Астанада автокредит алаяқтығы анықталды: 100 ден астам адам зардап шекті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Елордада қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларына қатысты айыптау үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Қалалық прокуратура мәліметінше, топ мүшелері азаматтарды 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйақы төленетініне сендіріп, автокредит рәсімдеуге көндірген.
Сонымен қатар несие бойынша міндеттемелерді өздері өтейтініне уәде еткен. Алынған автокөліктер заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі Қазақстанның аумағынан тыс жерлерге шығарылған.
Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 100-ден астам азамат жәбірленуші деп танылып, барлығы 165 автокөлік рәсімделген.
Сот үкімімен кінәлілер ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық жасағаны, қаржы пирамидасын құрып, оны жүргізгені әрі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олар 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 14:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















