдің жылдамдығын азайтады. Соның салдарынан ауада жиналған зиянды бөлшектер ұзақ сақталып, тыныс жолдарына көбірек әсер етеді. Астананың ауа сапасын жақсартудың нақты жолдарының бірі – көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру. Жаңа тұрғын үйлер мен ғимараттардың орнына парктер мен скверлер салу қажет, – деді Азаматхан Әміртай.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Климаттық бақылауларға сәйкес, 2000 жылдан бері Астанада желсіз күндердің саны жылына 18 күннен 25 күнге дейін көбейген. Бұл құбылыстың күшеюіне қаланың айналасындағы «жасыл белдеудің» қалыптасуы мен жаппай құрылыс тікелей әсер еткенге ұқсайды.

Азаматхан Әміртайдың айтуынша, орман алқаптарының ауа айналымына әсерін толық бағалау үшін әлі уақыт керек.

– Жасыл белдеу – экология үшін маңызды жоба. Бірақ оның климатқа ұзақмерзімді әсерін бағалау әзірге ерте, себебі ормандардың пайда болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда кез келген жағдайда орман жер бедерін өзгертеді, желдің күшін бәсеңдетеді, – дейді сарапшы.

Сонымен қатар орман жамылғысы қар тоқтату функциясын қоса атқарады, бұл өз кезегінде қыс мезгіліндегі боранды азайтуға көмектесуі мүмкін.

Экология мен энергетика: Газдандыру қалай жүріп жатыр?

Елорданың ауасын ластап отырған тағы бір фактор – жылу электр орталықтары. Әсіресе, жылыту маусымы басталғанда қаланың үстін қаптаған қою тұман мен тұмша – көмір жағудың тікелей салдары. Бұл туралы эколог Азаматхан Әміртай алаңдаушылығын білдіріп отыр.

– Жылыту маусымында басты ластаушы – көмірден шыққан қалдықтар. Бұл адам өмірі үшін өте қауіпті. ЖЭО мен жеке пештердің қалдықтарында көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртсутек, күкірт диоксиді және азот диоксиді бар. Бұл заттар тыныс алу жолдарына айтарлықтай зиян келтіреді, – дейді сарапшы.

Астана қаласының энергетика басқармасының мәліметінше, мәселені шешудің басты жолы – газдандыру. Елордада 24,4 мың жеке үй бар, қазіргі таңда соның 14 мыңнан астамына газ тартылған. Қалған бөлігі жыл соңына дейін көгілдір отынға қосылмақ.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Сонымен қатар «Тұран», «Тельман», «Оңтүстік-Шығыс» жылу электр станциялары мен қала маңындағы бірқатар елді мекенге газ жеткізетін желілердің құрылысы аяқталған. Қалада газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген. Газдандырудың екі кезеңінің құрылысы аяқталды.

Газдандырудың үшінші кезеңі бойынша жұмыстар республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарта отырып, 2024-2026 жылдарға жоспарланған.

Кешенді шаралар мен алдағы міндеттер

Газдандырудың кеңеюімен қатар, елордада атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Экология министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесе отырып, Қазақстан қалаларындағы ауа сапасын жақсарту үшін арнайы жол картасын әзірлегенін хабарлады.

– Қала аумағында атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 16 стационарлық бекет пен автоматтандырылған мониторинг станцияларында тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жүйені жаңғырту мақсатында 2024-2030 жылдарға арналған Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бағдарламасы бекітіліп, атмосфералық ауа сапасын бақылаудың қосымша бекеттері орнатылады, – делінген министрліктің жауабында.

Сонымен қатар 2016 жылы Қазақстан Париж келісімінің бір бөлігі ретінде өзінің ұлттық жоспарын ұсынғанын білеміз. Соған сәйкес 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 15-25%-ға қысқарту міндеті тұр. Бұл бағытта «Жасыл даму» АҚ белсенді жұмыс істеп келеді.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы қоршаған ортаны қорғау ісіне азаматтардың белсенді қатысуына серпін беріп отыр. Кешенді шаралар Астанада атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендетуге де үлес қосады деген үміт басым.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары