Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Астана маңына экопарк салатын бес аумақ ұсынылды

Астана маңына экопарк салатын бес аумақ ұсынылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әкімдіктің мәліметінше, 2035 жылға дейінгі Астананың Бас жоспарына сәйкес, қала аумағының жартысынан астамын жасыл желекпен қамтамасыз ету жоспарланған: бұл — жалпы 79,7 мың га аумақтың 42 мың га-сы. Соңғы жылдары қалада жасыл желектерді отырғызу белсенді жүргізіліп келеді, сонымен қатар саябақтар кластері қалыптасуда. Жиналысқа Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері және т. б. қатысты.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Мемлекет басшысының ірі қалалардың маңайындағы аудандарда экопарктер құру туралы тапсырмасына сәйкес, Астананың Бас жоспарына бірнеше ұсыныс әзірленді. Ұсыныстар бойынша үш типтегі экопарктер қарастырылған:

1. Күнделікті рекреациялық парктер — қала шегінде орналасқан тартымды орындар, оларға жету уақыты — 30 минутқа дейін, жыл бойы қолдану мүмкіндігі бар;

2. Демалыс күндеріне арналған парктер — қаланың шекарасында, қала маңында орналасқан, оларға жету уақыты 30-60 минут, отбасылық демалыс аймақтары, визит-орталықтар, тұрғын үйлерді жалға беру қызметтері бар;

3. Ақмола облысының аумағында орналасқан аймақтар — оларға жету уақыты 60-90 минут, экотуризмді дамытуға арналған.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

— Қала шекарасындағы күнделікті рекреациялық экопарктер — ең алдымен «Астана Жасыл белдеуінің» аумағы. Жасыл белдеу жобасы аясында қалыптасқан орман массивтері экологиялық тұрақтылыққа ие және табиғатты қорғау қызметін атқарып келеді. Бұл аумақтарды орман экопаркі ретінде экотроптар, серуендеу маршруттарын, веложолдар ұйымдастыру үшін пайдалану тиімді. Сондай-ақ, қалада кіші Талдыкөлде экопарк құру жоспарланып отыр. Жобаның мақсаты — табиғи ландшафты сақтау және қалалық рекреацияны дамыту. Іске асыру жұмысы басталған: № 5 учаскесі бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңі аяқталуға жақын, кейін № 7 учаскесінде жұмыс ұйымдастырылады, — деді «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ ЖШС бас директоры Руслан Жақыпов.

Екінші тип — демалыс күндеріне арналған парктерге қатысты: қаланың бір бөлігінде, Целиноград ауданында, Майбалық көлі мен контрреттегіш арасындағы учаскеде экопарк құру ұсынылды.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың белсенді дамып жатқанын, тұрғындар саны өсіп келе жатқанын айтып өтті.

— Қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді, экологиялық таза демалыс аймақтарын құру — маңызды міндет. Жыл сайын қалада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз. Қалаға жасыл желектер отырғызуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл сайын 1 миллионға жуық жасыл көшет отырғызылады. Ақмола облысымен бірлесіп, қаладан тыс экопарктер құру және кеңейту бойынша жұмыс жүргіземіз, — деді ол.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аймақ туризмнің барлық түрін дамыту үшін перспективалы екенін атап өтті.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

— Бурабай», «Көкшетау», «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің және Қорғалжын мемлекеттік қорығының болуы демалыс пен бос уақытты пайдалы өткізуге, әсіресе ішкі туристер үшін үлкен мүмкіндік береді. Елдің негізгі курорты «Бурабайға» жыл сайын 1,5 млн адам келеді, оның 60%-ы — астаналықтар, — деді ол.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астананың айналасында экопарктер құру және „Бурабай“ курортын рекреациялық түрде азайту үшін Астана маңында нақты альтернативті аумақтар анықталды. Олар Ақкөл, Аршалы, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласында орналасқан. Қала маңындағы табиғи ресурстардың әртүрлілігі — экологиялық, спорттық және агротуризмді жыл бойы дамыту потенциалын ұсынады», — деді Марат Ахметжанов.

Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский өңірде қолданыстағы демалыс аймақтарын база етіп, экопарктер құруға жақсы перспективалар бар екенін хабарлады. Бұл аймақтар серуендеу, пикник, спорттық және балалар алаңдары, экотроптар, іс-шаралар өткізу алаңдарын ұсынатын әртүрлі форматтарды қамтиды. Сонымен қатар, Целиноград және Аршалы аудандарында үш жаңа экопарк құру жоспарланып отыр.

Бұған дейін Жеңіс Қасымбек биыл елордада 3,6 мың жұмыс орнын ашатын жобалар іске асатынын айтқан болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 01:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары