Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Астанадан жыл аяғына дейін 1 200 ден астам жас әскерге жөнелтіледі

Астанадан жыл аяғына дейін 1 200 ден астам жас әскерге жөнелтіледі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елордада күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Қыркүйекте шекара қызметі мен десанттық бөлімдер жасақталған еді. Ал қазір механикаландырылған, арнайы жасақ және барлау бөлімдері, артиллериялық құрамалар толықтырылып жатыр. Осыған орай қалалық шақыру комиссиясының отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ratel.kz

Жиынға запастағы полковник, «Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Ғани Артықов пен блогер әрі жаттықтырушы Айтым Жақыпов қатысты. Олар жастарды әскерге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Айтым Жақыповтың айтуынша, әскер – әр жігіт өтуі тиіс өмір мектебі. Ол жастарға бұл кезеңге саналы түрде дайындалу қажеттігін ескертті, әсіресе физикалық дайындықтың маңыздылығына тоқталды.

«Елімізде дайындалуға барлық мүмкіндік бар: фитнес орталықтар, спорт кешендері, клубтар жұмыс істейді. Ең бастысы – шақыру қағазын күтпей, спортпен шұғылдануды ертерек бастау керек. Физикалық форма – жеке денсаулықпен қатар, ел қауіпсіздігіне қосқан үлес. Барлық болашақ сарбаздарға жаттығуға кірісіп, әскерге дайын болуға кеңес беремін. Менің жобама қатысқан жастардың 90%-ы өмірін түбегейлі өзгертті. Көпшілігі марафоншы, жаттықтырушы, тәлімгер атанды. Кейбірі 50-200 келіге дейін салмақ тастады. Бұл тек сыртқы өзгеріс емес, мінездің қалыптасуы. Мұндай адамдар шын мәнінде тәртіпті және физикалық тұрғыдан дайын. Ал бұл әскерге қажетті басты қасиет. Қазіргі бір орында ұзақ отыру өмір салты жас буынның дене белсенділігін төмендетіп, зат алмасуға, жалпы денсаулыққа кері әсерін тигізіп отыр. Армия осының орнын толтырып, негізгі дағдыларды қайта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әскер – бұл абырой үшін емес, Отан алдындағы борыш. Егер сарбаз өзін жақсы қырынан көрсетсе, ол жоғары оқу орнында білімін жалғастырып, кәсіби жолын Қорғаныс министрлігімен бірге жоспарлай алады. Бұл – әлеуметтік лифт», дейді ол.

Ал Ғани Артықовтың айтуынша, қазір елордада шақыру науқанының белсенді кезеңі өтіп жатыр. Ол үшін азаматтар алдымен медициналық комиссиядан өтеді. Онда олардың денсаулығы жіті тексеріледі. Тек толық жарамды деп танылғандар ғана әскер түрлеріне жіберіледі.

«Мәселен, десанттық-шабуыл және арнайы бөлімдерге бойы 170 см-ден жоғары, денсаулығы мен спорттық дайындығы мықты жігіттер іріктеледі. Жақсы жүзетіндер – Әскери-теңіз күштеріне қабылданады. Жоғары білімі бар математиктер мен IT-мамандар әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде жұмыс істеп, зениттік жүйелер мен радарларды басқарады. Бағдарламашылар мен инженерлер ғылыми бөлімшелерге бөлініп, бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйелерді дамытады. Заң факультеттерінің түлектері көбіне Ұлттық ұлан қатарына қабылданады, себебі бұл құрылым құқық қорғау саласына кадр дайындайтын негізгі база саналады», дейді «Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі.

Айта кетейік қарашаның аяғына дейін Ұлттық ұлан мен ТЖМ құтқару бөлімдеріне әскерге алу жалғасады. Бұл құрылымдарға үміткерлерге қойылатын талаптар да жоғары – дене дайындығы мен кәсіби қабілеті қатаң бағаланады. Жалпы, биыл елордадан 1 200-ден астам жас сарбаз әскерге жөнелтіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 20:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары