Атыраудың Солтүстік айналма жолы жыл аяғына дейін жартылай іске қосылады
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Атыраудың Солтүстік айналма жолының алғашқы екі бөлігі биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Қазір құрылыс жұмыстарының 87%-ы орындалған.
Солтүстік айналма жолдың жалпы ұзындығы – 26 шақырым. Құрылыс үш кезеңге бөлінген. Алғашқы екі бөліктің әрқайсысының ұзындығы 11,8 шақырымды құрайды. Олар биыл пайдалануға беріледі. Ал үшінші бөлікті 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Ардақ Қайреденов хабарлағандай, бүгінде құрылыс алаңында 1,1 млн текше метр топырақ төселді. 19,4 шақырым жолға құм-қиыршық тас қоспасы салынып, 10,8 шақырымға асфальт жабынының төменгі қабаты төселген. Жобаның жалпы құны – 28,7 млрд теңге. Бүгінге дейін құрылысқа бөлінген бюджет қаражатының 17,9 млрд теңгесі игерілді.
«Құрылысқа 135 адам мен 71 арнайы техника жұмылдырылған. Жолды белгіленген мерзімде аяқтау үшін қосымша жұмысшылар мен техника тартылып жатыр», - деп атап өтті Қайреденов.
Айта кетейік, солтүстік айналма жолдың құрылысы 2022 жылы басталған. Нысанның іске қосылуы транзиттік көлік ағынын едәуір азайтып, ауыр жүк көліктерін қала көшелерінен айналып өтуге мүмкіндік береді.
Кеше, 17:44
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 11:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















