Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Мұнайлы өңір байлықтың кепілі емес: Атырауда кедейлікпен қалай күресіп жатыр

Мұнайлы өңір байлықтың кепілі емес: Атырауда кедейлікпен қалай күресіп жатыр

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ChatGPT жасаған сурет

Атырау - Қазақстан экономикасының жүрегі екені мәлім. Мұнай мен газдан түсетін табыс, экспорттық әлеует, өндірістік қуат - бәрі осы өңірден бастау алады. Бірақ ресми деректер мен халықтың күнделікті тіршілігі арасында алшақтық бар. Жалақы өсіп жатыр, бірақ онымен бірге баға, қарыз, алаңдаушылық та артуда. Бұл жай ғана сандар емес, дүкендегі бағаларға қарап күрсінетін тұрғындардың күнделікті болмысы.

Жалақы өсті ме, әлде иллюзия ма?

Статистикада бәрі әдемі: орташа жалақы 585 мың теңге, ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. Бірақ нақты жалақы индексі — минус 1,6%. Яғни, жалақы өскенімен, инфляция оны «жұтып қойған». Халықтың табысы артқандай болғанымен, сатып алу қабілеті төмендеген. Атыраулықтар қағаз жүзінде бай, ал дүкенде — үнемдеуге мәжбүр.

Жан басына шаққандағы орташа табыс 264 961 теңгені құрайды. Бұл тұрғындардың күнделікті шығындарымен шамалас. Жинақ қаражаты жоқ. Азық-түлікке кететін шығын 53%-ға жеткен, яғни әр екінші теңге ас-ауқатқа кетеді. Қалған бөлігі киім-кешекке, қызмет түрлеріне, салықтарға және қарыздарды өтеуге жұмсалады. Қарыз демекші, мемлекеттік кірістер департаментінің дерегіне сәйкес, Атырау облысында көлік салығы бойынша 9 мыңнан астам азаматтың берешегі бар. Бұл жағдай азаматтардың жауапсыздығынан емес, күнделікті өмірдегі басымдықтардың өзгеруінен туындап отыр: алдымен — азық-түлік, кейін — салықтар мен басқа шығындар. Қаржы жинағынсыз өмір сүріп жатқан отбасылар үшін кез келген күтпеген шығын дағдарысқа айналады. 

Өндіріс өсіп жатыр, бірақ құрылыс саласы баяу

Атырау өнеркәсіпте рекорд жаңартып жатыр: өндіріс көлемі 10 триллион теңгеден астам. Ал өндіріс өсіп жатқанда, баспана мен инфрақұрылым артта қалып отыр. Пәтер алу кезектері, тозығы жеткен білім беру нысандары мен балабақшадағы орын тапшылығы - бұл экономикалық өсімнің халықтың өмір сүру сапасына әсер етпейтінін аңғартады. Көрсеткіштер әсерлі болғанымен, қала көркі мен инфрақұрылым ақсап тұр.

Жұмыс орындары ашылып жатыр, бірақ тұрақтылық бар ма?

2025 жылдың II тоқсанында Атырауда жұмыссыздар саны - 18 523 адамды құрады, бұл - жұмыс күшінің 5%-ы. Ал 1 қазанға дейін жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер саны - 21 044 адам, яғни 5,7%, жұмыссыздар саны өскен. Аталған деректер өңірде өндіріс пен инвестициялық жобалар дамып жатқанымен, еңбек нарығы тұрақты қысымға тап болып отырғанын көрсетеді.

Билік жыл соңына дейін 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады дейді. Жастарға арналған үш бағдарлама бар: «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты». Иә, бұл жақсы бастама. Бірақ осы уақытша жұмыс орындары шын мәнінде тұрақты жұмысқа айнала ма, әлде бұл тек есеп беру үшін жасалған сандар ма?

«АЖ» анықтамасы

Еңбек инспекциясына сегіз айда 2 мыңнан астам шағым түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға көп. Жалақы кешіктіріледі, еңбек шарты бұзылады. Қолданыстағы заңнамада айыппұл көзделгенімен, басты мақсат — қызметкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Алайда бұл процесс барысында жұмысшы материалдық шығынмен қатар психологиялық қысымға да ұшырайды. Еңбек кодексі қағаз жүзінде қорғайды, бірақ іс жүзінде көп адам жұмыс берушіге қарсы шығуға қорқады, әсіресе жұмыс уақытша болса.

Мұнай байлығы халыққа жетіп жатыр ма?

Атырау - бай өңір. Бірақ байлықтың шынайы өлшемі - халықтың тұрмысы. Егер адам жалақы алып, оны түгел жұмсап, қарызға кіріп, баспанаға қол жеткізе алмаса - бұл байлық емес, иллюзия.

Кедейлік — тек ақшаның жоқтығы емес. Бұл — таңдау еркіндігінің, сенімділіктің, болашаққа деген үміттің жоқтығы. Адам демалысқа шыға алмаса, емделе алмаса, баласына сапалы білім бере алмаса - ешқандай «орташа жалақы» оны бақуатты ете алмайды. Мұнай байлығы - тек өндірілген тоннамен емес, халықтың өмір сүру деңгейімен өлшенуі керек.

Әзірге бұл — жай сандар ғана.

Гүлжанат ИСАБАЕВА

Бүгін, 13:43

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 13:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары