Астанада 11 жастағы ерекше оқушы 280 кітап оқыған
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бүгінде 11 жастағы оқушы 280 кітап оқып, білімге деген қызығушылығы мен табандылығын көрсетіп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Оның кітап әлеміне жасаған алғашқы қадамына аяулы әжесінің еңбегі мен мейірімі себеп болған. Әжесі кішкентай кезінен немересіне кітап оқып беріп, әр шығарманың мазмұнын бірге талқылаған. Осылайша, отбасындағы кітап оқу дәстүрі Амальдің тұрақты әдетіне айналып, бүгінде ол кітаптарды өз еркімен таңдап, қызығушылықпен оқиды.
Оқушы ғылыми-танымдық, энциклопедиялық, дамытушы және көркем әдебиеттерді ұнатады. Әр кітаптан жаңа ақпарат алып, қоршаған әлем туралы білімін толықтыруға тырысады. 280 кітап – оның тұрақты еңбегі, ізденісі және оқуға деген қызығушылығының нәтижесі.
«Кітап оқитын ұлт бір күнде қалыптаспайды. Ол баласына кітап ұсынған ата-анадан, немересіне кітаптың қадірін үйреткен әжеден, оқуға ынталандырған ұстаздан және кітаппен дос болған баладан басталады», – дейді Амальдің әжесі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 10:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















