Астанада жедел жәрдем көліктерін жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Астанада жедел медициналық жәрдем станциясында бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
2020-2023 жылдар аралығында жедел жәрдем станциясының бұрынғы директоры, бұрынғы көлік бөлімінің басшысы және бұрынғы бас механик әрі қойма меңгерушісі бюджет қаражатын жымқырған.
"Санитарлық автокөліктерді жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Салдарынан жұмыс істеп тұрған автокөліктердің саны 149-дан 32-ге дейін азайған", - дейді прокурорлар.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 700 млн теңгеден асты. Оның ішінде 440 млн теңгеден астамы сот үкімімен өндірілді. Ал такси қызметтеріне жұмсалған 300 млн теңгені азаматтық сот арқылы өндіру керек.
"Сот үкімімен барлық сотталушы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 9 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді Астана қаласының прокуратурасы.
Олардың әрқайсысы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 00:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















