Астана тұрғыны көлігіндегі жазулар үшін 10 тәулікке қамауға алынды
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Айбақ-сайбақ жазу басқан автокөліктің видеосын Threads-тегі "Жалобы Астана" парақшасында жарияланды. Көліктің бүтін сыртына, тіпті әйнектеріне де ақ бояумен жазулар түскен. Ол арадан "урод" (ұсқынсыз), "изменщик" (сатқын), "тварь" (хайуан) деген орысша сөздерді кездестіруге болады. Жарияланым авторы бұл екі жастың қарым-қатынасын айшықтайтын шытырман оқиға болуы тиіс деп болжайды.
Көп ұзамай Есіл аудандық полициясы автокөлік иесін анықтағанын мәлімдеді.
"Айналасындағыларға көрініп тұрғандай, балағат әрі нақақ сөздер сипатында қорлау жазулары бар көлікпен жүрген елорда тұрғыны анықталды", делінген полиция хабарламасында.
Мамандандырылған сот ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ бұзақылық) сәйкес, көлік иесін 10 тәулікке қамауға алды.
Бұған дейін Қазақстанда көлік ағынын интеллектуалды деңгейде басқару жүйесі енгізілгелі жатқаны хабарланған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:52
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2026 12:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















