Астана мен Алматыда 35 градус ыстық болады
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
"Қазгидромет" синоптиктері 28, 29 және 30 шілдеде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
28 шілде күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, құмды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.
29 шілде күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус.
30 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +33...+35 градус аптап болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы28-29 шілде күндері көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +30...+32 градус.
30 шілдеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.
Тағы да аптапБұған дейін "Қазгидромет" 28-30 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жауатынын ескерткен болатын. Сонымен қатар елдің оңтүстігінде +44 градусқа дейін аптап сақталады, ал солтүстікте ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:99
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Шілде 2026 15:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















