Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Астанада ДДҰ қолдауымен балалар әл ауқатын арттыруға бағытталған үндеу қабылданды

Астанада ДДҰ қолдауымен балалар әл ауқатын арттыруға бағытталған үндеу қабылданды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Аталған конференцияға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус, ДДҰ-ның Еуропа өңірлік директоры Ханс Клюге, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директорының міндетін атқарушы Октавиан Бивол қатысты.

Форумның жұмысына сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Орталық Азия елдерінің бейінді ведомстволарының басшылары қатысты.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Форумның алаңында 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасының маңыздылығы атап өтілді. Бұл құжат балалардың денсаулығы, қауіпсіздігі, білім алуы және әл-ауқаты мәселелерінде мемлекеттік күш-жігерді біріктіруге бағытталған.

— Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ана мен бала денсаулығын сақтау саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Ана өлімі 6 есеге, нәресте өлімі 7,5 есеге төмендеді. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті. Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша оң серпін көрсетуде: жалпы индекс 71,5-ті құрайды, ал ана мен бала денсаулығы көрсеткіштері бойынша ел өңір көшбасшыларының қатарына кіреді, — делінген хабарламада.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Балалар денсаулығы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады және Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Соңғы жылдары елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесі жаңғыртылды: 366 педиатриялық бөлімше және 370-тен астам даму және ерте араласу орталықтары ашылып, онда 72 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді.

ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директорының міндетін атқарушы Октавиан Бивол барлық секторлардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті:

— Әрбір баланың дені сау болып өсіп, қолдауды сезінуін қалаймыз. Бұл денсаулық сақтау жүйелері, отбасылар мен серіктестер бірлесіп әрекет еткенде және заманауи сын-қатерлерді еңсеруге көмектескенде ғана мүмкін, — деді ол.

Қабылданған шаралар нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: даму бұзылыстарын анықтау 21,5%-ға өсті, үй жағдайындағы балалар өлімі 22%-ға төмендеді, кеш емдеуге жатқызу 5%-ға қысқарды, пренаталдық скринингпен қамту 8%-ға артты, ұрық кемістіктерін анықтау 13%-ға көбейді, туа біткен кемістіктерден болатын нәресте өлімі 15%-ға азайды, бастапқы мүгедектік 7,5%-ға төмендеді.

Балалар денсаулығын сақтау жүйесінде стационарлық көмекті жаңғырту белсенді жүргізілуде: балалар стационарларындағы төсек қоры 38%-ға ұлғайтылды (неонаталдық хирургияда — 20%). Туа біткен кемістіктері бар балалардың өмір сүру көрсеткіші 86%-ға жетті.

Жыл сайын шамамен 2000 ашық жүрекке операция жасалады. 19 инновациялық технологияны енгізу балаларды шетелде емдеуге жіберу санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік берді.

Форумға қатысушылар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардың күшін біріктіру арқылы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің кешенді тәсілінің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Конференцияның негізгі оқиғасы 2026–2030 жылдарға арналған ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің «Салауатты бастау — салауатты өмірдің негізі» стратегиясын іске асыруға Қазақстан мен субөңір елдерінің саяси бейілділігін бекітетін Астана үндеуін қабылдау болды.

Құжат медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, теңсіздіктерді азайту, ата-аналарды қолдау, балаларды зиянды факторлардан қорғау және балалардың шешім қабылдауға қатысуын кеңейту сияқты келісілген шаралар кешенін қамтиды.

Конференцияның шеңберінде жетекші халықаралық сарапшылар ерте балалық шақты дамыту, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру, теңсіздіктерді азайту, сондай-ақ психикалық денсаулық, мектеп ортасы, цифрлық қауіпсіздік және балалардың қатысуы мәселелерін қоса алғанда, қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыру бағыттары бойынша баяндама жасады.

Конференцияны өткізу балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі денсаулық сақтау жүйесінің рөлін күшейтудің маңызды кезеңі болып, өңірлік ынтымақтастықтың жаңа деңгейін айқындады.

Астана үндеуін қабылдау және «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру әрбір баланың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған берік саяси ұстанымды растайды.

Бұған дейін Арал дағдарысы бойынша Орталық Азия елдері денсаулық пен экология бойынша ортақ шешім қабылдағанын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 02:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары