Астанадағы аңызға айналған нысан: “Қазақстан“ спорт сарайы қашан ашылады?
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астанадағы "Қазақстан" спорт сарайы - аңызға айналған нысан.
Алайда "Барыс" хоккей клубының дүбірлі ойындары мен бассейндердегі мыңдаған бақытты баланың күлкісіне куә болған аренаның жабылғанына бірнеше жыл болды.
Tengrinews.kz редакциясы 2019 жылдан бері елорданың бір кездері басты спорттық нысаны болған кешеннің тағдырын бақылап келеді.
"Қазақстан" спорт сарайы: елорданың басты спорт нысандарының бірінің тарихы"Қазақстан" спорт сарайы 2001 жылы ашылды. Бір шаңырақ астында бес мың көрерменге дейін сыйатын үлкен мұз айдыны, олимпиадалық стандарттағы жүзу бассейні, балалар бассейні, тренажер залы және спорттың басқа түрлеріне арналған залдар орналасты. 2000-жылдары нысан осындай кейіпте болды.
Фото: archvl.kz
2007 жылы кешенге реконструкция жасалды. Бұл "Барыс" хоккей клубының Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетуі үшін қажет болды. 2011 жылы арена қысқы Азия ойындарын да қабылдады.
Фото: archvl.kz
Ал спорт нысанын жабу кезең-кезеңімен жүрді: 2018 жылдың жазында мұндағы бассейн жұмысын тоқтатса, 2019 жылдың көктеміне қарай кешеннің қызметі толықтай тоқтатылды.
Жүргізілген техникалық сараптама жүзу секторының көтергіш конструкциялары апатты жағдайда екенін, сондай-ақ қабырғалар мен шатырдың бұдан былай пайдалануға мүлдем жарамсыздығын көрсетті.
Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының суреті
2021 жылы қала билігі апатты конструкцияларды ішінара бөлшектей отырып, нысанды ауқымды жаңғыртудан өткізетінін жариялады. Сол кезде алғашқы эскиздері де пайда болды. Жаңартудан кейін спорт кешені осындай болуы тиіс еді.
"Қазақстан" спорт сарайын реконструкциялау эскиздері, 2021 жыл. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының суреті
Бастапқыда құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтап, жаңартылған сарайды 2024 жылы ашу жоспарланған болатын. Алайда жоба белгіленген мерзімде жүзеге аспады.
Кейінірек Астана қаласының Құрылыс басқармасы құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2025 жылдың мамырында бастауға уәде берді.
Сонымен қатар желіде болашақ кешеннің жаңа эскиздері пайда болды. Оларды Telegram-арнасында "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жариялады.
2025 жылғы эскиздер бойынша "Қазақстан" спорт кешені реконструкциядан кейін осындай болуы керек. Фото @gosexpertiza_kz
Реконструкцияны 2026 жылдың аяғына қарай аяқтау көзделген еді. Бірақ қазірдің өзінде тамыз болса да, нысан әлі дайын емес. Мерзім тағы да шегерілді.
"Қазақстан" спорт кешенінде қазір не болып жатыр?Жақында біз реконструкцияның қалай жүріп жатқанын білу үшін нысанға бардық.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Оқиға орнына барғанда, қазіргі уақытта ғимарат қаңқасын тұрғызу жұмыстары жалғасып жатқанын көрдік.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Бетон бағандар мен төменгі қабаттардың жабындары дайын. Жоғарғы деңгейлерде қалыптар - сары қалқандар мен тіреуіш конструкциялар орнатылған.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Биіктегі жұмыс қызып жатыр: құрылысшылар бетон құю үшін арматура қаңқасын қолмен тоқып жатыр. Бұл конструкция барынша берік болып, жарылып кетпеуі үшін керек және оған бетон құйылады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Астана қаласының Құрылыс басқармасы редакция сауалына берген жауабында спорт сарайы тарихының жаңа кезеңі 2025 жылдың көктемінде басталғанын айтты.
былтыр сәуірде реконструкциялаудың жаңартылған жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, мамырда жұмысшылар ғимараттың апатты бөліктерін бөлшектеп, жаңа қаңқа тұрғызу үшін алаңды дайындай бастаған.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Шенеуніктер жаңғырту жұмыстары спорт кешенін түбегейлі жаңартатынына сендіреді.
Жоспар бойынша, оның басты ерекшелігі - алты мың орындық трибунасы бар әмбебап мұз айдыны болмақ, онда матчтер мен турнирлерді де, ойын-сауық шоуларын да өткізуге болады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Жоба бойынша басты арена трансформер болады: қажет болған жағдайда оны концерттерге немесе спорттың басқа түрлерінен жарыстарға тез бейімдеуге болады, ал жылжымалы жиналмалы трибуналар тағы бір мың орын қосады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Сонымен қатар, мұнда 10 жолақты, ұзындығы 50 метрлік толыққанды олимпиадалық бассейн, ал жанында шағын балалар бассейні жабдықталады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Кешенді спортшылар мен көрермендерге қажетті қолайлы киім ауыстыру бөлмелері мен басқа да инфрақұрылымы бар тренажер және спорт залдарымен толықтыруға уәде беріп отыр.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Бүгінгі құрылыс алаңына қарап, мұнда айқай-шуға толы трибуналар мен мұз шоуы болады деп елестету қиын - қазір мұнда тек жалаң бетон ғана тұр.
Сондықтан Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының Құрылыс басқармасынан "Қазақстан" спорт сарайының қашан дайын болатынын нақтылады.
"Бүгінде ғимараттың қаңқасын тұрғызу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, нысанның дайындығы - 30 пайыз. Құрылысты 2027 жылдың төртінші тоқсанында аяқтау жоспарланған", - делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта.
Аңызға айналған аренаны қалпына келтіруге нақты қанша қаржы жұмсалып жатқаны белгісіз. Арнайы мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың қайтарылған активтер екені туралы мәлімет бар, алайда қала билігі ресми сауалға берген жауабында нақты соманы сол күйі атамады. Ендігі үміт - осы қаражатқа нысанның құрылысы аяқталады деп сену ғана.
Еске салайық, осыдан үш жыл бұрын Астана әкімі Жеңіс Қасымбек "Қазақстан" спорт кешеніне барып, кезінде танымал болған нысанның бос тұрып қалуына жол бермеуге уәде берген болатын. Ол кезде әкімдік кешенді қайта жаңартуға қосымша қаржыландыру көздерін іздестірген еді.
Фото: Нұрлан Әлжабаев
Мәтін: Ару Сәтбаева
Аударған: Дина Шәріпхан
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 18:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















