Астанадан шығатын көліктер уақытша басқа жолмен жүреді әкімдік
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Астана қаласының әкімдігі Тілендиев даңғылы арқылы қаладан шығатын жүргізушілерге уақытша басқа бағытты пайдалануға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
22–26 шілде аралығында Баршын көшесінен Тілендиев даңғылындағы көлік жолайрығына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бұл аумақта көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
"Қалаға кіру бұрынғы тәртіппен жүзеге асырылады. Ал қаладан шығу уақытша енгізілген қозғалыс сызбасына сәйкес ұйымдастырылады", – деп хабарлады әкімдік.
Жаңа қозғалыс сызбасына сәйкес, қаладан шығатын жүргізушілер Баршын көшесіне бұрылып, одан әрі Сәбит Мұқанов көшесі арқылы айналма жолға шыға алады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 16:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















