Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Астанада жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша сарапшылар кездесуі өтті

Астанада жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша сарапшылар кездесуі өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Цифрлық трансформация: Қазақстан үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың, стартаптар мен инновациялық компаниялардың өкілдері, жасанды интеллект саласындағы ғалымдар, зерттеушілер, әзірлеушілер мен инженерлер, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты. Жалпы, саны 50-ке жуық адам жиналды.

«Бүгінде цифрлық трансформацияның жекелеген салалардың ғана міндеті емес, мемлекеттік басқарудың, экономиканың және қоғамдық құрылыстың жаңа моделінің негізіне айналғанын нық сеніммен айта аламыз. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрландыру мен жасанды интеллект – жай ғана үрдіс емес, XXI ғасырдағы елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын стратегиялық басымдық. Сондықтан да 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы кездейсоқ емес. Соңғы жылдары еліміз цифрландыру саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанда 202-2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді, «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды, жоғары оқу орындарында жасанды интеллект мамандарын даярлау бағдарламалары енгізілді», – деді ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

Айта кету керек, бұл іс-шара Қазақстандағы цифрландырудың қазіргі жай-күйін талқылау мен талдауға арналған тиімді алаңға айналды. Сарапшылар кездесуі барысында қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында экономиканы және әлеуметтік саланы технологиялық тұрғыда жедел жаңғыртуға, сондай-ақ қоғамдық өмірде жасанды интеллектіні қолданудың табысты тәжірибелерін кеңінен енгізуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.

«Әрбір жаңалықтың артында адам тұрады, оның еңбегі мен білімі біздің болашағымызды қалыптастырады. Бүгінгі күні ең маңызды дағды – құралдарды білу емес, жаңа нәрсені тез меңгере білу», – деді Astana IT University ректоры Альтаир Ахметов.

Өз сөзінде  TechnoWomen  ұйымының басқарма төрайымы, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шужеева бүгінде әйелдерді IT саласына тарту және цифрлық құзыреттерді дамыту мәселелері өзекті болып отырғанын атап өтті. Осындай бастамалардың жарқын үлгілерінің бірі – IT Aiel жобасы.

«IT Aiel – Қазақстандағы технология саласында әйелдерді дамытуға бағытталған ең ауқымды бастамалардың бірі. Жоба әртүрлі бэкграунды бар әйелдерге – үй шаруасындағы әйелдерден бастап кәсіпкерлерге дейін – жаңа цифрлық және AI мамандықтарын игеруге мүмкіндік береді. 2023 жылдан бері 21 мыңнан астам әйел оқудан өтті, олардың 4 мыңнан астамы жасанды интеллект мамандықтары бойынша сертификат алды, ал 1 500-ден астам қатысушы IT саласында және фриланста жұмысқа орналасты», – деді ол.

Сонымен қатар іс-шара аясында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың, Astana халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиеваның, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің жасанды интеллект жобасының техникалық жетекшісі Әліби Жангелдиннің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның AI жөніндегі басқарушы директоры Әлібек Сайланбаевтың, «Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары Анар Төлеубаеваның және  CEREBRA.AI LTD жеке компаниясының бас директоры Арман Оспановтың баяндамалары тыңдалды.

Сараптамалық кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мынадай басым бағыттар бойынша уағдаласты:

– жаһандық және өңірлік деңгейдегі жасанды интеллектінің даму үрдістері бойынша ортақ түсінік қалыптастырып, оларды Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ұлттық цифрлық трансформация стратегияларына бейімдеу;
– технологияларды жауапты пайдалану мақсатында салааралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
– жастар мен азаматтық қоғамның әділ цифрлық тәсілдерді қалыптастыруға қатысуын кеңейту;
– халықаралық ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын айқындау, соның ішінде бірлескен бастамаларды іске қосу және жасанды интеллектіні этикалық тұрғыда енгізу бойынша өңірлік Жол картасын әзірлеу.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:296
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 02:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары