Астана іргесіндегі елді мекенге газ келді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Ақмола облысының Қоянды ауылында табиғи газ беру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Жобаны QazaqGaz ұлттық компаниясы мен оның еншілес кәсіпорны "QazaqGaz Aimaq" АҚ жүзеге асырды.
"Жалпы ұзындығы 226 км-ден астам газ құбырлары арқылы сағатына шамамен 30 мың м³ газ жеткізіледі, ал жаңа газ реттегіштері бес мың үйді тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді ведомство.
Жыл басынан бері сондай-ақ Нұрлы, Шұбар, Аққайың, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдары және Қосшы қаласы газдандырылды.
Биыл ел бойынша жалпы 94 елді мекен газдандырылмақ, онда 300 мың адам тұрады. Осылайша жыл соңына дейін Қазақстандағы газдандыру деңгейі 63,8%-ға жетеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 17:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















